28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


И. М. Беленький и М. К. Макаров



Pdf көрінісі
бет40/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

И. М. Беленький и М. К. Макаров
. Библиография источниковедческих работ 
1956–1963 гг. Сб.: «Источниковедение истории советского общества». М., 1964, 
стр. 343–374;
И.Л. 
Беленький, 
В.М.Моргайло, 
А.С.Покровский

Библиография 
источниковедческих работ 1964–1967 гг. Сб. «Источниковедение истории 
советского общества». Вып. П. М., 1968, стр. 454–505. С. М. 
Каштанов.
Источниковедение. Очерки истории исторической науки, т. 2, стр. 575–594; т. 3, 
стр. 565–577. М., 1963, 1964.). 
Социалистік елдер тарихшыларының деректану мәселелерін зерттеуге 
қызығушылығы едәуір артты. Мысал ретінде Герман Демократиялық 
Республикасында жарияланған жұмыстарды келтіруге болады. 1949 
жылыРосток университетінің профессоры 
В. Эккерманның «Жаңа тарих 
ғылымы. Оны зерттеуге кіріспе» 
кітабы шықты. Бұл құралда тарих 
ғылымының рөлі мен міндеттерін анықтауға, қоғамдық даму заңдылықтарын 
талдауға, Риккерт пен Эл. Мейераидан бастап фашисттік тарихшыларға дейінгі 
тарихшылардыңреакциялық, идеалистік көзқарастарын әшкерелеуге көп назар 
аударылған. Деректерді жіктеу, деректерді сынау сияқты деректану 
теориясының сұрақтарын автор жан-жақты қарастырады. 
1959 жылы ГДР «Отандық тарихқа кіріспе» ұжымдық еңбегі жарияланды. 
Оның жеке бөлімдерін мұражайлардың, педагогикалық институттардың, 
университеттердің, мұрағаттардың, кітапханалардың және т.б. қызметкерлері 
жазған. Алғашқы үш тарау отан тарихын зерттеудің теориялық және 


34 
әдістемелік негіздерін ашуға арналған. Арнайы бөлім деректерді жариялау 
ерекшеліктерін ашып көрсетеді. 
1966 жылы
В. Эккерман және Г. Мор«Тарихты зерттеуге кіріспе» 
деген 
іргелі зерттеу шығарды. Ол жоғары білікті мамандардан, ЖОО профессорлары 
мен оқытушылардан, мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар ғылыми 
қызметкерлерінен құралған үлкен ұжым еңбегінің нәтижесі болды. Кітап 
авторлары алдарына «студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, 
оларды ғылыми жұмысқа даярлаумақсатында деректану мен қосалқы тарихи 
пәндердің жалпы мәселелерін» ашып көрсету міндетін қойды. Деректерді 
талдауға арналған тарау, жалпы кітап сияқты марксистік бағдар тұрғысынан 
жазылған. Ол мұқият құрастырылған әдебиеттер тізімінен және түрлі 
көрсеткіштерден тұрады. 
Қазақстанда деректанудың теориялық мәселелері іс жүзінде қарастырылған 
жоқ. Соңғы уақытта әл-Фараби атындағы ҰлттықУниверситеттің деректану 
және тарихнама кафедрасының меңгерушісіқызметін атқарған, бүгінде марқұм 
болған
Қамбар Атабаев 
табысты жұмыс жүргізді. Ол конференцияларда, 
мерзімді басылым беттерінде сөз сөйлеп, тарихи деректерді іздеу, анықтау және 
зерттеу әдістерін түбегейлі зерттеуге шақырды. Ол 2001 жылы жазған оқулық 
бүгінгі күні библиографиялық сирек кездесетін затқа айналды.
Әдебиеттер мен деректану мәселелерінің зерттелу жағдайына қысқаша шолу 
осындай болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет