135
Ал тарихи деректің пайда болуы сол рухани ортаға тығыз байланысты.
Жасыратыны жоқ осы күнге дейін Қазақстан тарихына байланысты көптеген
деректер орыстың әлеуметтік-мәдени ықпалында жазылып келеді.
Соның кері
әсерін осы күнге дейін сезініп келеміз. Бөтен мәдениеттің лебі әсіресе саяси,
публицистикалық шығармаларда жиі кездеседі. Оның әсері ғылымда да бар.
Әсересе, қоғамдық ғылымдар басым мәдениеттің шырмауынан шыға алмайды.
Үнді елінің данышпан тұлғасы Д.Неру «елдің тарихын сол елді басып
алушылар жазады, немесе тарихи концепцияларда басып алушылардың пікіріне
басымдылық бері-леді деген екен.Белгілі бір елдің
тарихи жағдайы сол елде
пайда болғандеректің мазмұнына әсерін тигізбей қоймайды.Көбіне мүндай
жағдай құжаттың әлеуметтік-мәдени
функциясына байланысты.Өйткені құжат
сол ортаның сұранысына қарай пайда болады да соның мүддесін көздейді.
Міне, кез келген құжатты талдамас бұрын, мына
төмендегі сұрақтарға жауап
іздеу қажет:
1.Құжаттың пайда болған уақыты?
2.Оның пайда болуы қандай уақиғаға байланысты?
3.Жазылу мақсаты?
4.Оның пайда болуына әсер еткен жағдай?
5.Мәтінде кездесетін кейбір сөздер мен сөз тіркестерінің мағанасы?
6.Құжаттың өз кезіндегі маңызы? жазбаша деректің заманын толық талдау
оның мазмұнын түсінуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: