№3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата24.12.2016
өлшемі10,49 Mb.
#353
1   2   3   4   5   6

Мұрат БЕКЕЙ,

                                 Қазақстан Жазушылар 

одағының мүшесі, ақын.

Жапалақ емеспін мен жалбақтаған,

Қыранмын екі көзі қан қаптаған.

Мұқағали.

Gazeta.zhgu@mail.ru


Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 11 ақпан, 

2016 жыл

СЕНІҢ ЗАМАНДАСЫҢ

ӨТКЕН КҮННЕН БІР БЕЛГІ

Сағыныш сазы

  

тербетіп



ТОЛҚЫНДЫ ТОЛҚЫН ҚУАДЫ

Мен  әкемді  ұмытқан  жоқпын  (ол  кісіге 

солай  еркелейтінмін).Ұмыта  да  алмаспын. 

Уақыт өткен сайын оның  тұлғасы зорайып, 

асқақтай  түсуде.  «Қарасаз,  қара  шалғын 

өлеңде  туып  өскен»  Мұқағалидың  тірі 

бейнесі әлі күнге менің көз алдымнан кетер 

емес. 1975 жылдары мен 6-7 жастағы бала-

мын.  Әкем  Бектұрсын  ауылдағы  алғашқы 

темір  тұлпардың  тізгінін  ұстағандардың 

бірі  болатын.  Ол  кісі  мектептің  машина-

сын  айдайтын.  Шешем  мектепте  қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  еді.  Әкем 

мені  ерекше  жақсы  көретін.  Өйткені,  бес 

қыздан  кейін  дүниеге  келген  ұл  болғасын 

ба,  қасынан  бір  елі  тастамайтын.  Ол 

бастықтардың шопыры болса, мен де оның 

«кіші  бастығы»  болып  бірге  жүрдім.  Мек-

теп  директоры  Рақыш  аға  да  мені  сүйікті 

қызметкері  ретінде  қабылдап,  жоқ  болсам 

кәдімгідей іздейтін көрінеді. Әкем табаным-

ды жерге тигізген емес.

Мұқағали ауылға жиі келіп тұратын. Кел-

ген  сайын,  әкемнің  машинасына  отырып 

ауыл аралайтын. Көрші Шәлкөдеде тұратын 

(Киров  колхозында)  қайын  жұртына  барып 

қайтатын.  Сөйтіп,  талай  қызық  күндеріне 

куә  болғанмын.  Қарын  тоқ,  қайғы  жоқ,  біз 

барған  жердегі  той-томалақтың  тәттісін 

жейтін бірінші мен.

Кезекті  бір  келгенінде  үйге  келіп  көже 

(жаздай, сонау қара күзге дейін әр үйде су-

сын ретінде суық көже ашытылып тұрады) 

ішті. Ас бөлмеде қызыл диван тұратын, сол 

диван  бәріміздің  ермегіміз.Үлкендер  кел-

се  аздап  мызғып  алады,  ал  балалар  үшін 

ең  керемет  секіртпе  ойынының  жабдығы.

Үсті  дөңестеу,бірақ  кей  жерлері  буылтық-

буылтық  болып  шығып  кеткен.  Үйге  қонақ 

көп  келетін.  Әкем  машинасына  отырған 

кісіні міндетті түрде шәй ішуге алып келетін. 

Келген кісілер қызықтап менен сұрайды ғой: 

«Әй,  Бекен-ай,  анау  диванға  не  болған?» 

деп,  сондағы  менің  жауабым:  «Ой,  ол 

Мұқағали әкемнің жатқан жері ғой»,-  деймін. 

Бәрі мәз болып күлетін.

Үйге  бір  кісі  келе  жатса  «қонақ  келе  жа-

тыр»  деп,  құдды  бір  сүйінші  сұрағандай 

қуана  естіртетінбіз.  Мұқаңның  жарқын 

бейнесі  әлі  көз  алдымнан  кетпейді.  Денесі 

алпамсадай,  кең  иықты,  кеуделі,  келісті, 

батыр  тұлғалы  жан  болатын.Үстіндегі  ақ 

свитерінің  жағасы  иегіне  дейін  еді.  Кері 

қайырған  шашы  иыққа  түсіп,  маңдайы 

жарқырап, қызыл шырайлы жүзінен нұр та-

мып  тұратын.  Жалпы,  біздің  жақтың  адам-

дары  таулы өңір салқын болғандықтан ба,  

әлде жел өтінен бе, жүздері қоңырқайланып 

келеді.  Ал,  Мұқағали  әкем  Алматыдан 

кәдімгідей ағарып, ажарланып келетін. Отты 

көздерінде шуақты күлкі ойнайды. Амандық 

сұрап  сәлемдескенде    ардың-гүрдің  жай-

дары  мінез  танытатын,  астамшылығы  жоқ. 

Бала  кезімізде  үлкен  адамдарға,  бөтен 

жандарға  жүгіріп  барып  сәлем  беретінбіз. 

Қолымызды  алған  адамымыз  бізге:  «Ой, 

бәрекелде,  балам,  молда  бол!»  дейтін. 

Біз  соған  мәзбіз.  Мұқаң  келген  сайын  ал-

дынан  жүгіріп  шығып  қарсы  алып,    күнде 

көріп  жүрген  жақындарымыздай  еркелей  

кететінмін.    Жозыға  (ас  ішетін  дөңгелек 

үстел)  малдас  құрып  отырғанда    алдына 

барып,  тізесіне  отырғанымды  бүгінде  мен 

бақытқа санаймын.

Қонаққа қазан көтеретін қазақтын сыйлы 

дәстүріне  не  жетсін,  шіркін!  Шай  арасын-

да  қуырып  жіберетін  қуырдақты  «шыж-

быж»  дейді,    ет  піскенше  соны  жей  оты-

рып,  Мұқаң  қызықты  әңгімелердің  тізгінін 

қоя  беретін.  Дастархандағы  тәттіге  біз 

құмармыз. Мұқағали әкемнің тағы ұнататын 

тағамдарының  бірі  «сүт  кеспе»  болатын, 

шешемнен  соны  істеп  беруін  сұрайтын. 

Ауылдың дәмін сағынған болар. Шешемнің 

жасаған  тамақтары  бал  татиды.  Қарасазға 

келген қонақтардың қолынын дәм татпағаны 

қалмаған  шығар.  Әке-шешем  елдің 

қызметінде жүргеннен соң ба, әйтеуір үйден 

кісі үзілмейтін. Шіркін-ай, не деген бақытты 

балалық  шағым  еді.  Анамды  үлкен  кісілер  

«Күкен»  дейтін.  (анамның  есімі  Клара).  Ал, 

әкемді бүкіл ауыл адамдары «Золотой аға» 

дейтін (аты Бектұрсын). Ақсары, ұзын бой-

лы, еңгезердей жігіт болатын. Ақкөңілдігінде 

шек  жоқ.  Ауызын  ашса  жүрегі  көрінеді. 

Машинамен  келе  жатып  алдынан  үлкен 

кісі  жолықса,  тоқтай  қалып    сәлем  беріп, 

жағдайын сұрап, мінгізіп алатын. Мұқаң да 

сондай  қамқор  мінезді,  қысылғанға  көмек 

беруге  дайын  тұратын  жомарт  жан  еді. 

Бала кездегі  сол бір қимас сәттер әлі күнге 

санамда  жаңғырып,  кеудемде  сағыныш 

сезімін  оятып,  мені  өмір  бесігінде  ұлы  ма-

хаббатпен әлдилеп келе жатқандай түйіледі. 

Мұқаңның  жыр-мұрасы  қырық  жыл  бойы  

рухани азығыма айналып, менің ғана емес, 

исі  қазақ  баласының  көңіл  төрінде  тербе-

леп тұр. Кейде сағыныштан жүрегім сыздап, 

көңілдің  бір  қобалжыған  сәттерінде  туған 

топырағым-Қарасазға тартып кеткім келеді. 

Жыр құдіреті Мұқағалидың және  менің кіндік 

қанымыз тамған жерге тәу етіп, топырағына 

аунап,  ата-бабаларымыздың    рухын  шат 

етіп  қайтсам  деймін.  Туған  өлке  де  өз 

ұлдарын  сағынатын  шығар.  Елшенбүйрек 

тауының Сарышоқысына шығып, көкірегімді 

Шәлкөде жайлауынан ескен самалға тосып  

Мұқағали  әкемнің    мына  өлеңін  оқығым 

келеді: 

       Есіңде ме еліңдегі жас шағың , 

Ұлы  өмірге тәй-тәй қадам басқаның.

Есіңде ме, аяулы алтын анаңның,

Аймалақтап ақ мамасын ашқаның.

                                             

Есіңде ме Шәлкөденің даласы,

Қарасазбен екеуінің арасы.

Енді міне, бәрі өзгеріп ол күннің,

Өмірімнің өзгергенін қарашы!....

Қайран, Қарасазым-ай!.. 

Толқын-көңіл тоқырап, таусылуы-ай, 

Тасып-тасып басылған тау суындай. 

Жетім жүрек жастықтың жұртында қап,

Ұлиды кеп бөрінің қаншығындай. 

Қырқасына шыққанда қырық белдің,

Мойынымды артыма бұрып көрдім.

Жатыр екен жастық шақ жайлауында,

Мен несіне қырықты қуып келдім.

                                                                                                



М.Мақатаев.

Берік СӘРСЕНБАЕВ,

педагогика және психология 

ғылымдарының  магистрі,  

аға оқытушы. 

Күллі қазақ халқын сырлы сұлу жырымен тамсантып, ақтарылған 

ақжарма көңілімен, найзағайлы-мазасыз бүкіл өмірімен, есімізде 

мәңгі қалып қойған Мұқағали әкемнің өмірге келгеніне 85 жыл то-

лыпты.Табиғаттың заңдылығына бағынбайтын зырлап-зулап өтіп 

бара  жатқан уақыт-ай! Ақиық ақынды жарық дүниеге келтіріп 

адам, азамат, ақын етіп жаратқан туған жерінің топырағына 

тапсырғанымызға да 40 жылдай уақыт өтіпті.

Дарыны дара ќос талант

Менің  мақаламның  кейіпкерлері  Аршын, 

Мұхтар  есімді  жас  жігіттер  редакцияға  жиі 

бас  сұғады.  Алғашында  көптің  бірі  деп 

қабылдап,  жазу-сызудан  кеңес  алып  жүр 

деп топшылайтынмын. Газет бетін жоспар-

лап отырып, тамаша өлең жолдарына көзім 

түсті. Тереңнен толғайтын, жүректі қозғайтын 

әсерлі  жыр  шумақтары  өнердің  төркіні 

өлеңде  екендігін  айшықтап  тұр.  Олардың 

бірін  поэзияның  асқар  шыңына  шапқан 

арғымақ  десек,  екіншісі  қарасөзді  тебірене 

оқып  тыңдарманының  жүрегіне  жеткізе 

білетін  дарынымен  ерекшеленетін  өнерпаз. 

Қос талантты ақын ағаларының «Келіңдер, 

ақындарым!»-деп неге құшақ жайып қарсы 

алып,  шабыттандырып  отыратындығының 

мәнін енді сезінгендеймін.

Жасандылықтан  ада,  боямасыз  жан 

дүниесі  жарқырап,  поэзия  атты  киелі 

әлемнің  табалдырығын  шынайы  да  табиғи 

талантымен  аттап  тұрған  жігіттердің  бірі 

-  Айдынбекұлы  Аршын.  Ол  1996  жылы 

қаңтардың  19-ы  күні  Шығыс  Қазақстан 

облысы,  Зайсан  ауданы,  Шілікті  ауы-

лында  дүниеге  келіп,  2002  жылы  Шілікті 

орта 


мектебінің 

табалдырығын 

ат-

тап,  2013  жылы  тәмамдаған.  Сол  жылы 



І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  Мемлекеттік 

университетінің  қазақ  тілі  және  қазақ 

әдебиеті  мамандығының  білімгері  атан-

ды.  Мектеп  қабырғасында  жүргенде-ақ, 

аудандық  жыр  мүшәйраларының  бірнеше 

мәрте  жүлдегері  болды.  Облыстық  Абай, 

Шәкәрім  оқуларында  жүлделі  ІІ  орын-

ды  иеленген.  Жоғарғы  оқу  орнына  келген 

тұстан,  дикторлық  талабымен  көзге  түскен 

талантты  жас,  өзін  жаңа  қырынан  таны-

тып,  бірден  университеттің  «Жас  түлек» 

театрының белді мүшесі, жас әртісі болып 

қабылданды. 2014 жылдың көктемінде Пав-

лодарда өткен студент жастар арасындағы 

бірінші 

республикалық 

фестивальға 

қатысып,  өнерімен  тәнті  етіп,  жүлделі  ІІІ 

орынды  иеленіп  оралды.  Білім  ордасының 

қабырғасында  ұйымдастырылатын  және 

оқу  орындары  арасындағы  жыр  додала-

ры  мен  поэзия  кештерінде  белгілі  қазақ 

ақындарының жырларын мәнерлеп оқудың 

хас  шебері  Аршын  талай  дүбірлі  додадан 

қанжығасы  майланып  қайтты.  Мәселен, 

«Ілияс  оқулары»,  «Мұқағали  оқулары» 

байқауларында  түрлі  номинациялардың 

жеңімпазы  болса,  2014  жылы  «ЖМУ 

сұлтаны»  байқауына  қатысып,  «Дарын-

ды  сұлтан»  номинациясын  жеңіп  алды.  

Әдебиеттің айдынында енді жүзген дарын-

ды  жас  «Нұр  Отан»  партиясының  Алматы 

облыстық филиалы өткізген бірнеше келелі 

кештер  мен  кездесулердің  жүргізушісі  бо-

лып  өзін  жаңа  қырынан  сынап  жүрген 

жайы  бар.  Дауыс  ырғағы,  өзіндік  мақамы 

бар  жалынды  жас  өткен  оқу  жылының 

соңында белсенділерге арналған ректорлық 

сыйақыға  қол  жеткізді.      Бүгінде  алмастай 

жарқылдаған  жалынды  жырларды  шабыт-

танып  оқып, ортасын  нұрландырып жүрген 

Аршын  Айдынбекұлының  атына  облыстық 

мәдениет  үйінен  ұтымды  ұсыныстардың 

түсуі,  талапты  жастың  талпынысын 

қанаттандырып келеді.

Биіктерге  көтерілу,  тереңдікке  бойлау, 

адамгершілік  қасиеттерді  толықтыра  беру-

ақындардың  бәріне  ортақ  арман.  Мәселен, 

Мұхтар Күмісбек өзінің «Биік» өлеңінде:

Биік еңсем, бедерлі биік жотам.

Биіктікті бұрмасыз, мен ұнатам.

Әйткенмен,мен айтпаған бір биік бар,

Өлшемсіз  биіктерден  -  биік  Отан!  -  деп 

тебіренеді.  Дәл  осылай  сағынышқа  саз 

қосып,  жұбанышқа  жел  беріп  жазатын 

жас  ақын  Мұхтар  Күмісбекұлы  1995  жылы 

шілденің  25  күні  Алматы  облысы  Балқаш 

ауданы  Жиделі  ауылыңда  дүниеге  келді. 

Отбасы  2002  жылы  Бақбақты  ауылына 

көшіп  келіп,  Жамбыл  атындағы  №1  орта 

мектептің  бірінші  сыныбына  қабылданады 

да,  оны  2013  жылы  тәмамдайды.  Сол 

жылы  арман  қуып  облыс  орталығына  жол 

тартқан  Мұхтар  үлкен  дайындық,  шебер 

шыңдалу  жолынан  келген  болатын.  Сәтін 

салып жыр құлагері І. Жансүгіров атындағы 

Жетісу  мемлекеттік  университетінің    қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша 

грантпен  оқуға  қабылданды.  Өлең  жа-

зуды  сегіз  жасынан  машықтанған  ақын 

баланың    мектеп  қабырғасында  жүрген 

кезде-ақ,  2010  жылы  «Арман  тамшыла-

ры»  атты  шағын  жинағы  жарық  көрді.  Сан 

мәрте аудандық, облыстық, республикалық 

мүшәйралардың  жүлдегері  болған  та-

лантты  жеткіншек  бүгінде  өнер  мен  білімді 

ұштастырып  баулитын  ортаға  түскеніне 

шексіз  риза.  Себебі,  талай  шабытын 

шайқап,  талабын  ұштаған  ұстаздарының 

қолдауымен  шығармашылығын  бұқаралық 

ақпарат  көздерінде  насихаттауға  мүмкіндік 

алды.  Сондай-ақ,  оқу  орнының  іргесінде 

болсын,  сырттан  шақыртумен  өткізілетін 

жыр  додаларының  бел  ортасында  Мұхтар 

Күмісбектің  көрінуі  орынды.  Себебі,  оның 

қай  өлеңі  болмасын  лирикаға  толы, 

сезімтал,  шыншыл  өлеңдер  және  жастық, 

бозбалалық  сезімді,  адал  достықты 

ардақтайтын  жыр.  Жіпке  тізген  маржандай 

тізбектеліп келетін жырларында табиғаттың 

тамаша құбылыстары, тамылжыған көктем, 

жадыраған  жаз  бәрі  де  асқан  шеберлікпен 

әрленіп, оқырманды үлкен ойға жетелейді. 

Әсерлі жырын арқалана оқығанда жанына 

шаң  ілестірмейтін  ол,  Ілияс  Жансүгіровтың 

120  жылдығына  арналған  мүшәйрада 

І  орынды  жеңіп  алған  жүйрік.  Кішкене 

кезінен  әдебиетке  жаны  құмар  әрі  адуын-

ды  ақын  Мұхтар  Шахановтың  жырларың 

жаттап  өскен  талантты  жас  өзімен  аттас 

ақын  атасына  ұқсауды  басты  арманы  етіп 

ұстанып келеді. Сөз арасында «есімімді сол 

кісінің  құрметіне  атам  қойған»  деп  аса  бір 

тебіреніспен  айтып,  жүрек  сырын  жеткізді. 

Лайым, арманың орындалсын!  

ТҮЙІН: 


Тәуелсіз  елдің  ұрпақтарының  беталысы,  құлашын  жазуы,  қазақ  поэзиясына 

жаңа леп, дара көш келгендігін паш етеді. Жаңбыр болып жауатын, нөсер болып 

құятын ақындар қатары сейілмей, иісі қазақ қара өлеңінің қаймағын жалап, сорпа-

сын ішкендер көбейгеніне шүкіршілік етеміз. Ұлттық өнеріміз жоғарыға көтеріліп, 

сүйсініп оқитын оқырманымыз көбейген сайын, көңіліміз толып, Тәубемізді айта-

мыз. Біздің ортадан да солардың соңын ала ілесуге ұмтылған дарыны дара қос 

талантты жігітке тек Жетісудың жүйріктері қатарынан көрініп, жаңа тыныс, 

өзгеше өрнектеріңмен өнер көгінен көрініңдер демекпіз.

Баян ЖАҢАБАЕВА.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Индекс: 64568

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Үсен Өмірзақов

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

Жарнама мәтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс № 79

Таралым 2500 дана

Тілші Б.Жаңабаева

Корректор Ұ.Жолдасова

Беттеуші П.Қалиханқызы

Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

бейсенбі, 11 ақпан, 

2016 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

ДЕМАЛЫС БЕТІ

Жетісу 


университеті

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

КҮЛЕЙІК

Мысық  

Бір отбасында мысық болыпты. Ол үйдің отағасы мысықты жақтырмайды екен. 

Содан бір күні күйеуі мысықты қаланың шетіне 15 км апарып тастап үйге келсе, мысық 

үйде жүр екен. Мысықты көрген күйеуі машинасына салып қаладан 30 км жерден 15 км 

он жаққа бұрылып, содан солға қарай 12 км, көлденнен 8 км, қиғашынан 10 км, артқа  

25 км жерге тастап қашып кетеді. 1 сағаттан соң әйеліне хабарласып: «мысық келді 

ме?»,-деп сұрайды. Әйелі «иә, үйде»,-десе, «сол мысыққа берші трубканы, мен 

адасып қалдым»,-депті.

СЫМБАТ

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ



ТерЎге пайдалы дєрумендер

Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?



Сарымсақтың сан 

түрлі қасиеті бар екені 

көпшілігімізге аян. Ол 

тәннен, ішкі ағзалардан 

және тыныс алу жолда-

рынан зиянды бактерия-

ларды, ішек паразиттерін 

шығарады, қан қысымын 

төмендетеді, оның 

үстіне түйіндердің да-

муына тосқауыл қояды. 

Сарымсақ обырға қарсы және антиоксиданттық  

қасиетке де ие.

Бір түйір сарымсақта 400-ден астам пай-

далы  заттар  бар,  ол  организмдегі  нашар 

холестерин  деңгейін  төмендетеді,  тамыр-

ларды тазартады, мультиморфты глиобла-

стома (ми обырына себепші) жасушаларын 

жояды,  күл,  туберкулез  таяқшасын  және 

хеликобактерді  (асқазан  ойық  жарасына 

себепші) жояды, құрттарды шығарады, т.б.

Ендеше  назарларыңызға  көптеген 

аурудың алдын алатын сарымсақ сусы-

нын ұсынамыз:

Бөтелкеге  әрқайсысы  төрт  бөлікке 

бөлінген 12 түйір сарымсақ саламыз. Үстіне 

Егер торпақ жігітпен қарым-қатынасыңыз 

жақсы болса, онда әркез әдемі болып жүруге 

тырысыңыз. Тұмау тиіп я болмаса басқалай 

ауырсаңыз  да  шәлі  оранып  жүргеніңізді 

сүйіктіңіздің 

көзі 


шалып 

қалмасын. 

Боянғаныңызды, 

сәнденгеніңізді, 

шаш 

бояғаныңызды,  тіпті  тіс  тазалағаныңызды 



да оның назарынан тыс жасағаныңыз абзал. 

Әйтпесе,  оның  ойынан  шықпай  қалуыңыз 

мүмкін. 

Тоқтымен  қарым-қатынас  жасау  үшін 

нәзіктілік  пен  ұстамдылық  қажет.  Олар 

қысым  мен  өктемділікке  шыдай  алмайды. 

Кез  келген  жерде  соңғы  шешімді  жігіттің 

айтқаны  жөн.  Олай  болмаған  жағдайда 

орны  толмас  қателікке  ұрынып  қалуыңыз 

әбден мүмкін.

Егіздер  белгісіндегі  жігіттер  әйел 

ақылдылығын  бірінші  орынға  қояды.  Сіздің 

сәнденгеніңіз  бен  боянғаныңызға  назар  ау-

дармайды.  Егіздерге  жақсы  ақылшы  бола 

білсеңіз, жанұялық бақыттың да ұзаққа со-

зылары хақ.



Шаян  белгісінде  дүниеге  келген  жігіттер 

өз  аналарын  қатты  құрметтейді.  Және 

сізден  ашық  түрде  талап  етпесе  де,  соны 

іштей  қалап  тұрады.  Бала  кезден  аналық 

сүйіспеншілікке  бөленіп  өскен  шаяндар,  өз 

үйлері де жылылық пен сыйластыққа толы 

бақытты орта болғанын қалайды. Енеңізден 

кейінгі  екінші  орында  болуға  келіспеске 

амалыңыз жоқ.

Арыстан  –  заң  патшасы.  Жанұяда 

да  ондай  жігіт  осы  қағиданы  ұстанады. 

Егер  арыстаныңыздың  айтқанын  орын-

дап,  айдауына  көнсеңіз,  тату-тәтті  жанұя 

болатындығыңызға сеніңіз.

Бикеш  белгісіндегі  жігіттер  өте  кірпияз 

болып  келеді.  Топастық  пен  сенімсіздікке 

олар  төзе  алмайды.  Бикеш  жұлдызындағы 

азаматттардың  сүйіктілері  шаштары  мен 

киім киісіне көп көңіл бөлгендері дұрыс.

Таразылар  ұқыптылар  мен  жинақылар 

қатарына  жатпайды.  Олар  отбасында  өзін 

Б

үгін  сіздерге  бекзадаларымызды  танудың  бір  жолын 



ұсынбақпыз. Жұлдыз жорамал... Көпшілік қауым жұлдыздарға 

иманындай  сенеді  және  жорамалдардың  орындалып  жататыны 

тағы  бар.  Жігітіңіздің  құпиясын  әлі  толық  шешіп  болмадыңыз  ба? 

Әлде өмірлік жарыңызды таңдау қиынға соғып жатыр ма? Астро-

лог және психолог мамандардың бірлесіп ұсынған кеңестеріне құлақ 

түріңіз.


 А дәрумені

 А  дәрумені  бетті   ылғалдандырады. Егер 

ол жетіспесе, тері құрғап, қабыршақтанып 

кетеді.  А  дәрумені  әсіресе  балық  пен 

сиырдың бауырында, жұмыртқаның сары 

уызында  және  сүт  тағамдары  мен  сары 

майда көп кездеседі. Сонымен қатар сәбіз, 

асқабақ,  қызанақ  пен  түрлі  көкөністерде, 

қырыққабат  пен  жасыл  бұршақта  бар. 

Жеміс-жидектер  қатарынан  қауын, 

қара өрікте, шабдалы А дәруменіне 

бай.  Ескертетін  жайт,  дәрумен 

ағзаға жақсы сіңуі үшін салаттарды 

өсімдік  майымен  араластырып  же-

ген дұрыс.

С дәрумені

Теріге  С  дәрумені  жетіспесе, 

тері  түссізденіп,  қартаяды.  Егер  

дәрумен ағзада жеткілікті болса тері 

нұрланып,  сұлу  көрінеді.  Сонымен 

қатар  қабынуға  және  терідегі  түрлі 

жаралардың  тез  жазылуына  әсер 

етіп,  қан  тамырларының  қызметін 

жақсартады.  Бұл  дәрумен  барлық 

цитрусты  жемістерде,  апельсин, 

картоп,  тәтті  бұрыш  пен  гүлді 

қырыққабатта  кездеседі.  Сонымен 

қатар қышқыл алма, киви мен қара 

қарақатта, мүкжидек және грек жаңғағы да 

С дәруменіне бай.

Е дәрумені

Бет терісінің жас қалпын сақтайтын - Е 

дәрумені.  Бұл  түрлі  өсімдік  майларында 

кездеседі. Мәселен, мақта, жүгері, күнжіт, 

зәйтүн,  күнбағыс.  Сонымен  бірге  өнімдер 

қатарынан  арқа  балық  пен  қайнатылған 

жұмыртқа,  сүт  пен  сары  майда,  сиыр  еті 

мен  қой  етінде,    қызанақ,  бұршақ,  банан 

және сәбізде бар.

В дәрумені

В дәрумені бетті ылғалдандырып, ондағы 

қан айналымды жақсартады. Бұл дәрумен 

арпа, сұлы, қарақұмық дәндерінде, ет пен 

бауырда, балықта, жұмыртқа мен картоп-

та,  орман  жаңғақтары  мен  көкөністерде 

көп.

Д дәрумені

Бұл дәрумен бет терісінің ерте қартаюын 

тежейді. Дәрумен сары май мен жұмыртқа, 

теңіз өнімдерінде көптеп кездеседі.



К дәрумені

К  дәрумені  бет  терісіндегі  түрлі  дақтар 

мен  сепкілді  кетіреді.  Қырыққабат  пен 

сәбіз, саумал, асқабақ пен шетен жемісінде 

К дәрумені өте көп.

Сарымса° сусыныныњ пайдасы

Бет терісінің әдемі көрінуі - ішкі ағзамыздың жағдайына 

тікелей байланысты.  Бет терісіне шығатын безеулер мен оның 

қабыршақтануы, ерте қартаюы дәрумендердің жеткіліксіздігінің 

дәлелі. Ал, үй жағдайында жасалған табиғи маскалар бет терісін 

дәрумендермен қамтамасыз еткенімен, ішкі ағзамызды да 

дәрумендермен байытып отыруымыз керек. Назарларыңызға бет 

терісіне қажетті дәрумендер қатарын ұсынамыз.

басшы  санайды.  Егер  ақылыңыз  көркіңізге 

сай  бикеш  болсаңыз,  ол  басшылықты  өз 

қолыңызға  алу  мүмкіндігіңіз  бар.  Тара-

зылармен  тыныштық  пен  татулықта  ғана 

бақытты бола аласыз.

Сенімділік  пен  адалдықты 

сарышаян 

жігіттер  өте  жоғары  бағалайды.  Егер  оның 

бойындағы  туа  біткен  қасиеттерін  бағалай 

білсеңіз,  ол  әрбір  әйел  заты  армандайтын 

махаббат шуағын төгіп, сүйіспеншілікке шо-

мылдыра алады.



Мерген  жігіттерді  уысымда  ұстаймын 

дегенді  ойыңызға  да  алмаңыз.  Өзін  еркін 

ұстай алмаса, ол басқа ортаға ауыса сала-

ды. Оны қызғансаңыз да, күдіктеніп, қысым 

көрсетсеңіз де, түк шықпайды. Өмірге мер-

ген  көзімен  қарауды  үйренгеніңіз  дұрыс 

болмақ.  Айтпақшы,  олар  жомарттылықты 

жоғары бағалайды және өздерінің де қолы 

ашық болып келеді.

Тауешкі  жігіттер  болашақ  балаларына 

ана болатын өмірлік жарын ұзақ таңдайды. 

Жақсы  көре  білу,  сенімділік,  сабырлылық, 

қамқорлық  қасиеттері  сіздің  тауешкіге 

жақсы  жар  болатындығыңызды  дәлелдей 

алады. Ас дайындай аласыз ба? Жоқ!? Он-

дай болса, асханаға жүгіріңіз де, үйреніңіз. 

Тауешкілер  үшін  бірінші  орында  –  әйелдік 

қасиет,  екінші  орында  –  оның  жан  дүниесі 

тұрады.


Суқұйғыш  жігіттер  де  емін-еркін  жүріп 

тұрғанды  ұнатады.  Оны  бұғаулап  ұстап, 

қателікке  ұрынып  қалмаңыз.  Бұл  белгіде 

туғандар  өте  жақсы  психологтар.  Олар 

адамдармен  қарым-қатынас  жасағанды 

жақсы  көреді.  Суқұйғыштарға  күдіктенудің 

де,  оларды  сұрақтың  астына  алудың  да 

қажеті шамалы. Бәрібір шындығын біле ал-

майсыз.

Балық  жігіттер  өте  қиялшыл  адам-

дар.  Жандары  романтиканы  сүйеді.  Оған 

ертегідей  тәтті  өмір  сыйлап,  ойынан  жиі 

шығып  тұрсаңыз,  сіздің  қадіріңізді  түсініп, 

барынша бағалап, жақсы жар бола біледі.

3  құты  қызыл  шарап  құямыз.  Ыдысты  жа-

уып,  терезе  алдына,  күн  түсетін  жерге  2 

апта  қоямыз.  Күн  сайын  2-3  рет  шайқап 

тұрамыз.  Содан  кейін  сүзіп  алып,  күңгірт 

бөтелкеге  құйып  қоямыз.    Осы  сусынды  1 

шай қасықтан күніне 3 рет 1 ай бойы ішеміз. 

Дәрмек тәндегі тұздарды шығарады, еңбек 

қабілетін  арттырады,  қанды  тазартады, 

организмді  сергітеді.  Жүректі  өте  жақсы 

күшейтеді, зат алмасуын жақсартады. Әйел 

сырқаттары  мен  қабынулары  кезінде  аса 

пайдалы. Организмді зиянды қалдықтардан 

зардапсыз тазартады.



Мәліметтер ғаламтор желісінен алынды.

Gazeta.zhgu@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет