3 (29) 2015 (мамыр-маусым) 3


Үшінші  және  әрдайым  есте  болатын



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата06.03.2017
өлшемі7,35 Mb.
#7874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Үшінші  және  әрдайым  есте  болатын 

жағ дай, ол – білім алушыларды оқуға, бі-

лім ге деген қызығушылығын оятып, ын-

та сын арттыру мәселесі. 

Ынталандырудың  бірнеше  түрлері  бар. 

Олар: 

Бі ріншіден, 5-9 сынып оқушыларына ар-



нап  Дарынды  Оқушылар  Ассоциациясын 

құ ру. Оның құрамына тек озат оқушыларды 

қабылдау. Одақтың мақсаты – оқушыларды 

оқу процесінен бөлек қоршаған ортамен, бас-

қа сынып оқушыларымен, ұстаздармен ете-

не жақын араласуына жағдай жасау. Өзінің 

идеяларын  іске  асыруға  мүмкіндік  беру,  ой 

бөлісуге бейімдеу. Түрлі мәдени-ақпараттық 

шараларға  қатысуға  жол  ашу  және  басқа 

оқу шыларды жақсы оқуға қызықтыру. 

Екіншіден, көтермелеу (поощрение).

- әр аптаның соңында марапаттау (кіші гі-

рім сыйлық немесе мақтау қағазы);

- мектеп газетінде сол оқушы туралы ма-

қа ла жариялау;

- тағы сол сияқтылар.

Үшіншіден,  мұғалімнің  кей  өкілдіктерін 

(пол номочия) оқушыларға бөліп беру:

- мектеп колонкасын жүргізу;

-  сыныптың  интернет-блогын  ұйым дас-

ты рып, алып жүру;

- пиар (сынып сағатына қызықты адамдар-

ды шақыру) құқықтарына иелік ету.

Төртіншіден,  еркін  сабақ  ұйымдастыру. 

Бір апта ішінде өзін жағымды жағынан көр-

сет кен оқушыларға (сабақта және қоғамдық 

жұмыстарда) бір сабақты өз қалауы бойын-

ша өткізуге мүмкіндік беру (лекция, дискус-

сия, видеороликтер қарау).

Бесіншіден,  сабақтан  тыс  уақытта  өзін 

көр сете  білген  оқушыларға  мақтау  қағазын 

бе ру (тіпті сенбілік болсын).

Алтыншыдан, сыныпта құрмет тақтасын 

жүр гізу. Жетістікке жетсе сол құрмет тақ та-

сы на суреті ілініп, аты-жөні жазылады. Бірақ 

ке лесі жолы төмен көрсеткішке ие болса, ор-

нын басқа оқушы иемденеді.

Жетіншіден,  оқу  кабинеттерінде  Smart 

Board  интерактивті  тақталарын  орналас-

ты ру.  Технологияның  оқу  процесіне  әсе рін 

зерттеушілердің  айтуы  бойынша,  инте рак-

тив ті тақтаның арқасында оқу шы лардың нә-

ти желері жоғарылаған. Сы нып та ғы дискус-

сия дамып, сабақтар көңілді өтетін бол ған. 

оқушылардың қолынан бәрі келеді: үлкен 

эк ран бәріне бірге жұмыс жасауға мүмкіндік 

бе реді, оқушылар тақтада қолмен не маркер-

мен  жазуға,  суреттер  салуға,  қажет  ойлар-

ды ерек шелеуге, өзінің ойына сақтап қалуға 

мүм кіндік алады;



27

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

-  әртүрлі  оқыту  стилін  қолдануға  мүм-



кіндік береді: визуалды, аудиалды, кинес те-

ти калық.  Оқушылар  үлкен  түрлі-түсті  су-

рет тер  мен  диаграммаларды  көріп,  әртүрлі 

қы рынан бұрып қарай алады. Материалмен 

фи зикалық  тұрғыда  байланысты  болады: 

әріп терді,  сандарды,  сөздер  мен  суреттерді 

өз  қолымен  ауыстырып,  жаңа  тақырыпты 

то лық ұғынады;

- сыныптағы аудиторияның назары тү гел-

дей тақтада болады: интерактивті тақта оқу-

шы ларды сабаққа белсене қатысуға үйретеді, 

оқушыларды  басқа  елдің  мәдениетімен  та-

ныс тыру үшін кез келген елге интерактивті 

сая хат  жасауға  болады.  Пифагор  теорема-

сын түсіндіргенде үшбұрышты әр қырынан 

ай налдырып, «тірі» геометрия сабағын өт кі-

зу ге мүмкіндік пайда болады.

Ынталандыру  әдістерін  жіктелуі  мен 

олар ды  іске  асыру  жолдары  келесі  кестеде 

берілген (2-кестега қараңыз). 

2-кесте 


 

№ 

Әдіс 



Іске асыру жолдары 



Мадақтау 

қолдау, қуаттау, алғыс жариялау,  мақтау қағаздары, сыйлықтар 



Жазалау 

 

қосымша міндеттер таңу, кей құқықтардан айыру не шектеу, моральдық сөгіс не 



айып тағу, жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын-ала сақтандыру, айыпқа 

сай талап қою 



Жарыстыру 

бәсекелестік, бедел 



Субъектив-

прагматикалық 

әдіс 

 

Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі 



- өмірге деген прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман 

оқушысы  өзіне,  өз  жолдастарына  оқу  маған  не  береді,  неге,  қай  уақытта  ол 

қажет, одан түсер пайда қандай деген сауалдарға жауап іздейді. Педагогикалық 

процестегі  жетістік  әр  оқушының  қабілетіне  байланысты  болады,  әрі  ол 

табысты  қолға түсіру бала даралығына орай келеді. Субъектив-прагматикалық 

әдістің нақты іске асыру жолдары төмендегідей: 

-тараптар міндеттері анық көрсетіліп, оқытушы мен оқушы арасында жасалған 

келісім-шарт (контракт); 

-оқушы  және  ата-аналар  ортасында  келісіммен  түзілген  жеке  өзіндік  жетілу 

бағдарламасы (өзіндік тәрбие мазмұны); 

-жеке  қызығушылықты  арттыру  үшін  оқушылар  қалаулары  бойынша  түзілген 

төлемді оқу-тәрбие топтары; 

-құқық  бұзуға  бейім  балалармен  тәрбие-сақтандыру  жұмыстарын  жүргізуге 

арналған «тәрбиешілік топтары»; 

-ең  соңғы  техникалық  құралдар  және  электронды-есептеу  машиналары 

жәрдемімен  оқушылардың  үлгерімін,  мінез-құлығын,  әлеуметтік  дамуын 

үздіксіз бақылауға алу, яғни мониторинг жүргізу; 

-техникалық  құралдармен  жинақталған  сандық  және  сапалық  көрсеткіштер 

нәтижесі  негізінде  оқушының  жеке-дара  даму  бағытын  анықтап,  тұлғаның 

қажетті  қасиет-сапаларын  алдын-ала  жоспарланған  арнада  тәрбиелеудің 

«сценариін» түзу; 

-ұдайы өткізіліп тұратын ойын, жарыс, курстарға байланысты әрбір оқушының 

тәрбиелік,  әлеуметтік  кемел,  азаматтық  дәрежесін  анықтау  үшін 

ұйымдастырылатын тест-байқаулар; 

-тәртіп  бұзушыларды  жазалау  мақсатында  қолданылатын  айыппұл  төлету, 

құқықтары  мен  еркіндігінен  айыру,  әлеуметтік-қоғамдық  басымдықтарын 

(привелегии) алып тастау және т.б. секілді шараларды пайдалану. 


28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Жалпы  ынталандыруда  мұғалімнің  есте 

ұс тайтын негізгі ережелері:

оқушыларды  мақтауға  тұрарлық  ісі 



үш ін мақтау

сындарлытүрде сынау



әрқайсының дамуына көмектесу

оқушыларды  маңызды  мәселелерді 



ше шуге тартып отыру

нақты және орындалатындай мақ сат-



тар ды белгілеу

адал және татулық қарым-қатынасты 



ұс тану.

Қорытындылай  келгенде,  мұндай  жаңа 

әдіс-тәсілдермен оқыту негізінде білуге ғана 

ем  ес,  үйрене  бiлуге  деген  құмарлығын  оя-

тып,  әрқайсының  бойларында  білім  алуға 

құш  тарлығын  қалыптастырамыз.  Жаңа  оқу 

әді сі оқушылардың бойында:

- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;

- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;

- сыни ойлау дағдыларын дамытады;

- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi арта-

ды;


- шығармашылық ойлау қабілеті дамиды 

жә  не т.с.с.

Сонымен, жаңа оқу әдістерін жүзеге асыру 

жол  дары, біріншіден, сабақты ұйымдастыру 

кезеңдерін дұрыс іске асыруға мән беруден 

бас талады екен. Яғни, бұл әдістер аудитори-

яны жаңа талаптарға сай қажетті ақпараттық 

құ ралдармен  қамтамасыз  ету,  парталардың 

дәстүрлі  орналасуынан  өзгеше  стильде  бо-

луы,  оқушыларды  топтық  ұжымда  жұмыс 

жа сауға  дағдыландырумен  ерекшеленеді. 

Бұл болашақ студенттік шаққа дайындықтың 

бір бөлігі болып табылады. 

Екіншіден, сабақты жаңа технология бо-

йынша  жүргізу.  Мәселен,  негізгі  мектеп 

оқу шыларын  дифференциалды  оқыту  әдісі, 

өзін-өзі  бағалау  әдісі,  деңгейлеп  оқыту,  құ-

рас тырмалы-модульді  жүйе,  ойын  техноло-

гиясы, т.б. әдістер бойынша оқыту тиімді әрі 

нә тижелі деп саналады.

Үшіншіден,  қазіргі  кезде  оқушылардың 

са баққа  деген  қызығушылығын  арттырып, 

күн делікті оқуға ынта-жігерін оятудың түр-

лі  әдіс-тәсілдерін  қолдану  қажеттігін  қана -

ғаттандыру.  Қазіргі  мектептерде  ын та  лан-

дырудың  мақтау-мадақтау,  жазалау,  құр-

меттеу,  субъектив-прагматикалық,  т.б.  әдіс-

терін қолдану тиімді екені іс жүзінде дә лел-

ден ген. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы, 2007.

2 Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы. – Ал-

маты, 2013.

3 Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика: оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2004. - 420б.

4 Нуриев М.А. Оқытушыларды даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. // Ұлттық тәрбие. 

– 2011, №1 (4).

5 Коменский Ян Амос: Учитель учителей («Материнская школа», «Великая дидактика» 

и др. произв. с сокращ.). – М.: Карапуз, 2009, - 288 с. 


29

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ӘОЖ 37.376



Б.А. Тұрғынбаева

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология мамандықтары кафедрасы, 

п.ғ.д., профессор

Ғ.Қ. Бейсенбаева

Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс 

магистранты

ШЕТЕЛДІК НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ 

ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ

Мақалада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды айта отырып, оларды оқыту мен тәрбиелеудің 

негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерін 

дамыту, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосылуы жайлы, сондай-ақ, 

шет  елдік  нормативтік  құжаттарды  қарастыра  отырып,  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды 

әлеуметтендіру, қоршаған ортаға бейімдеу, оларды қоғамның толық мүшесі ретінде қарау 

жағдайы  қарастырылған.  Біріккен  Корольдіктегі  мүгедектерге  жұмыс  берушілер  тара-

пынан  жасалған  жағдайлар  туралы,  Канадада  мүгедектерді  кемсітпеу  жайында,  Индияда 

мүгедектерді  жұмыспен  қамту  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  Герман  Ре-

спубликасында  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  құқықтарын  қорғау  және  АҚШ-тағы 

мүгедектерге көмек көрсетудің қалыптасқан жүйесімен танысасыздар.

Түйін сөздер: мүмкіндігі шектеулі бала, әлеуметтік бейімдеу, маргинализация, психо-

логия.

В статье рассматриваются о детях с ограниченными возможностями, помимо основных 

обязанностей,  как  обучение  и  воспитание,  полное  формирование  личности  ребенка,  раз-

витие познавательной деятельности, об их присоединении как равноправные члены обще-

ства, а также рассмотрев иностранные нормативные документы социализация детей с огра-

ниченными возможностями, приспособление в окружающую среду и рассмотрение их как 

равноправные члены общества. Ознакомление сформированной системой оказания помо-

щи инвалидам в США и защита прав личности с ограниченными возможностями в Гер-

манской Республике, о защите прав инвалидов и их трудоустройство в Индии, неунижение 

инвалидов в Канаде, об осуществленных условиях инвалидам от стороны работодателей в 

Объединенном Королевстве.

Ключевые  слова:  детей  с  ограниченными  возможностями,  социальной  адаптации, 

маргинализации, психология.

This article are considered about children with restricted opportunities, besides fundamental 

obligations as tutoring and education, the complete formation personality of the child, development 

of cognitive activity, about their accession as equal terms of society, and also having considered 

foreign normative documents socialization of children with restricted opportunities, the adaptation 

in a surrounding medium and their consideration as equal terms of society. Acquaintance by the 

created system of assistance to disabled people in the USA and protection the rights of the person 

with restricted opportunities in the German Republic, about the rights protection of disabled people 

and their employment in India, not humiliation of disabled people in Canada, about the carried-out 

conditions to disabled people from the party of employers in the United Kingdom.



Keywords: children with disabilities, social adaptation, marginalization, psychology.

30

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Қоғамның  ауқымды  орын  алып  отырған 

ең  өзекті  мәселердің  бірі  мүмкіндігі  шек-

теу лі тұлғалар мәселесі. Олардың өмірге да-

яр лық  процесі  тар  шеңберде  өтетіндіктен, 

бұл  тұлғалардың  әлеуметтенуі  де  өзіндік 

ерек шеліктерге  ие.  Бүгінгі  таңда Қазақстан 

Рес публикасында  мүгедектерді  әлеуметтік 

қор ғау мәселелерімен байланысты он шақты 

нор мативтік  құқықтық  актілер  жұмыс  іс-

тей ді.  2005  жылы  13  сәуірде  қабылданған 

«Қазақстан  Республикасында  мүгедектерді 

әлеу меттік  қорғау  туралы»  Заңы  Қазақстан 

Республикасының  Ата  Заңына  негізделеді. 

Сон дай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мә-

селесі  әлемдік  деңгейдегі  өзекті  про бле ма-

лар дың бірі деп артық айтпаған болар едік.

Сондықтан  да  шет  елдік  заңдық  нор ма-

тивтік құжаттарға талдау жасауды жөн көр-

дік.


Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік са-

ла сында  еңбек  ету  мүмкіндіктері  шектеулі 

тұл ға деген ұғымдар жиі пайдаланады. Ол бұ-

рын ғы «мүгедек» терминінің орнын басады, 

өйт кені «мүгедек» деген адамның жұмысқа 

жа рамауын, қабілетсіздігін білдіреді. 

Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлға, 

ең бек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға, бі-

лім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлға 

тер миндері біршама тиімді және адам намы-

сын қорламайтын болып саналады. 

Мүмкіндігі  шектелген  балалар  -  әртүрлі 

ке містіктің  салдарынан  әлеуметтік  ортамен 

өз ара қарым-қатынасы қиынға соғады, болып 

жат қан өзгерістер мен талаптарға көңіл бөлу 

қа білеті  төмендейді.  Олар  өз  мақсаттарына 

же  туде  ерекше  қиындықтарды  сезінеді  де, 

бел сенділігі  төмендеп,  жағымсыз  реакция-

лар  пайда  болып,  тәртіптерінде  ауытқулар 

пай  да  болады.  Әлеуметтік  бейімдеу  кемтар 

ба лалардың қоғамдық ортамен белсенді ара-

ласуына  мүмкіндік  туғызып,  жалпы  жағ да-

йын жақсартады. 

Әлеуметтік бейімдеу (латын тіліне adapto-

үй рену, бейімделу) – жалпы қоғамдық талап-

тар жүйесіне сәйкес кемтар балалардың ар-

на йы  топтарына  арналған  немесе  жеке  бас 

та лаптарына  сәйкес  ережелерге  бейімдеп 

үй рету деген [1]. 

Біріккен  Корольдікте  мүгедектік  белгісі 

бо  йынша кемсітуге тыйым салынатын 1995 

жы лы  заң  жұмыс  берушілерге  «ыңғайлы 

құ  рылғыны  енгізуді»  міндеттейді.  Бұл  мін-

дет  теме  жұмыс  берушінің  «кез  келген  үй-

жа йының  сипаттамасы»,  «аталған  мү ге -

дек  ті  тұтастай  алғанда  басқа  адамдармен 

са лыстырғанда  ыңғайсыз  жағдайда  қал  ды-

ратын»  ретте  қолданылады.  Мұн дай  жағ-

дай да «жұмыс беруші барлық жағ да ят тарды 

қи сынды  түрде  ескере  отырып,  атал ған 

жоспарлаудың  немесе  сипаттаманың  мұн-

дай  салдарларға  әкелуіне  жол  бермеу  үш ін 

шаралар қабылдауға міндетті» болады. Ат ап 

айтқанда:

Үй-жайға құрылғы енгізу;



басқа қызметкерге мүгедектің кейбір 

қыз метін тапсыру;

аталған тұлғаның жұмыс кестесін өз-



гер ту;

мүгедекті басқа жұмыс орнына ауыс-



ты ру;

мүгедекке  оңалтудан,  медициналық 



куә ландырудан немесе емделуден өтуі үшін 

жұмыс уақытында жұмыстан қол үзе тұ ру ы-

на мүмкіндік беру;

аталған тұлғаны даярлық курсына жі-



бе ру немесе бағыттау;

жаңа құрал-жабдық сатып алу немесе 



бұрыннан барын түрлендіру;

нұсқаулықты немесе нормативтік құ-



жат тарды өзгерту;

емтихан немесе аттестация өткізу рә-



сім дерін өзгерту;

жазбаша мәтінді оқи алатын тұлғаның 



не месе  ымдау  тілін  білетін  аудармашының 

қыз метін көрсету;

қолдау көрсету;



Канадада  мүгедектердің  құқықтары  мен 

мүд делерін  қорғауға  бағытталған  ауқымды 

заң нама бар. Атап айтқанда, бұлар: Зағиптар 

ту  ралы акті [2]; Мүгедектер туралы акті [3]; 

Мү  гедектерді кәсіби оңалту туралы акті[4]; 

«Ка нададағы  адам  құқықтары  туралы»  заң 

[5].

Канада  заңы  мүгедектерді  кемсітуге  ты-



йым  салады  және  мүгедектерге  тауарлар 

31

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

мен  қызмет  көрсетулер,  тұрғын  үй,  жұмыс 

жә не  т.б.  берген  кезде  кемсітуден  қорғауды 

да мытуды  көтермелейді.  Бұл  заңдарда  мү-

ге дектерді оңалтудың ақпараттық қызметін, 

кә сіптік  даярлау  жөніндегі  қызметті,  түзеу-

ме дициналық  қызметті,  мүгедектерді  оңал-

ту дың техникалық құралдармен қамтамасыз 

ету қызметін құру мәселесі көрсетілген. Ка-

на дадағы  білім  беру  жүйесі  мүгедектерді 

мек тептен  университетке  дейінгі  барлық 

ден гейде  оқыту  мүмкіндігін  заңды  түрде 

көз деген.

Герман  Федеративті  Республикасында 

азаматтық құқығында жеке адамдар ара сын-

дағы  қарым-қатынас  кезінде  мү ге дек тер ге 

залал  келтіруге  тыйым  салынған.  Алай  да 

Германия  Ата  Заңында  бірдей  өмір  жағ да-

йын  немесе  бірдей  мүмкіншілік  бел гі леу 

үш ін  мүгедектерге  артықшылық  беру  не-

ме се  жәрдем  көрсету  талаптары  жоқ.  Бұл 

мә селелер  «қарапайым  заңнаманың»  құ зы-

ре тіне кіреді, онда олар «өз мүмкіндігі шең-

бе рінде және әлеуметтік мемлекет принципі 

ес керіле отырып» шешіледі.

Германияда мүгедектерді әлеуметтік қор-

ғау дың үш нысаны, атап айтқанда, әлеуметтік 

сақ тандыру, өтемақы және көмек түрлері ай-

қын  көрінетіндігін  айтып  өту  керек.  Мү ге-

дек терді әлеуметтік қорғау мәселелері: 1974 

жыл ғы  «Мүгедектер  туралы»;  1974  жылғы 

«Оңал ту жөніндегі бірыңғай шаралар тура-

лы»; 1979 жылғы «Қоғамдық көлікті пай да ла-

нуда мүгедектерге жәрдем көрсету туралы»; 

2000  жылғы  «Мүгедектер  арасындағы  жұ-

мыс сыздықпен  күрес  туралы»;  Әлеуметтік 

заң нама Кодексі заңдарымен реттеледі. 

Көрсетілген актілерде мүгедектер құ қық-

тары мен оларды оңалтуды қамтамасыз ету 

мәселелеріне  қатысты,  соның  ішінде  олар-

дың  сайлау  құқығына,  оқуға,  білім  алуға, 

қо ғамдық  көлікті  пайдалануға,  жұмыс  ор-

нын дағы  арнаулы  құрал-жабдықтарға,  ең-

бек  нарығында  олардың  жағдайын  жақ сар-

туға, тұрғындардың осы санатының жұ мыс-

сыздығын төмендетуге кепілдіктер бар [6]. 

Индияда 1995 жылғы «Тең мүмкіндіктерді 

қам тамасыз  ету  туралы,  мүгедектердің  құ-

қықтарын  қорғау  туралы  және  толық  қа-

тысуы  туралы»  заңы  неғұрлым  кең  көз қа-

рас қа негізделген: оған бір мезгілде әртүрлі 

са лалардағы кемсітуге тыйым салатын ере-

желер,  мемлекеттік  және  жеке  меншік  ме-

кемелері  үшін  қызметкерлерді  іріктеу  бағ-

дар ламасында  мүгедектерге  белгілі  бір 

орындар берілетін квота жүйесін пайдалану 

ар қылы мүгедектердің мүддесіне сай па йым-

ды  кемсітуді  қамтамассыз  ететін  ережелер 

кіреді.  Бұдан  басқа,  онда  мүгедектерді  жұ-

мыс пен қамтуды көтермелейтін мекемелерге 

ар налған ынталандыру шаралары көзделген 

жә не оларға салықтан босату, жәрдемақылар 

бө луде жеңілдіктер беріледі делінген [7].

«Тең  мүмкіндіктерді  қамтамассыз  ету 

ту ралы,  мүгедектердің  құқықтарын  қорғау 

ту ралы  және  толық  қатысуы  туралы»  заңы 

мү гедектер  саласындағы  саясатта  көптеген 

ша ралар қабылдауға ұлттық деңгейде де жә-

не мемлекеттік деңгейде де тұтас бір орган-

дар ды  бекітуге  және  мүгедектікті  ескерту 

жә не  білім  беру  салаларындағы  теңдікке 

мүм кіндік берді, атап айтқанда, ол па йым ды 

кемсіту  шараларымен,  әлеуметтік  қам сыз-

дандырумен, көлік құралдарына мініп-тү су-

мен және қоғамдық ғимараттарға кіріп-шы-

ғумен,  мүгедектермен  айналысатын  ме ке-

мелерді  құрумен,  мүгедектер  мәселесі  бо-

йынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүр гі-

зу мен және т.б. кепілдендіруге тиіс.

Конвенция  ережелеріне  сәйкес  адамға 

«ың ғайлы құрылғы» жасап беруден бастарту 

мүгедектік белгісі бойынша кемсітумен бір-

дей болатынын айта кету керек. Яғни, кем-

сі тудің кез келген анықтамасында осы заңда 

«ың ғайлы  құрылғыдан»  бас  тарту  кемсіту 

ак тісі болып табылады. 

Мүгедектерді  қолдауда  ең  дамыған  ел-

дер дің  бірі  Амерка  Құрама  Штаты.  АҚШ-

та  «Инклюжен»  деп  аталатын  бағдарлама 

жұ мыс  істейді.  Оның  негізі  «Оңалту  ак-

ті сімен»  (1973  ж.,  №93-112  заң)  және  мү-

ге дек  балаларды  оқыту  заңымен  (1974-

1975  жж.)  салынған,  сол  уақыттан  бері 

бұл  бағдарламаға  бірнеше  толықтырулар 

мен  өзгертулер  енгізілген.  20-ғасырдың 


32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

80-жылдары  Америкада  түрлі  деңгейдегі 

мү гедектердің  қажеттіліктерін  есепке  ала 

отырып, жаңа ғимараттар салу мен ескі ғи-

ма раттарды  қайта  салу  процесі  басталды. 

Бұл мақсаттың орындалуы үшін үкімет қо-

сым ша  қаржы  қаражатын  бөлді,  сонымен 

бір ге  осы  қабылданған  стандарттардың 

орын далуын бұзғандарға қатаң жаза қол да-

нылды. Азаматтардың мүгедектерге қа рым-

қатынасын  өзгерту  үшін  психологтар  мен 

басқа  да  мамандар  ойластырған  және  әзір-

леген жұмыстар жүргізілді. Осылайша, мү-

гедектер  қоғамның  тыныс-тіршілігінің  бар-

лық саласына қол жеткізіп, оларды дені сау 

адамдардың қабылдауы оң өзгеріске ұшы ра-

ды. 

Білім алуға кіріктіруге қатысты қиын дық-



тар бағдарламаларды жасауда, қызметкерлер 

да йындауда, мүгедек балаларды дені сау ба-

ла лардың қабылдауының психологиялық үл-

гі сін жасау кезінде туындады. «Инклюжен» 

үлгісі Даун синдромы бар бала дағдылы мек-

тепте оқи алады деп түсіндірілді. Әрине, ол 

үшін  оған  бөлек  бағдарлама,  өзінің  же ңіл-

детілген  тапсырмалары  дайындалады.  Кө-

бі несе бағдарламаның табысты жүзеге асуы 

мұ ғалімге байланысты.

Бұл үлгідегі білімді қолдау үшін мүмкінді-

гі  шектеулі  балалардың  сәтті  оқытылғаны 

ту ралы  бірнеше  фильм  түсірілді.  Алайда, 

АҚШ-та  арнайы  мектептерден  де  бас  тарт-

пай ды, бірақ та баланы онда басқа амал қал-

ма ғанда ғана орналастырылады.

АҚШ  әлеуметтік  қамтамассыздандыру 

жай лы сөз қозғағанда, мүгедектерге ме ди ци-

на лық көмек көрсетілетінін, жәрдемақы мен 

өте мақы төленетінін, тұрғын үй тұрмыстық 

құрылғылармен қамтамассыз етілетінін және 

оқу мекемелеріне, бассейнге т.б. орындарға 

жеткізілетінін,  оны  әлеуметтік  қызметтер 

жү зеге  асыратынын  айтпай  кетуге  болмай-

ды. Үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қыз-

мет түрлері де пайдаланылады.

АҚШ-та  мүгедектерге  көмек  көрсетудің 

қа лыптасқан  жүйесі  жұмыс  істейді,  ол  ты-

ныс-тіршіліктің  барлық  саласын  қамтиды 

жә не ерекше мұқтаждығы бар адамның қо-

ғам ға мүмкіндігінше барынша кірігуіне жағ-

дай  жасайды,  сонымен  бірге  қоғамның  да 

мұн дай  жандарды  қабылдауын  қамтамасыз 

етеді. Әлеуметтік жұмыстарды жүзеге асыру 

ке зінде кешенді тәсіл және бағдарламаларды 

жа сауда білімнің түрлі саласында жұмыс іс-

тейтін  тұтас  бір  мамандардың  қатысуы  ма-

ңыз ды рөл атқарады. 

АҚШ-тың  Еңбек  департаменті  келтірген 

де ректер бойынша мыңдаған мүгедектер өз-

дерін шағын бизнес иелері ретінде табыс ты 

көрсете  білген.  Себебі,  мүгедектердің  жұ-

мыс  күші  ретінде  талап  етілуі  төмен,  олар 

жеке-еңбек  қызметімен  шұғылдануға  мәж-

бүр.  АҚШ-та  2000  жылғы  санақ  бойын ша 

мүгедектердің  ішінде  жеке-еңбек  қыз меті 

және  шағын  бизнесті  ұйымдастыру  тә-

жірибесінің  болу  көрсеткіші  (12,2  пайыз) 

мүгедек емес адамдармен (7,8 пайыз) са лыс-

тыр ғанда жоғары болған [7].

Кеңес  дәуірінде  дефектологияда  мүм-

кін дігі  шектеулі  тұлғаларды  қоғамның  бір 

мүшесі  ретінде  тәрбиелеу  концепциясы 

негізделе бастады. Осының арқасында мүм-

кін дігі шектеулі тұлғаларға деген мемлекет 

пен  қоғамның  қарым-қатынасы  бір  жүйеге 

ке ле бастады. 

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың ата-ана-

лары балаларын мектепке әкеле салысы  мен – 

ақ қоғамның «патерналистік» көзқарасымен 

кездесіп қала берді, шындығы, қазіргі күннің 

өзінде  білім  беру  жабық  интернаттар  тү-

ріндегі мекемелерде ұйымдастырылған. Яғ-

ни, ол кемтар балалардың әлеуметтік өмірге 

қа тысуындағы  мүмкіншіліктерінің  еріксіз 

шек телуіне  әкеледі.  Мүмкіндігі  шектеулі 

тұл ғалар қарапайым мамандықтарды игеруі, 

құқықтарын  қорғау  саласы  нашар  бол-

ғандықтан  маргинализация  жағдайын  ту-

ғызады. Маргинализация дегеніміз әлеу мет-

тік ортада қатынасу мүмкіндіктерді амалсыз 

шектеуді білдіретін ұғым, нақты әлеуметтік 

рөл дерді  таңдау,  әлеуметтік  қызметтерді 

орын дау, әлеуметтік және мәдени ақпаратқа 

қол жеткізу т.б.

ХХ ғасырдың екінші жартысында, екінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейін  бүкіл  әлемде 


33

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

де мократиялық,  ұлттық-бостандықты  жа-

рия лайтын  қозғалыстар  басталады.  Екінші 

дү ниежүзілік соғыстың салдары өмірдегі ең 

жоғары  құндылық-адам  өмірі  мен  бос тан-

дығы екенін көрсетті. Сол кезде 1948 жыл-

дан  бастап  «Адам  құқықтарының  Жалпы 

Декларациясы»  қабылданғаннан  кейін,  бү-

кіл  әлем  адамгершілік  бағытын  көздейтін 

ха лықаралық  құқықтық  құжаттар  құра  ба-

стады. Осылайша қоғамдық пайдалы еңбек 

пен  адамдардың  әлеуметтік  құндылығы  – 

қазіргі әлеуметтік оңалтудың басты мақсаты 

болып  саналмайды.  Ең  негізгісі  ол  рухани-

этикалық  және  әлеуметтік-экономикалық 

ығыс тыруды жою, мүмкіндігі шектеулі тұл-

ға  ларды маргинализациялау шараларын ал-

дын  алу.  Осыдан  мүмкіндігі  шектеулі  тұл-

ғалар  үшін  әлемдегі  қалыпты  тұлғалар  бе-

йім  делген  заңға  емес,  өздерінің  жеке  бас 

жағ  дайларына сай заңдарға ғана бағына ала-

тындай, тепе-теңдік мүмкіндігі туады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеу мет-

тен діру  үшін  мынадай  шарттарды  орын да-

ған да нәтижелі болады.

Тұлғаларды  белсенді  мәдени-қо ғам-



дық істерге араластыру;

Мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың 



іш кі егемендігін қалыптастыру;

Жоғары  оқу  орындары  оқы ту шы ла-



ры ның  толеранттылығы,  мейрім ділігі  және 

мүм  кіндігі  шектеулі  студенттермен  жұмыс 

жа  саудың әдістері мен технологияларын бі-

луі.


Әлеуметтенудің мәні адамның қоғамға бе-

йімденіп,  жекеленуі  болып  табылады.  Тұл-

ға ны әлеуметтендіруде тек қана қо ғам емес, 

ең бірінші әрбір адам белсенді рөл атқаруы 

тиіс.  Мүмкіндігі  шектеулі  тұл ға  еркіндікті, 

әлеуметтік интеграцияны қам та масыз ететін 

ор тада толыққанды және ла йықты өмір сү-

руі не көмектесетін ерекше күтім, білім және 

қа жетті дайындық алуға құқылы.

Мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларды  қо-

ғам ға қосудың екі жолы бар екенін атап өту-

ге болады:

1) Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қо ғам-

ға қосуды және қоғамның мүгедек балалар-

ды  өздеріне  қабылдауға  деген  дайындығын 

қарастырады.

2)  Мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  қор-

ша ған ортаға бейімделуін қарастырады. Бұл 

кез де мүмкіндігі шектеулі тұлға қоғамға қо-

сылудың  объектісіне  айналады,  яғни  олар-

дың әлеуметке үйлесімді түрде ену мүм кін-

дік терін шектейді.

Әлеуметтік ортаға енгізу - әлеуметтік қа-

ты настың жалпы жүйесіне және баланың өз 

жағдайына  қарай  білім  алу  ортасына  мүм-

кін дігі  шектеулі  балалардың  әлеуметтік  бе-

йім делуін қалыптастыру.

Бейімделу–бұл жеке тұлғаның әлеуметтік 

құ рылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі ба-

лаларды  әлеуметтік  ортаға  енгізудің  негізгі 

бір  факторы  -  ортаны  мүмкіндігі  шектеулі 

ба ланы қабылдауға дайындау.

Әлеуметтендіру бұл процесс белгіленген 

әлеуметтік  жағдайларды  жеке  тұлғаны  қа-

лып тастыру,  әлеуметтік  тәжірибелерді  мең-

ге ру  процесі,  бұл  кезде  адам  сол  ортада, 

топ та қабылдаған мінез-құлық ережесіне қа-

лып тасып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет