28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет28/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

«Тарихи білім теориясы» 
жұмысында 
мынадай бөлімдер бар: тарихи деректердің түрлері; деректерді сынау, тарихи 
фактілерді белгілеу; тарихи фактілер арасындағы байланыстарды анықтау, 
тарих ғылымындағы синтетикалық жұмыс және тарихи жалпылау (СПБ, 1913, 
Ч.1.) 
1921 жылы австриялық тарихшы 
Вильгельм Бауэрдың«Тарихты зерттеуге 
кіріспе
» 
кітабы жарық көрді.1928 жылы ол қайта басып шығарылды. Кітаптың 
он екі тарауының алтауы деректерді іздеу, талдау тәсілдерін қарастыруға, 
қосалқы тарихи пәндерді
қолдануға, деректің жеке түрлерін сипаттауға 
арналған. Әр тарауға ғана емес, сондай-ақ жеке параграфтарға берілген 
библиографиялық көрсеткіштер оқырман үшін өте пайдалы. 
1924 жылы
Альфред Федердің «Тарихи әдістер оқулығы
» 
атты кітабы жарыққа 
шықты (үшінші басылым). Оның бірінші бөлімі автордың тарих әдіснамасы 
туралы ойларынан тұрады. Оның көзқарастарын осы кітаптың «Тарихи әдіс 
және сенім» сияқты бөлімінен көруге болады. Бұл бөлім құдай сөзінің қатесіз-
дігі, құдайға сену керектігі, өйткені «құдайдың қателесуі мүмкін емес» туралы 
пікірімен аяқталады. Федер тарихи деректерді 
діни және адамзаттық
деп 
бөледі.Кітаптың қосалқы тарихи пәндер, тарихи деректердің жеке түрлері және 
оларды формальды талдау әдістері туралы материалдар бар бөлімдері назар 
аударарлық. 
Неміс тарихшысы 
Эрих Кайзердің «Тарих ғылымы. Құрылымы мен 
міндеттері» кітабы
1931 жылы жарық көрді. Бұл жұмыстың жалпы сипатына 
әсер етті. Автор тарих ғылымы өзгеріс сәтін бастан кешіріп жатқанын,оның 


26 
алдындағы міндеттер мен ғылыми зерттеу негізделетін теориялық принциптер 
арасындағы алшақтық сезілетінін, бұл теориялық принциптердің жеткіліксіз-
дігін, баяндайды. Кайзер қазіргі кез тарих ғылымының алдына жаңа міндеттер 
қоятынын, оларды осы ғылымның лайықты негізін жасамай, шешуге 
болмайтынын жазады. Автор ұсынған осы тезиске қалайша қарсы шығуға 
болады?
Алайда Кайзердің көзқарастарымен жақын танысу олардың шын мәнін 
ашады.Жұмыста реваншистік идеялар: Версаль бейбіт келісімшартының 
нәтижесінде жоғалтқан беделін, Германияның бұрынғы ұлылығын қайта 
қалпына келтіру қажеттігі, империяның ертеректе күшпен тартып алынған 
бөліктерін, неміс халқын Германиядан тыс тұратын барлық немістермен қайта 
біріктіру идеясы насихатталады. Оның пікірі бойынша, осы міндетті жүзеге 
асыру мүддесіне тарих ғылымы көмектесуі керек. Бұл ой кітаптың тарихи 
деректерді талдауға арналған бөлімдерінен байқалады. Кайзер насихаттаған 
идеялар көбіне өмір кеңістігі және геосаясатта неміс ұлтының үстемдігі туралы 
фашисттік «теорияларды» болжап білді. 
АҚШ-тағы 
Джон 
Гопкинс 
университетінің 
профессоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет