Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге нұсқау
Тәжірибе көрсеткендей-ақ, дарынды баламен мұғалімнің өзара әрекет етуіндегі өте тиімді бір әдіс - баланың материалмен өзіндік жұмыс істеуіне басты мән бере отырып, жеке-дара сабақтар ұйымдастыру. Пән-мұғаліміне жұмыста қажеттісі:
Баланың өзінің білім дәрежесіне орай, бейімділігне орай (гуманитарлы, математикалық, жаратылыстану-ғылыми, музыкалық тағы басқа) және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.
Қиын әрі шатасқан сұрақтар бойынша кеңес беру тақырыптарын анықтау.
Белгілі бір уақыт аралығында пән бойынша баладан есеп формасын таңдау (тест, сұрақтар тағы басқа)
Мұғалім өте қайырымды, әрі зерек болуы тиіс. Баланың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оның шығармашылық және өнімді ойлауын құптап, таңдаған тақырыбын терең қайта өңдеу керек.