28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


* Орта ғасырдың аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі, Жүсіп



Pdf көрінісі
бет92/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

*
Орта ғасырдың аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі,
Жүсіп 
Баласағұнның "Құтадғу білік
" (Құтты білім) деген еңбегі, Қарахан хандығы 
дәуірінде (1070 ж.) жазылды. Бұл – қазақстан мен Орта Азияның түркі тілдес 
халықтарының азаматтық әдебиетінің аса бағалы ескерткіші. Онда ақын 
заманындағы өмір шындығы, белгілі әлеуметтік топтардың қоғамдық санасы 
мен саяси концепциясы өзіндік ерекшеліктерімен суреттелген. 
Құтадғу білік – қоғамдық – саяси өмірдің шиеленісуі нәтижесінде Қарахан 
мемлекетінің орталық өкіметі нәтижесінде Қарахан мемлекетінің орталық 
өкіметі әлсіреп, елге ыдырау қаупі төнген кезеңде, «мемлекетті қалай басқару 
керек, оның ішкі және сыртқы тәртібін сақтап отыру үшін қандай саясат 
жүргізу қажет, қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым - қатынас қандай болу 
керек?» деген сұрақтарға жауап ретінде жазылған шығарма. 
Құтадғу білікті жан – жақты зерттеп, оны басқа тілдерге аударма жасау 
саласында келелі жұмыс атқарған адам – академик В.В.Радлов. Ол осы 
шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жиырма жыл (1890–1910) 
шұғылданған. 
Оны тарих, әдебиеттану, тілі білімі тұрғысынан зерттеугеВ.В.Радловтан басқа 
да көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты. 
Жүсіп Баласағұнныңшығармасының Қазақстан тарихы ғылымындағы мәні ерекше 
зор. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру – 
тайпаларың ежелгі дәуірдегі шаруашылық – тіршілігін, қоғамдық өмірін, 
мәдениетін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті тарихи дерек болып табылады [12, 
616 б]. 
*
Түркі тілдес қыпшақтардың ортағасыр тарихының құнды жазба деректерінің 
бірі –
«Диуани луғат ат-түрк
». (Түркі сөздерінің жинағы). Еңбек –ХІ ғасырда, 
Қарахан дәуірінде жазылған мұра, оның авторы – Қарахан әулетінен шыққан 
түркі ғалымы Махмұд Қашқари (1029–138 жылдар арасында Қашқарда туған
өлген жылы белгісіз), толық аты – Махмұд ибн ул - Хусаин ибн Мұхаммед ал - 
Қашқари. 
Махмұд Қашқаридің өзі айтуынша, бұл еңбекті жазудан бұрын ол түріктердің 
барлық елі мен даласын түгел аралап шыққан. «диуани луғат ат – түркте» 
қамтылған сөздер түгелдей түркі тілдеріне тән сөздер. Ол сөздердің түсінігін 
Махмұд Қашқари араб тілінде жазған. 
Кітапта қамтылған материалдары академик А.Н.Кононов бес салаға бөліп 
қараған. Олар: 1. белгілі бір тайпа тәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры; 2. түркі 


81 
тайпаларының мекен-қоныстары жайындағы мәліметтер; 3. түркі тілдерін 
топтастыру; 4. түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 5. 
Түріктердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы және фольклоры 
жайындағы мәліметтер. 
Махмұд еңбегін тек сөздік қана деп ұсынуға болмайды. Онда жеке сөздермен 
қатар ХІ ғасырда Орта Азия мен Қазақстан территориясы мекендеген халықтар 
тарихының құнды деректері мейлінше мол. Кітап алғашқы рет 1914 жылы түрік 
ғалымы Али Амири қолына түскен, ал Қиласали Рифат қолжазба көшірмесін 
1915 жылы 1–2 кітап, 1917 жылы 3 кітап етіп Стамбұлда бастырып шығарған. 
СөздікҚазақстанда 1993 жылы жарық көрді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет