қозғаушы күші деп есептеген
марксистік-лениндік әдіснама маңызды ықпал
жасады. Кеңес кезеңінің алғашқы жартысы (20-50-шы жылдар) оның қалыптасу
және нығаю кезеңі болды. Бұған қатарлас жаңа зерттеу әдіснамасы жасалынды,
оған алдыңғы ғылым жасағанның таңдаулыларын меңгеру кірді. Бұл процесте
А.В.Шестаковтың, Г.П.Саардың және С.Н. Быковскийдің жұмыстары елеулі
рөл атқарды. Алайда деректанудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік
негіздерін нағыз, ғылыми-жүйелі құрастыру тек 50-80-шы жылдары жүзеге
асырылды. Кеңес деректануының біртұтас теориялық-әдіснамалық тұжы-
рымдамасын
жасауға
осы
кезеңде
М.Н.Тихомиров, Л.В.Черепнин, И.Д.Ковальченко, Д.Каштанов, А.А.Курносов, В.В.Фарсобин, А.П.Пронштейн, С.О.Шмидт және бірқатар басқа зерттеушілер үлес қосты.
Кеңес деректанушыларыныңтеориялық ізденулерінің өте маңызды нәтижесі
деректанудың дербестігі туралы іргелі қағидалары болды. Ол,
біріншіден ,
деректі уақыт шындығымен байланыстырып, тарихи құбылыс ретінде
қарастырады,
екіншіден субъектінің
– тарихшының
деректі
тану
диалектикасын ашады. Теориялық-әдіснамалық деректанудың пәніне
тарихи деректердің және олардың кейбір топтарының жалпы қасиеттерін анықтау, оларды зерттеу және өңдеу әдістері кіргізіледі.
Кеңес деректануының теориясы келесі проблемаларды:
тарихи деректің әлеуметтік және ақпараттық табиғатын , деректе әлеуметтік шындықтың көрініс табу заңдылықтарын