№3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


«Сарқан» аудандық газетінің



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата24.12.2016
өлшемі10,49 Mb.
#353
1   2   3   4   5   6

«Сарқан» аудандық газетінің 

бас редакторы.

Жер жаннаты - Жетісу ежелден небір 

өнер дүлдүлдері өмірге келген қасиетті 

өлке.  Арада  айлар  аунап,  жылдар  жыл-

жып,  қаншама  ғасырлар  легі  қара  үзсе 

де,  күні  бүгінге  дейін  осы  бір  киелі 

аймақтағы текті ұрпақ  бойынан өрелі 

өнер сабақтастығы еш үзілген емес.  

Бүгінде  алдыңғы  буын  ағалардың  ізін 

жалғап,  қазақ  әдебиетіне  ел  сүйсінтер 

ерекше  тебінмен  келіп  қосылған  жас 

қаламгерлер 

саусақпен 

санарлық. 

Солардың 

бірі-жетісулық 

жерлесіміз  

Есболат Айдабосын десек артық айтпаған бо-

лар едік. 2002 жылы еліміздің Абай атындағы 

жоғарғы  білім  шаңырағынан  қазақ  фило-

логиясы мамандығы бойынша оқу тауысқан 

ол, алғашқы еңбек жолын радио тілшісі бо-

лып  бастайды.  Кейін  келе  «Шаһар»,  ТРК 

«НТР»  телеарнасында,  Қазақстан  ұлттық 

арнасында  «Апта.kz»  бағдарламасының 

тізгінін  ұстап,  тас  жарар  талантымен    та-

лайды  таңдандыра  түскені  есімізде.  Оның  

сан  алуан  тақырыптарда  жазылған  «Сүлік 

қара»,  «Аманат»,  «Қамшыұстар»,  «Ти-

бет  аруы»,  «Тұлпар  серті»,  «Қызыл  сақа», 

сынды  шоқтығы  биік  шығармалары  қалың 

оқырман  мен  өнер  сүйер  қауымның  жүрек 

түкпірінен  ойып  орын  алған.  Бірінен-бірі 

асатын  бұл  шығармалар  арасында  оқыған 

жанның  көңіл-күйін  тербеп,  өткенін  көзге 

елестетер «Қызыл сақа» әңгімесінің десі ба-

сым.  Қарымды қаламгер 2015 жылғы Қазақ 

хандығының  550  жылдығына  орай  өткен 

шығармашылық бәйгеде «Аманат» атты тың 

туындысымен  топ  жарып  жеңімпаз  атанса, 

Тұңғыш  Президент  қоры    ұйымдастырған 

республикалық  әдеби  байқауда  «Мәңгілік 

ел»  тақырыбында    жазылған    шынайы 

шығармасымен  «Алтын  қалам»  және  ба-

лалар  әдебиеті  аталымы  бойынша  «Қызыл 

сақа»  әңгімесімен  «Алтын  тобылғы» 

сыйлықтарын  еншіледі.  Осыдан  бірнеше 

ай  бұрын  ғана    Жетісу  телеарнасының  ди-

ректоры  Бейсен  Құранбектің  ұсынысымен, 

жаңалықтар қызметін басқару тағына келген 

жас жазушының жақында облыстық «Тіл са-

райында»  шығармашылық  кеші  өтті.  Бұған 

дейінде әр апта сайын өңірдегі өнер иелерін 

қолдау  мақсатында  ұйымдастырылып  кел-

ген «Сәрсенбінің сәтінде...» атты бұл кезде-

суге  аймақтағы  танымал  ақын-жазушылар, 

БАҚ  өкілдері  қатысты.  Мұнда  алдымен 

қаламгердің  өзіне  сөз  кезегі  беріліп,  кешке 

жиналған    қауымнан  шығармашылық  жай-

ында түскен сауалдарға жауап берілді. Жал-

пы ұзақ ізденістен тұратын сөз зергері атану 

көпке  бұйыра  бермейтін  бақыт  екенін  тілге 

тиек  еткен  ол,  «байлығым  –  балаларым, 

журналистік  - өмірлік жалауым, жазушылық 

–  шынайы  жүрек  қалауым»,-    деп,    айтар 

ойын тұжырымдады.

Осыдан соң  аға буын өкілдері жас жазушыға 

ақ жол тілеп, ақ батасын арнаса, облыстық 

тілдерді  дамыту  басқармасының  басшысы, 

белгілі ақын Ахмет Кендірбекұлы Жетісудың 

төл  тумасы  Есболат  шығармалары  жайын-

да жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, ол ойы 

терең,  тілі  шұрайлы,  бояуы  қанық    мұндай 

шығармалар  қалың  оқырман  қауымы  үшін 

қашан да құнды екендігін атап көрсетіп, біз 

қазақ  әдебиетін  дамытамыз  десек,  осын-

дай таланттарды елге танытумыз керек деп 

баса  дәріптеді.  Сөз  соңында  Есболаттай 

азаматтың  өнерін  бағалап  аймағымызға 

әкелген  Бейсен  Абайұлына  өз  алғысын  ай-

тып,  «Сәрсенбінің сәтінде...» атты кездесуді 

әсерлі түйіндеді.

Айдын КӘЛІМХАН.

Жазушылық - 

жүрек қалауым

Gazeta.zhgu@mail.ru


Жетісу 

университеті



ЖАСТАР ОЙ ТОЛҒАЙДЫ

бейсенбі, 11 ақпан,

 2016 жыл

7

Тєжірибемен 

±штас°ан білім

Міне,  биыл  мен  ЖМУ-ді  бітіремін.  Төрт  жыл  бойы  журналистика 

мамандығын иелену бағытында білім алдым. Көп өтпей дипломдық 

жұмысымды қорғап, мемлекеттік емтихандарды тапсырамын.

Кеше  ғана  балауса,  пәк  пейілмен 

университеттің  босағасын  аттап  едім.

Жүрегіміз  алып  ұшып,  білім  ордамыздың 

ауласында  студенттік  билетті,  білім  кілтін 

қабылдағанымыздың  бәрі  көз  алдымда. 

Уақыт та ағын судай зырылдап өте шықты, 

шіркін!  Осы    жылдардың  ішінде  өзім  де 

біршама ысылып, өмірдің сан алуан қырына 

бейімделе түскендеймін. 

Әсіресе,  өз  мамандығымның  қыры-

сырын  жетік  түсіне  бастадым.  Білікті,  ойы 

ұшқыр,  тілі  шешен,  қаламы  жүйрік  журна-

лист  болу  үшін,  алдымен  терең  білімге  ие 

болуы тиіс. Өйткені, журналистің қақпайтын 

есігі,  баспайтын    жері,  шықпайтын  тауы 

болмайды.  Жаңалық  біткеннің  жаршы-

сы  болу  оңай  шаруа  емес.  Жұртта  екі  көз 

болса,  журналистің  жеті  көзі  болуы  керек. 

Ел көрмегенді ол көре білуі, әділеттің туын 

биік  ұстап,  шындықты  шыжғыра  жазуы,  ең  

бастысы  халқым деп соғатын  адал жүректің 

иелері деген атқа лайықты болуы қажет.

Оқу  барысында  білікті,  тәжірибелі 

оқытушы-профессорлардан, 

жаңа 


за-

ман  талабына  сай    терең  білім  алдық. 

Алған  білімді  тәжірибемен  ұштастыра  білу  

болашақ  маман  үшін  аса    пайдалы.  Бұл 

жағынан  келгенде,    университетімізде  сан-

салалы    кәсіп  иелерін  дайындауға  баса 

көңіл  аударылатынын  байқағандаймыз. 

Мәселен,  журналистика  мамандығында 

оқып    жатқан  болашақ  тілшілерді  іс-

тәжірибеден  өткізу үшін жан-жақты жағдай 

жасалған.  Білікті  оқытушылар  Жұмағали 

Есенбек  (журналистика  кафедрасының 

меңгерушісі),  Мұса  Бисенқұлов,Тұрлыхан 

Кәрім,  Айбек  Сейдахмет,  Гүлфайруз 

Құтымова,  Дәулеткерей  Мүлік  секілді 

ұстаздарымыз 

жас 

журналистерді 



теориялық  біліммен  сусындатса,  сол  алған 

білімдерін    тәжірибемен  ұштастыру  үшін 

арнайы  телестудия  жабдықталған,  үш 

телекамера,  монтаждау  қондырғылары 

қолданыста.  Білімгерлер  өздері  бейне-

фильмдер,  бейнероликтер  түсіріп,  өздері 

монтаждап,  университеттің  үш  корпусы 

мен  жатақханаларда  тартылған  тележелі 

арқылы эфирге шығады. Сондай-ақ «Жетісу 

университеті» газеті  қазақ, орыс тілдерінде 

12 бет болып жарық көріп, облыс көлемінде 

таралады. Болашақ журналистеріміз «Білім 

нұры»,  «Сенің  замандасың»,  «Тұрмыс  ты-

нысы»,  «Жан  сырым»,  «Жемқорлыққа-жол 

жоқ»,  «Ырыс-ынтымақта»,  «Таланттылар 

тұғыры»,  «Қауырсын  қалам»,  «Тұлға», 

«Сәті  түскен  сұхбат»,  «Күлкі  күймесі» 

сияқты  айдарлармен  арнайы    беттер 

дайындап  қаламдарын  ұштайды.  Мы-

салы,  «Таланттылар  тұғыры»  айдары-

мен  берілетін  қос  бетте    білімгерлердің 

өлеңдері,  әңгіме,  новелла,  эсселері  жарық 

көреді.  Өткен  жылдары  осы  айдарлы  бет-

тен    өлең,  әңгімелері  үзбей  жарияланып 

жүрген  Асыл  Сұлтанғазы,  Еңлік  Сағындық 

секілді  университетіміздің  түлектері,  қазір 

«Жетісу»  облыстық  газетінде  тілші  болып 

қызмет  атқарып  жүр.    Сәті  түссе    мен  де 

диплом  қолыма  тиген  соң,  солар  секілді  

облыстық, қалалық газеттерде шыңдалсам 

деймін. Қазір  мен өзімнің сүйіп оқитын, әрі 

алғашқы  мақалаларымды жарыққа шығару 

мүмкіндігіне ие еткен «Жетісу университеті» 

газетінде тәжірибеден өтіп жатырмын.

   Енді  өзімнің сүйікті  университетім туралы 

ой қозғайын. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-да 

оқу  бақытына  ие  болғандар  қателеспейді. 

Мұнда  білім  беру  базасы  терең,  тәрбиелік 

ұйымдастыру  жұмыстарына  баса    назар 

аударылады. Жеті  факультетте: педагоги-

ка  және  психология,  қаржы-экономикалық, 

гуманитарлық,  заң,  мәдениет  және  өнер, 

физика-математика, 

жаратылыстану-

техникалық  факультеттерінде,  әсіресе, 

педагогикалық  және  кәсіптік-техникалық 

бағытта  көптеген  мамандар  дайындала-

ды.  ЖМУ-дің  бакалавриатын    тәмамдаған 

маман  иесі  оқуын  әрі  қарай  жалғастыру  

үшін ұзаққа бармай-ақ, осындағы магистра-

турада  білім  алуына  мүмкіндігі  бар,  тіпті, 

ғылым  жолына  түсем  десе,  одан  әрі  док-

торантурада  оқи  алады.  Білім  ордасының 

ең    үлкен  жетістігі  -  Германиядағы  AQUIN 

халықаралық 

аккредиттеу 

агенттігінен 

бірнеше  оқу  бағдарламасы,  сондай-

ақ  бакалавриат  пен  магистратураның  

52  мамандығы  мамандандырылған  аккре-

диттеуден  өткізілген.  Соның  нәтижесінде, 

түлектер  қазіргі  күні  төрткүл  дүниенің 

түкпір-түкпіріндегі  іргелі  білім  беру  орын-

дарында  білімдерін  жалғастыруда  және 

танымал  компанияларда  жұмыс  істеуде. 

Жыл  сайын  50-ден  астам  университет 

білімгерлері  академиялық  ұтқырлық  бой-

ынша шет елдік жетекші жоғары оқу орын-

дарында бір мезгіл білім алып, тәжірибеден 

өтеді.  Айталық,  Варшава  университетінде, 

Грецияның 

Афины 


технологиялық 

білім  беру  университетінде,  Чехияның 

агротехникалық  университетінде,  Риганың 

техникалық  университетінде,  Польшаның 

Лодзь  университетінде,  АҚШ-тың  Айдахо 

университетінде бір немесе екі семестр оқып 

қайтады.  Шетелдік  білім  мекемелерінде 

білім  алсам,  шет  мемлекетті  көрсем  де-

ген  арман  әр  білімгердің  ойында  бар.  Ал,  

магистратурада  оқитын  магистранттар 

міндетті  түрде  ғылыми  тағылымдамадан 

Еуропа  мен  Азияның  беделді  оқу 

мекемелерінен  өтіп,  тіл  ұстартып  келеді.  

Шетелдік  жоғары  оқу  орнына  ағылшын 

тілін  жетік  меңгергендер  ғана  бара  ала-

тынын ескертіп өткеніміз жөн. 

Ө т к е н 

жылдың  желтоқсан  айының  басында 

университетіміз  мемлекеттік  аттестаттау-

дан өтті. Бакалавриаттың 40 мамандығында 

білім алып жатқан бітіруші курс білімгерлері 

тест  сынағынан  96  пайыздық  үлгеріммен  

республика бойынша ең жоғары көрсеткішке 

қол жеткізді.                                             

Университетте 

теориялық 

білім, 

әсіресе,  ғылыми    жобалар  бағытындағы  



білімгерлердің  талпынысы  өндірістік  іс-

тәжірибемен  тығыз  байланыста  өткізіледі. 

Атап  айтқанда,  Талдықорғандағы  «Ме-

такон», 


«Интеграл» 

зауыттарымен, 

Үштөбедегі  «Казсиликон»  комбинатымен, 

«Қайнар-АКБ»  аккумулятор  зауытымен 

тығыз  байланыс  орнатылған.  Сол  секілді 

білім  ордасында  ғылыми  зертханалар  мен 

орталықтар  бір  жерге  шоғырландырылып, 

ғылыми  кластер  бойынша    жұмыс 

істейді.  Аймақтардан  келген  білімгерлер 

жатақханамен 

қамтамасыз 

етіледі. 

Әлеуметтік  тұрғыдан  мұқтаж  білімгерлерге 

және мүгедектерге  материалдық көмек жиі 

көрсетіледі. Белсенді білімгерлер назардан 

тыс қалмай лайықты марапатталып отыра-

ды. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  І.Жансүгіров 



атындағы  ЖМУ-  ді  бітіріп,  өмір  атты  үлкен 

белеске  журналист  болып  аттанып  бара 

жатқаныма  қуаныштымын.  Елбасымыз 

айтқандай, болашақ біз, жастардікі. «Нұрлы 

жол» бағдарламасын түпкілікті жүзеге асы-

ру  үшін  жас  мамандар  жұмыла  кірісуі  ке-

рек  деп  ойлаймын.  Қазақстанды    бәсекеге 

қабілетті  дамыған,  өркениетті  елдердің 

қатарына  енгізу  бағытында  Қазақстан 

халқы  жаһандық  дағдарысқа  төтеп  бере 

отырып,  белсене  еңбек  етіп,  Мәңгілік  Елге 

айналады.



Айгерім ТӨРЕБАЕВА,

4 курс білімгері.

Жас театрдыњ  т±сауы кесілді

ӨНЕР

Жетісудың өнер ор-

дасы тағы бір жастар 

театрымен толықты. 

Жақында Көксу 

аудандық мәдениет 

үйінде осы саланың 

қызметкері Фатих 

Ақынұлының  көркемдік 

жетекшілігінде «Самға» 

атты жаңа  жастар 

театры құрылды.

Жас  театрдың  құрамында    талантты 

жастардың    бас  қосқаны  қуантады.  Олар 

өздерінің алғашқы қойылымын І.Жансүгіров 

атындағы 

Мәдениет 

сарайында  

көрермендерге  ұсынды.  Драматург  Лидия 

Егембердиеваның «Үш ноян» атты туынды-

сымен сахна  пердесін ашқан жас актерлар 

көрерменнің  ыстық ықласына бөлене білді. 

Негізгі бағыты сатиралық деңгейде болғаны 

үшін  де,  өнерпаздардың  жеңіл  әжуа-

қалжыңдарға  көбірек    жандасқаны  айқын 

сезіледі.  Көтерген  тақырыбы  –  отбасының 

ұйытқысы болған әйел затының тұрмыстағы 

рөлі. Олардың еркектің   өмірінде асыл жар, 

балалардың анасы ретінде  алатын орнын, 

машақатты еңбегін көрсетуді мақсат тұтқан. 

Осының  бәрі    сахна  төрінде    әртістердің 

күлкілі  қимылдары,  жүріс-тұрысы,  сөз  сап-

тауы арқылы айрықша сомдалды. 

«Самға»  жастар  театры  мүшелерінің 

дені  ата  жұртты  аңсап  жеткен,  іргелі  білім 

ордаларымызда  оқып  жүрген  жастар  екен. 

Олардың  арасында  ақын,  әнші,  биші,  саз-

гер  де  бар.  Бір  сөзбен  айтқанда    «сегіз 

қырлы, бір сырлы» дарын иелері. Жас бол-

са да, бұл ұжымның алға қойған мақсатын, 

жүйелі    жоспарын  көріп  марқайып  қалдық. 

Театр  ұжымы  алдымен  репертуарларын 

толықтырып, шеберліктерін шыңдап алмақ. 

Содан  кейін    алғашқы  гастролдік  сапарын 

облыс көлемінде жүргізбек. 

«Самға»  жастар  театрына  М.Мақатаев 

атындағы  сыйлықтың  иегері,  Алматы 

облыстық  Б.Римова  атындағы  драма 

театрының артисі, Көксу халық театрының 

көркемдік  жетекшісі  Мұса  Әжібековтің 

режиссерлік  етуі  жас  өнерпаздардың 

шыңдалуына  көп  септігін  тигізері  анық. 

Өйткені,  Мұса  аға  театр  сахнасында  ірі-ірі 

тарихи образдарды сомдаған өнер майтал-

маны, кинода өзіндік ерекше қолтаңбаға ие  

шебер актер ғана емес, сонымен бірге халық 

театрларында  бірнеше  спектакльдерді 

сәтті  сахналаған  режиссер.  Драматург  Ли-

дия  Егембердиевамен  шығармашылық  

тұтастығы Жетісу өңіріне «тандем» талант-

тар ретінде танылған қос жұбайлар.

«Болар  істің  басына,  жақсы  келер 

қасына»  дегендей,  театрдың  алғашқы 

шымылдығының  облыс  орталығындағы 

Мәдениет сарайында ашылуына демеушілік 

жасаған, 

Талдықорған 

қаласының 

«Құрметті  азаматы»  Мықтыбек  Рахымбе-

ковке  өнерсүйер  қауым  дән  риза  болды. 

Қашанда өнерді жан-тәнімен сүйіп, оның ел 

ішінде  өркендей  түсуіне  көмегін  аямайтын, 

«атымтай  жомарт»  атанған  ол,  бұл  жолы 

да  шеттеп  қалуды  жөн  көрмепті.    «Тегін 

адам  таз  болмайды»,  ұжымның  көркемдік 

жетекшісі  Фатих  Ақынұлы  бұрын  Қытай 

Халық  Республикасының  мәдениет  сала-

сында  қарымды  қызмет  атқарған  маман. 

Қаламыздың  оқу  орындарында  білім  ала-

тын  жас  таланттарды  жинап,  өнерге  бейім 

қыз-жігіттерді  әрі  қарай  баулып,  шәкірт 

тәрбиелемек  ойы  бар  екенін  де  жұртқа 

паш  етті.  Қойылымның  соңында  «Тақиялы 

періште»  фильмінің  бас  кейіпкері,  ҚР 

Мәдениет қайраткері, «Алматы облысының 

«Құрметті азаматы» Әлімғазы Райымбеков 

жастарға ақ батасын беріп, шығармашылық 

сәттілік тіледі.

Камшат ОСПАНОВА,

4 курс білімгері.

Үш тұғырлы тілді біл



"Газет – халықтың  көзі ,  құлағы һәм тілі",- деп Ахмет 

Байтұрсынұлы  айтқандай, айналадағы, оқиғаларды хабарлап 

отыратын, қоғамдағы құбыластарды зерттейтін сала – журна-

листика. Өз мамандығының нағыз  хас шебері ғылыми теорияға  

бай, тез тіл табысатын, зерек, жан-жақты болуы керек. Журна-

лист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхат-

пен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты болғандықтан

ағылшын тілін жетік меңгеруге аса үлкен мән береді.

Ағылшын 


тілінде 

сөйлеуді 

қалыптастырудың  маңызы  өте  зор.  Біздің 

заманымыздан бұрын өмір сүрген ғалымдар 

оның  ішінде,  Әбунасыр  әл-Фараби  соның 

барлығын  түгелдей  жілігін  шағып,  май-

ын  ішкен.    Халықаралық  тілдердің  саны 

алтау  болғанымен,  ішінде  ең  танымалы  - 

ағылшын  тілі.  Оны  барлығы  да  меңгеруге 

тырысуда.  Біреулері  өз  бетінше  меңгерсе, 

екіншілері  арнайы  дайындық  топтары-

на  барады.  Әлемде  күн  сайын  болатын 

өзгерістер  мен  жаңалықтарды    біз  ақпарат 

құралдары, газет-журнал арқылы біліп оты-

рамыз.    Ағылшын  тілінің  Қазақстандағы 

рөлінің арта түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік 

мәртебесін іске асыруда зор маңызға ие. Тіл 

үйренудің  ешқандай  зияны  жоқ,  керісінше 

пайдасы орасан. Ана тілді білуге тиісті емес, 

міндеттіміз дер едім. Ал, басқа мемлекеттің 

алдында  өз  еліңнің  дәрежесі  биік  екенін 

мойындату  үшін,  тілді  жетік  меңгеру  артық 

етпес.  Елбасымыздың  міндет  етіп  қойған 

мақсаттардың бірі - бәсекеге қабілетті мем-

лекет құру, осы жолда жас ұрпақтың тигізер 

үлесі зор. 

Бүгінгі  таңда  жоғарғы  оқу  орында-

рында  шет  тілін  кәсіби  деңгейде  оқыту  

басты  орында  тұр.  Яғни,  әрбір  білімгер  өз 

мамандығына  байланысты  шет  тілін  жетік 

меңгеріп,  одан  әрі    дамыта  алады.  Со-

нымен  қатар  шет  мемлекеттерге  шығып, 

мол  тәжірибе  жинақтауға  мүмкіндігі  бар.  

Еліміздегі 

беделді 

университеттердің 

бірі  -  Ілияс  Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік  университетінде  шет  тілдерін 

кәсіби деңгейде меңгеру қолға алынған. 

Елбасының  «100  нақты  қадам  –  ұлт  

жоспарында»  тілдің  үш  тұғырлылығы 

жөнінде  де  мәселе  қамтылған.  «Қазақстан 

халқы  бүкіл  әлемде  үш  тілді  пайдалана-

тын  жоғары  білімді  ел  ретінде  танылуға 

тиіс.  Бұлар:  қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл, 

орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі  және 

ағылшын  тілі  –  жаһандық,  экономикаға 

ойдағыдай кірігу тілі», - дегендей, шет тілін 

білу  сән  емес,  заман  талабы.  Мәдениетті, 

жан-жақты,  ұлтжанды,  рухани    дүниесі 

бай,  ағылшын  тілін  жетік  білу  біздің  басты 

мақсатымыз.  Туған  тіліңді  жетік  меңгер, 

қастерлей  біл.  Бірақ,  бір  тілмен  ғана 

шектеліп қоймай, тіл үйреніп, өзімізді тұлға 

болуға қалыптастыруымыз керек. Бұл біздің 

болашағымыздың  ғана  емес,  тұтастай 

ұлттың,  болашақтың  жарқын  болуының 

шешімі.  



Жұлдыз МҰСАХАН,

1 курс білімгері.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Жетісу 

университеті



ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ

бейсенбі, 11 ақпан, 

2016 жыл

8

ІШТЕ ПІКІР ӨЛГЕНШЕ

ЗАПЫРАН

ОЙМАЗДАҚ


Көңіл көлеңкесі

Құрбыммен  бірге  қыдырып  жүргенбіз. 

Бір  мезетте  оның  қалта  телефонына 

қоңырау  түсті.  Тұтқаның  ар  жағындағы 

бейтаныс адам жолығуын өтінген секілді. 

Екеуміз ақылдасып, келіскен жерге бардық. 

Ол  жерде  бізді  сүйкімді  келген  аққұба 

келіншек қарсы алды. Әлемдегі ең сұлу әйел, 

жүкті  әйел  дейтін  болсақ,  дәл  сол  сөздің 

қаншалықты  рас  екеніне  куә  болып,  іштей 

сүйсіндім. Шынымен де, бар сұлулығын өне 

бойына жиып алған жанға қарай берсеңіз де 

көзің тоймайды. Бірақ аз ғана уақыт ішінде 

ол әйелге деген сүйіспеншілігім су сепкендей 

басылды. Асыл жар, ардақты ана атанғалы 

жүрген  келіншектің  теріс  қылықты  серік 

еткені жаныма сондай батты. Темекінің көк 

түтініне  бойы  үйренген  әлгі  әйелдің  жүзін 

көргенде жиіркенішті сезімді бастан кештім. 

Ең алдымен, құрсақтағы шарананың жайы 

алаңдатты. Ол байқұс тіршілік көзін көрмей, 

көк түтінге тыныстаған күйінде ана бауырын-

да  жатқаны,  кез-келген  жүрегі  тірі  жанның 

жанына  бататын  дерт.  Мұндайда,  өмірге 

келетін сәбидің дені сау бола ма деген күмән 

санаңда  тұрады  екен.  Мендегі  жиіркеніш 

сезімді  қасымдағы  құрбым  да  сезсе  керек, 

ол оның теріс әрекетіне тосқауыл болуға ты-

рысып бақты. Бірақ, әлгі әйелге ақыл-кеңес 

айтпақ  түгілі,  сөйлеудің  өзі  мүмкін  емес. 

Тыңдайтын құлақтың жоқтығы қарнымызды 

аштырды. Желге ұшқан қайран сөздер-ай!

Қашанда  ана  құрсағы  киелі  әрі  қастерлі 

екені  о,  бастан-ақ  баршамызға  белгілі. 

Талай  ана  ақиық  ақындар  мен  ғұлама 

ғалымдарды,  қайсар  ұл  және  намысты 

қызды өмірге алып келді. Ал, жатырын ащы 

су  мен  көк  түтінге  улауға  жол  берген  ана-

дан салиқалы ұрпақ түгілі дені сау баланың 

өмірге келуі екіталай.

Назымен 


күйдіретін, 

күлкісімен 

сүйсіндіретін талшыбықтардың қылығы мен 

былығын көріп қана қоймай, шамамыз кел-

генше  зиянды  әдеттен  шектеуге  қол  ұшын 

берсек  екен.  Ұлымыздан  ұят,  қызымыздан 

қылық кетпесін деп тілейік. 

Жадыра ШАТЫРБАЕВА,

білімгер.

Қазақ қазақ болғалы қыздары еш уақытта 

шаш  жайып,  мазақ  болмаған.  Бұрымын 

қос етіп өріп, жинап, шашбау тағып жүрген. 

Шашбауының  сылдырынан  кім  келе 

жатқанын  сезген.  Шашқа  түрлі  күтім  жа-

сап,  тіпті  шашқа  арналған  шашқаптар  да 

киген.  Қазіргі  әжелерімізді  байқар  болсақ, 

әлі  күнге  дейін  шашын  жинап,  бір  қылын 

жерге  түсірмей  түйіп  қояды.  Тәрбиенің 

мықтылығын айтсаңызшы, түскен шаштары-

на  дейін  жинап  жүретіндерінің  өзі  де  тәлім 

емес пе? Жалпы, зерттеу бойынша адамның 

шашы  магнит  секілді  екен.  Күнделікті  шаш 

тарағаннан-ақ  оның  жоғарыға  ұшатынын, 

энергияға толы екенін көре аламыз. Шаштың 

беріктілігін  алюминиймен  салыстыруға  бо-

лады.  Бір  шаштың  өзі  100-ден  200  грамға 

дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шама-

сы келеді. Әйел адамның бұрымы 20 тонна 

салмақтағы затты көтеріп тұра алады дейді 

мамандар.  Міне,  осындай  күш  қуатқа  ие 

шашты жинап, буып-түйіп жүргеніміз абзал 

болар еді. Өйткені, шаш жаюдың зияны өте 

көп. Әйелдердің күніне 70 тал шашы түседі 

екен.  Айтпаса  да  түсінікті,  бос  шаш  жерге  

түсуге бейім. Жерде жатқан зат аяққа басы-

лады, ал аяққа басылған нәрседе не қадір-

қасиет  болады.  Жерде  жатқан  шаштың 

да  сұрауы  бар  екенін  ұмытпайық.  Көшеде 

қалай  болса  солай  шаш  жайғанның  жөнi 

осы екен деп, сайтанға айналған сұрықсыз 

бойжеткенге  қарап  көзiң  ұялады.  Шашын 

ары лақтырып, бері лақтырып асханада да 

отырады, сабаққа емес бар көңілі шашына 

ауып дәріс те тыңдамайды, далада шашын 

тарап,  түскенін  сонда  тастап  кете  барады. 

Әсіресе, шаш жайған жас қыздардың шаш-

тары  адам  үстіне  жабысып,  жиіркеніш  ту-

дыратыны  сөзсіз.  Түрлі  мекемелерде  еден 

жуатын  апайлар  да  қыл  тазалап  дәрмені 

құрыған.  Одан  қалса  қоғамдық  көліктерде 

сыпыртқыдай  сол  шаш  қоқыс  жинайды. 

Автобустарға  адам  көп  мінген  кездері  ша-

шын  жайған  бойжеткендеріміз  елге  әбден 

кедергі.    Автобус  ішінде  шашын  жайып 

алып,  адам  ары-бері  өткенде  сол  шашы 

жұлынып,  әркімнің  үстіне,  я  бетіне  жа-

бысып,  ұйпа-тұйпасы  шығып  мезі  болып 

тұрған қыздарды көп кездестіреміз. Онымен 

қоймай қызық іздеген жігіттер шашты тартып 

ойын  етеді.  Ал,  мәселеге  тереңірек  үңілер 

болсақ,  әйелдің  шашы  ерлер  үшін  маг-

нит.  Сыртқы  сұлулықтың  80  пайызы  шаш-

та.  Әйел  шашын  иіскеген  ер  мас  адамның 

кейпіне түсетінін ғалымдар дәлелдеген екен. 

Шашы  бетін  жапқан,  қолында  ұялы  теле-

фон,  екі  құлағына  құлаққап  киіп,  өзімен-өзі 

мәз  болып  тұрған  бойжеткенді  көрсеңіз, 

құтты бір есі ауысқан жан дерсіз. Әрине, бұл 

айтпағымыз мүлдем шаш жіберуге болмай-

ды деген әңгіме емес. Себебі, кешкі отырыс- 

тарда үстіне киген сәнді көйлегіне сай шаш 

жіберу  үлгісінің  барлығына  да  сәнгерлер 

кеңес береді. Бұл дәм әзірлегенде, көпшілік 

ортада  орнын  білсін  деп  келтіріліп  жатқан 

мысал ғана.  

Қазақ  екі  жағдайда  ғана  шаш  жайған, 

әрине,  ол  жағдайдың  бетін  аулақ  етсін,  

бірі – елді жау шауып, ел  иесіз қалғанда, 

екіншісі – күйеуі мезгілсіз қазаға ұшырағанда 

әйелдер  шашын  жайып  жоқтаған.  Қазақ  

қыздарына «шашыңды жайма» деген тый-

ым  сөз  төркіні  осындайдан  шыққан.  Ал, 

қазіргі таңда сол жесір үлгісі сән болғаны 

ма?  Шашын  жайып  жүрген  қыздан  гөрі 

шашын  жинап  жүрген  қыздарымыз  биязы, 

әдемі көрінбей ме! Аяулы қыздар, шашбау 

тақпасақ  та  шашымызды  жинап,  қазақ 

қызы деген қадірлі атты өшірмей жинақы 

жүрейікші!

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет