28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ТОПТАУ



Pdf көрінісі
бет41/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

4.ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ ТОПТАУ 
Жоспары
1.Деректерді жүйелеу. 
2.Топтау түсінігі мен принциптері. 
3. Қазақ тарихы деректерін жіктеу. 
1. Деректерді жүйелеу 
Тарихи деректердің түрі жағынын да мазмұны жағынан да ақпарат алу 
мүмкіндігі жағынан да, оның объективтілігі мен субъективтілігі жағынанда 
әрқилы болатындығы баршамызға белгілі. Сондықтан зерттеуші жинақталған 
материалдарын ретке келтіріп алып, олдарды талдау әрекеттерін бастайды. Бұл 
жұмыс терең біліктілікті, қажырлы еңбекті әрі көп уақытты қажет етеді. 
Деректердіретке келтірудің екіжолы бар. Бірін жүйелеу(систематизация) деп, 
екіншісін топтау(классификация) деп атаймыз. 
Тарихи деректерді жүйелеу 
дегеніміз әр текті деректерді осы ғылымның мәнсіз бір белгілеріне қарай 
жіктеу.
 
Жүйелеудің қызметтік (служебный),қосалқы (вспомогательный),техникалық 
(технический) сияқты бірнеше түрлері болады. Осы әрекетті іске асыру 


35 
барысындахронологиялық аумақтық (региональный), этникалық,проблемалық 
және тұлғалық (персональный) принциптерді есте ұстаған абзал. 
1. 
Хронологиялық
дегеніміз жүйелеу барысында деректің пайда болған 
уақытын ескеру(антикалық ортағасырлық,жаңа немесе қазіргі заманға жататын 
деректер). 
2
.
Аумақтық
Қостанай облсының тарихына байланысты деректер. 
3. 
Этникалық
(татар халқының этникалық тарихы, Америка жергілікті 
тайпаларының отаршылдыққа қарсы күресі). 
4. 
Проблемалық
(қазақ-қытай қатнастары,екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 
Қазақстан тарихы жөніндегі деректер). 
5. 
Белгілі бір тұлғаға байланыстыдеректер
(Аблай ханның мәмілегерлік 
саясаты, Бекмахановтың тарихи көзқарасы.). 
Көбіне деректерді бірнеше белгілеріне қарай да жүйелеуге болады. Мысалы: 
«Қазақстан тарихының деректері» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет