28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


туралы ғылыми негізделген, біртұтас ілім жасады



Pdf көрінісі
бет27/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

туралы ғылыми негізделген, біртұтас ілім жасады.
Оның негізіне ол 
феноменологиялық 
философия мектебінің идеяларын алды. Гуманитарлық 
танымның субъективтілігі жөніндегі жаңакантшылдардың идеясын мойындай 
отырып, феноменологизм ғылыми-гуманитарлық зерттеудің объективтілігі 
туралы тұжырымдаманы ұсынды, оны 
танитын субъект пен нақты 
объектінің өзара әрекетінің нәтижесі
деп есептеді. Тарихи танымның 
мұндай схемасында, процесс барысында тарихшы өткенді оның қалдықтары – 
деректер бойынша зерттейді (олармен өзара әрекеттеседі),тарихи дерек дербес 
ғылыми объекті мәніне ие болып, өзіндік тәуелсіз әдіснаманы талап етеді. Оны 


25 
жасау А.С.Лаппо-Данилевскийдің негізгі қызметі болды. Ол 
деректанудың 
дербес әдіснамасы мен әдістемесінің
негізін салды. 
Тарихи деректер туралы өз ілімінің негізгі қағидаларын А.С.Лаппо-
Данилевский 
«Тарих әдіснамасы» 
деген еңбегінде жүйелі түрде баяндады. 
Кітапта тарихи дерек туралы түсінік, деректерді жіктеу қарастырылған
олардың мәні, деректерді сынау мен түсіндірудің негізгі әдістері сипатталады. 
Ол
деректану әдіснамасын 
нақты-тарихи зерттеу әдістерімен тығыз 
байланыста 
баяндайды. 
А.С.Лаппо-Данилевскийдің 
әдіснамалық 
тұжырымының маңызды жағы – дерекке біртұтас әлеуметтік-мәдени бағытты 
бекітті.
А.С.Лаппо-Данилевскийдің теориялық-әдіснамалық ілімі орыс және еуропалық 
ғылыми-тарихи ой шыңдарының бірі болды. Ол орыс және кеңес тарих 
ғылымының одан әрі дамуына зор ықпал етті. Кеңес уақытында А.С.Лаппо-
Данилевскийдің пікірлестері, ізбасарлары мен шәкірттері оның идеяларын одан 
әрі дамытты. Бұл жерде А.Е.Пресняковтың, А.А.Шахматовтың, С.Н.Валктың, 
А.И.Андреевтің, И.М.Гревстің жәнеГ.В.Вернадскийдің жұмыстары үлкен рөл 
атқарды. Кеңес тарих ғылымының шығармашылық қорына позитивті 
деректанулық әдістеменің үздік жетістіктері енді. 
Батыс Еуропаның жаңа замандағы тарихын зерттеуге арналған 
Н.И. Кареевтің
еңбектерінде Ұлы француз буржуазиялық революциясы кезінде және одан 
кейін пайда болған тарихи деректердің сипаттамасы беріледі, оларды талдау 
тәсілдері қарастырылады. Оның, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет