32
М., 1968; соныкі. Автор кеңес дәуіріндегі КСРО тарихын зерттеуге қажет
жазбаша деректердің негізгі түрлері деп есептейді:
1) В. И. Лениннің шығармалары;
2) Кеңес Одағының Коммунистік партиясының құжаттары;
3) Кеңес үкіметінің заң актілері және қаулылар;
4) КСРО халық шаруашылығын жоспарлау материалдары;
5) статистикалық деректер;
6)еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары (кеңестік, кәсіподақ,кооперативтік,
комсомоль және т.б.) құжаттарының негізгі түрлері;
7) мерзімді басылым және публицистика, үндеулер мен жолдаулар;
8) мемуарлар;
9) халықаралық келісімшарттар және дипломатикалық хаттар.
М.Н. Черноморский кітаптың кіріспесінде деректанудың бірқатар жалпы
теориялық сұрақтарын қояды, олардың кеңес қоғамы тарихы деректануына
қатысты ерекшеліктерін анықтайды, кеңес кезеңіндегі деректанудың дамуына
үлес қосқан, өзінің алдындағылардың еңбектерін атап өтеді.
1967 жылы жарияланған
М.А. Варшавчиктің
кітабы Кеңес Одағы Коммунистік
партиясы тарихының деректануына арналған. Автор өз шығармасын тарихи-
партиялық деректануға кіріспе ретінде қарастырады. КОКП-ның тарихын
зерттейтін көптеген деректерді ол келесі топтарға бөледі:
1) ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылардың – К. Маркс, Ф. Энгельс және
В.И. Лениннің шығармалары;
2) партиялық органдар мен партиялық ұйымдардың құжаттары;
3) кеңес мемлекеттік органдарының және еңбекшілердің қоғамдық
ұйымдарының құжаттары;
4) Коммунистік партия және Кеңес мемлекеті қайраткерлерінің шығармалары;
5) партиялық және кеңестік басылымдар (мерзімді және мерзімді емес);
6)революциялық қозғалыс және социалистік құрылыс қатысушыларының
естеліктері;
7) халықаралық жұмысшылар және коммунистік қозғалыстар материалдары;
8) нақты әлеуметтік зерттеу мәліметтері;
9) кино- фото- фоно- құжаттар;
10)
билік
органдары,
ұйымдары
және
т.б.
материалдары.
(Қа-
раңыз:М.А.Варшавчик.Предмет и задачи источниковедения истории КПСС. М.,
1967.). М.А. Варшавчиктің кітабы жарыққа шыққанға дейін, «КОКП
тарихының сұрақтары» журналының беттеріндеоның «КОКП тарихы
деректануының кейбір сұрақтары туралы» мақаласы жарық көрді, осы
мақаланы талқылау деректанудың бірқатар түбегейлі сұрақтарын қоюға жағдай
жасады (Қараңыз: «Вопросы истории КПСС», 1962, № 4, 5, 6;1963, №1,2, 3,5.).
Кеңес деректануының дамуында
Достарыңызбен бөлісу: