3 (29) 2015 (мамыр-маусым) 3


Тапсырма: Әкені  сыйлау  әдебі  туралы  өз  пі кі рің ді  жаз. 9 ҰЛТТЫҚ ӘДЕП



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата06.03.2017
өлшемі7,35 Mb.
#7874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тапсырма:

Әкені  сыйлау  әдебі  туралы  өз  пі кі рің ді 

жаз.


9

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

Ананы сыйлау әдебі

Мынау  жарық  дүниедегі  өрнекті  өр кен-

де ген өмір Құдіретті Күннің шуақ нұрынан, 

аяу лы ананың ақ сүтінен жаралған. Дүниеге 

кел тірген анамыздың аяулы саясында, сана-

лы өмір деген мың толқынды дүбірлі дүниеде 

адам дығымыз айқындалып, кісілігіміз то лы-

сып  тіршілігімізге  сәйкес  қымбатты  ғұ мыр 

кешеміз.  Сондықтан  да  «Ана  –  біздің  Кү-

німіз, Біз - ананың гүліміз» деп мақтан тұ-

та мыз.

Ана  тәрбиесі  от  басын  құруды  ой ла ға-



нынан басталады. Болашақ ана кіммен отау 

құру  керек  екенін  шешкенде,  болашақ  ұр-

пақ  ты тәрбиелеудің қамын ойлайды.

Аяғы ауырлаған ана жатырдағы ұрпақтың 

қозғала  бастаған  кезінен  (жатырда),  оның 

қа лыпты өсуіне қамқорлық жасай бастайды. 

Жерікті қандыру, шынығу, уақтылы та мақ та-

ну, кейімеу, таза ауада жүру, тазалық сақ тау, 

кө ңіл көтеру т.б. әдепті әрекеттер әр ша ра-

ның шаттығына себепші болады.

Дүниеге қалыпты келген нәрестенің жа та-

ғы жайлы, ұйқысы тыныш, тамағы тоқ болса, 

ол жыламайды. Ашусыз өскен баланың дені 

сау, көңілі көтеріңкі, өсуі қалыпты болады. 

Бес  айда  белгілі,  алты  айда  анық  отыра 

бас  таған нәрестенің отыруы, жүре бастауы, 

тіл үйренуі (ең әуелі ананың тілінде) бәрі де 

ана  ның тәлім – тәрбиелік тәсілдері арқылы 

жү р  гізіледі. 

Тіл ширату, оқыту, жаттату, ой-қиялын да-

мыту, нышандарын байқау, дарынын дамы ту, 

мі ніз-құлқын қалыптастыру, еңбекке үйрету, 

ден саулығын жақсарту, әдептілігін, әрін қа-

лып тастыру,  болашағына  жол  көрсету  т.б. 

тә лім–тәрбиелік  іс-әрекеттердің  тәсілдерін 

анаң  жан–жақты  білуге  тиіс.  «Ана  көрген 

тон пішер».

Ана  –  педагог,  психолог,  жыршы,  әнші, 

әде биетші, тарихшы, аса қамқоршы, ерекше 

ме йірімді тұлға. Баланың бақытты болып өс-

уі, көбінесе, анаға байланысты.

Әлпештеген ананы құрметтеу, сыйлау, ана-

ға қамқорлық жасау т.б. міндеттердің әдепті 

орын далуы  жеке  тұлғаның  әдептілігіне 

байла нысты.

Мына тақпақты жаттап ал:

АНА – БІЗДІҢ КҮНІМІЗ

Түнде тынып, жатпаған,

Күндіз тыным таппаған,

Бізді күтіп, баптаған,

Ана – біздің Күніміз:

Ананың біз – гүліміз.



Тапсырма:

«Мен анамды сүйемін» деген тақырыпта 

9-10 сөйлемнен құралған шығарма жаз.

Ағаны сыйлау әдебі

Қазақ халқында «аға – зордан, іні – бор-

дан»  деген  мақал  бар.  Аға  басқарушы,  іні 

оның  айтқанын  орындаушы  болуға  тиіс. 

«Аға сы  бардың  жағасы  бар»  деп,  іні  ағаға 

сүйенеді,  одан  үлгі  алады,  жақсы  ағаны 

сүйіп, оның тәлім – тәрбиесіне мойынсұнып, 

ағаға  ұқсап  өсуді  арман  тұтып,  абыройлы 

жолға түседі. 

Аға  –  қамқоршы,  тәрбиеші,  үлгі  -  өнеге 

көр сетуші.  «Кіп-кішкентай  інім  бар  –  кү-

лім деген күнім бар» деп, аға ініні жанындай 

жақ сы  көріп,  оған  қамқоршылық  жасайды. 

Та залығына,  іс-әрекетіне,  жүріс-тұрысына, 

үл кендермен,  айналасындағылармен,  адам-

мен қарым-қатынасының әдетті, әдепті бол-

у ын үйретеді, талап етеді.

Ағаның ініге, қарындасқа деген тәрбиесі – 

инабаттылықтың, қайырымдылықтың, ме йі-

рім діліктің - әдептіліктің белгісі. Тәрбие тә-

лім гері үлгілі - өнегелі болуға тиіс. Ол үшін 

ар дақты аға тәрбие тәсілдерін жан – жақты 

жақ сы  білуге  тиіс.  Іні  мен  қарындастың 

әдеп тілігін барлап, дарын – нышандарын та-

нып, оны дамыта білу үшін де ағаның адами 

қа сиеттері болуға тиіс.

Аға – ініге үлгі - өнеге көрсететін үл гі лі, 

әдепті,  білімдар,  өнерпаз,  мейірімді,  қа йы-

рым ды, іскер тұла болуға тиіс. Ағаның әдепті 

жү ріс – тұрысы, игілікті іс - әрекеттері, еңбегі, 

оқуы, шынығуы бәрі – бәрі өзінен кішілерге 

үл гі. Игілікке тәрбиелеу үшін тәрбие ісі сол 

игі  ліктерді  ізгі  ниетпен  кішілерге  көрсете 

білуі – қажеттілік.

Ініні, қарындасты тәрбиелеу үшін ағаның 

адам  гершілігі мен кішіпейілділігі өте қа жет. 

Өте  қатал  болып,  өзінен  кішілерді  жас қан-


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

10

ту  –  ыңғайсыз  тәсіл.  Тәрбиелеу  үшін  тәр -



биеленушінің  жақсылықтарын  тауып,  кем-

ші ліктерін  мойындата  білу  керек.  Өзін-өзі 

тәр биелей білген аға – нағыз қазақи аға бола-

ды. Іні мен қарындас ағаны сыйлау әдептерін 

жан-жақты орындауға міндетті. Ағаны сый-

лау, құрметтеу, аға тәлімін бұлжытпай орын-

дау әдептілікті көрсетеді.

Мына тақпақты жаттап ал:

АҒАМНЫҢ ҮЛГІСІ

«Айналайын інім!» деп,

Ағам маған күлімдеп,

Тәрбиесін береді:

Мені жақсы көреді.

Еңбек етем, тынығам,

Ағаммен бірге шынығам:

Өз ісіне шебердің

Үйренемін өнерін.

Мейірімді ағамның

Мен үлгісін аламын.

Тапсырма:

1.«Мен ағамды жақсы көремін» деген та-

қы рыпта шағын шығарма жаз.

Апаны ( әпкені) сыйлау әдебі

Қазақ  халқы  апаның  (әпкенің)  рөлін  жо-

ға ры  қойып,  оның  тәрбиелік  құзырларын 

қа лыптастырған.  Апа  анадан  кейінгі  от ба-

сындағы жауапты тәрбиеші болып есеп те ле-

ді.  Яғни  отбасындағы  тәрбиеде  апа  ана  қа-

лып тастырған  тәлім  –  тірбиелік  үрдістерді 

то лықтыра жалғастырады.

Ең әуелі әпке (апа - еке) ананы сыйлау рә-

сімдерін жақсы меңгеріп, анаға ең жауапты 

қамқоршы болады, көмекшісі, сүйеніші, шә-

кір ті, оқушысы, мұрагері болады.

Әпке ініге тіршіліктегі тірліктерді, сіңліге 

қол өнерін, сән өнерін, киім мен үй заттар-

ын, тазалықты сақтауды үйретеді. Ол анаға 

кө мекші бола жүріп өзі үйренген «қыз тір-

лі гін» сіңлісіне үйретеді. Ең әуелі заттарды 

күтіп  ұстауды,  тазалықты  сіңлісіне,  іні сіне 

үйретумен  қатар,  сіңлісіне  тамақ  да йын-

даудың,  дастархан  мәзірін  жасаудың  жол-

дарын  үйретеді.  Жаңа  технологиялық  те-

тік терге  байланысты  үй  шаруашылығын 

іс теудің  жолдарын  сіңлісіне  де,  інісіне  де 

үй рету тәсілдерін әпке жақсы білуге тиісті. 

Элек тротехникаға  байланысты  барлық 

«шаруа шылық» пен іс - әрекеттерді ең әуелі 

әп ке үйренеді, оны өзінен кішілерге үйретіп, 

өмір қолданыстарын әдеппен талап етеді.

Әсіресе отбасындағы өнер өрнегі әпке ар-

қы лы  өркендеп,  отбасы  иелерін  қуанышқа 

бө лейді. Өзі үйренген өнерін сіңлісіне, інісіне 

үй рете білу - әпкенің әдептілік міндеті. Да-

рын  –  нышандарын  айқындап,  оны  дамыта 

білу де әпке ата- анаға әрі көмекші болады.

Әпке өзінен кішілердің мінез-құлқын, іс-

әре кеттерін,  оқуын,  ойынын  қалт  жібермей 

қа дағалап,  оларға  жолбасшы,  кеңесші,  кө-

мек ші, әріптес, әдептес болады.

Кей жағдайларда тікелей ананың рөлін ат-

қарған әпке отбасындағы «екінші ана» мін-

дет терін  атқарады.Сондықтан  оны  отбасы 

ие лері сыйлап, әдептілік көрсетеді.



Мына тақпақты жаттап ал:

ЕКІНШІ АНА

Өркендеген өнері,

Өз ісінің шебері,

Күндей жарқын күлкісі,

Күнде жаңа үлгісі.

Білім-ойы – тамаша,

Бізді күткен анаша.

Отбасының тірлігін,

Нығайтады бірлігін.

Әпке де бір анамыз:

Өнегесін аламыз.

Тапсырма:

1.Өз әпкең (апаң) туралы пікіріңді жаз.



Өзін-өзі тәрбиелеу әдебі

Әрбір адам басқалардан (атадан, әжеден, 

әке ден,  анадан,  ағадан,  әпкеден,  жолдас  - 

жо раларынан,  айналасындағылардан,  қо-

ғамнан) тәрбие алумен қатар, өзін-өзі жә не 

үйелмендердің бірін-бірі тәрбиелеуі ар қы лы 

адамдық санатқа ие болады. Өзін-өзі тәр бие-

леу жалпы тәрбиеден бастау алады.

Бала өзін-өзі тәрбиелеу үшін ең әуелі өзі-

нің кім екенін (кімнің баласы, ата тегі кімдер, 

ұл ты, отбасында кім ?) жақсы білуге тиіс. Он-

дай танымды ата-аналар қалыптастырады. 

Өзіндік тәрбие жан-жақты, толымды болу 

үшін,  тәрбиеленуші  алдымен  «өзін-өзі  та-

нып» ана тілін, ұлттық әдебиеттің тәрбиелік, 

тәлімдік тұстарын танып білуге тиіс.



11

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

Әсіресе, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-

ғұрып, әдеп, дәстүр, салт, салт – сананың ұлт-

тық негіздерін танып-біліп, сол қалыптасқан 

тәлім  –  тәрбиелік  негіздердің  қолданысын 

үйрену керек. Әрине, өсе келе бала жалғыз 

өзі ұлт құдылықтарын ғана күйттемей, жал-

пы  адамзаттық  адами  қаситтерді  таңдап, 

талғап  игеруге  тиіс.  Бұл  жерде  «еліктеу» 

сияқты  жұқпалы  әрекеттердің  зияндық 

жақтарын  ажырата  біліп,  адам  баласының 

асыл қасиеттерін талғап, таңдап қабылдауы 

керек. Оны ұлттық құндылықтың құрамына 

сіңістіре,  әдеппен  пайдалану  керек.  Өзара 

тәрбие – отбасының асыл қасиеті.

Бала  үлгі-өнеге,  әдеп,  рәсім  арқылы 

өзін-өзі  тәрбиелеуге  бейімделеді.  Өзіндік 

тәрбиенің  қозғаушы  күші  –  ықыластық, 

ынталылық,  ар-ұят,  намыс,  талап-талғам, 

жігер-қайрат  жалпы  тәрбие  арқылы 

қалыптасады.

Бала  өзін-өзі  тәрбиелеуде  ұлттық  әдепті 

жоғары  қоя  білуі  керек,  «әдептен  озбай», 

ұлттық  үлгі-өнегені  әдеппен  бойына  сіңіре 

білуі тиіс.

Мына тақпақты жаттап ал:

АТАҚТЫ БОЛУ - ӨЗІМНЕН

Талапты, білгір баламын:

Тасқындай берер талабым.

Жақсыдан үлгі аламын:

Жақсы жан, іскер боламын.

Қиында істі шыңдаймын:

Қиынды жеңем, - қыңбаймын.

Еңбектенемін – тынбаймын:

Ерлікпен істі құндаймын.

Арманмен, еңбек, төзіммен:

Атақты болу - өзімнен.



Тапсырма:

1.  «Мен  кім  болам?»  деген  тақырыпта 

шығарма жаз.

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім

Жүсіп Баласағұн.


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

12

Қорғанбек Аманжол



Ақын, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы бөлімшесінің бастығы

Көзі тірісінде халқына адал қызмет еткен, азаматтық белсенділігі күшті, қарым-қатынаста 

қарапайым, іскер басшы ретінде танылған, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай 

Сағдиевтің өмірден озғанына да міне үш жылдай уақыт болыпты.

Өмірдің мәні адам рухының үздіксіз дамуында жатыр десек, сондай рухы үздіксіз да-

мып, игі істері мәңгі жалғасын тапқан жан деп – Мақтай Рамазанұлын танимыз. Себебі, 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің нығаюына орасан еңбек сіңірген, қазақ ұлтының 

атпал азаматының жарқын бейнесі елдің жадында әрдайым сақталуда... 



САҒЫНЫШ

(Мақтай аға рухына)

Асыл аға, тірі болсаң

Келер ең сексен алтыға.

Маңғаз басып, жүріп алшаң,

Айтар ең көп сыр халқыңа.

Елмен бірге тойлар едің,

Жеңістің жетпіс жылдығын.

Ашар едің қойма кенін,

Сыйламас па едік гүл бүгін?!

Нұрсұлтанды жеңісімен

Құттықтар едің, білемін.

Ерен шыққан ел ішінен

Риясыз таза жүрегің.

Жүр ме екенсің жұмақ жақта,

Жазира жасыл қыр басып.

Бәйкен аға, Сағадат та,

Сырласып, бәлкім мұңдасып.

Бәрі, бәрі баяғыдай

Қимайтын өзің өмірде.

Жылқының бір саяғындай

Сағыныш қалған көңілде.

Аңсарымның, аға, саған

Алауын әсте сөндірмен.

Асуларда сен аса алған

Азамат рухын көрдім мен.

Сағындық дос, Марат құда,

Серағаң және Кенжекең.

Құдай қосып жаратты ма?

Абзалы достың сенде екен!

Аласармас рухың, аға,

Жарқырап жазық маңдайың,

Күлімсіреп жұртыңа да,

Шашасың шуақ сен дәйім.

Көзіме оттай басылады

Салдырған өзің кең сарай.

Жырыма рухың қосылады,

Сағыныш шері тарқамай.

10.05.2015 ж.


13

ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

ӘОЖ 8.82.4



Совет – Хан Ғаббасов

Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы,

КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,

ШҚО-сы, Зайсан ауданының құрметті азаматы,

Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,

Халықаралық Нострадамус атындағы академияның

толық мүшесі – Академик.

ТІРШІЛІК ТЫЛСЫМДАРЫ 

(НЕМЕСЕ, «МӘҢГІЛІК ҚАЗАҚ КАЛЕНДАРЫНЫҢ» СЫРЫ)

Мақалада автор профессор Уалихан Әбдібековтың зерттеулеріне тоқталып кеткен. Афри-

кадан Қазақстанға қоныс аударғандардың генотипі қазақ генімен сәйкес келетіндігі анық-

тал ған. Сонымен қатар, ғалым Сайлыбай Бекболатовтың «Мәңгі қазақ календары» еңбегінің 

ак мологиялық, яғни, жаратылыстану ғылымдарының тоғысуы негізінде пайда болғандығы 

жө нінде жазылған.



Түйін сөздер: зерттеулер, генотип, ғылыми еңбек, акмология, европоцентризм.

В статье говорится об исследованиях профессора Уалихана Абдибекова,  схожесть гено-

типа переселенцев с Африки в Казахстан с генотипом наших предков. А также поднимают-

ся вопросы по работе Сайлыбая Бекболатова «Мәңгі қазақ календары».



Ключевые слова: генотип, ген, труд, календарь, предки, исследования.

The  article  refers  to  the  study  by  Professor  Ualikhan Abdibekov,  genotype  similarity  with 

African migrants in Kazakhstan with the genotype of our ancestors. And also raised questions 

regarding the Saylybaya Bekbolatova «Mangi Kazakh calendars».



Keywords: genotype, gene labor, calendar, ancestors of the study.

Адамзат тарихы бүгінге дейін жүйеленіп 

те...  реттелмеген  күйі,  нақтыланбай  отыр. 

Тіршіліктегі бар екі түрлі – РУХАНИ және 

ТАБИҒИ – делінетін ғылым салалары да, же-

тілуі мен даму жолдарында анықтық аз. Әсі-

ресе - рухани ғылымның - бұрмалаулары аса 

көп. Өйткені, ЕВРОПАЦЕНТРИЗМ – әлем-

ге  өз  өктемдігін  жүргізу  үшін,  рухани  ғы-

лымның көптеген салаларына қиянат жаса-

ды. Мәселен, адамзат тарихы мен тәрбие-та-

ғылымдарына тигізген қастандықтары әлі де 

жалғасуда...  Осындай  бұрмалаудың  -  бо-

дандығында қалған - көптеген халықтар әлі 

күнге  дейін,  ұлттық  тарихы  мен  тәлім-тәр-

бие сінің (педагогика мен психология) мето-

до логия  –  жүйе  –  негіздерін  –  жасайалмай 

отыр.  Бүгінгі  білім  саласындағы  пайдала-

нып жүрген, педагогика мен психологияның 

–  методолгиясы  мен  жүйесі  және  негіздері 

– жоқ, немесе жалған болғандықтан, ұрпақ 

тәр биесіндегі  қателіктер  көбейіп  барады. 

Ел ден ерек осы қасіретке белшесінен батқан 

Қа зақ халқы – тегі (гені) – тілі – дәстүрі – діні 

жа йындағы  ақиқаттарын  анықтап  алалмай 

отыр. Әйтседе, тәуелсіздікпен келген соңғы 

жыл дардағы... нақты ғылыми ізденістер, бі-

раз деректердің бетін ашып жатыр...



І.  Кеше  ғана  «Ақиқат»  (2015,  №4) 

жұрналында  жарияланған  мақаласында, 

про  фессор Уалихан Әбдібеков:


14

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

–  «Соңғы  5-6  жылда  әлемдегі  тарихты 

адамның  геномы  немесе  генетикалық  әді-

сі  бойынша  зерттеуге  кірісті.  Зерттей  ке-

ле,  сол  (Африкадан-Қазақстанға)  қоныс 

ау дарғандардың  –  генотипі  –  біздің  қазақ 

ата-бабаларымыздың – генімен – сәйкес ке-

ле тіндігі анықталған. Екінші бір тәуелсіз де-

рек бойынша, С3-М217 гені осыдан 48-мың 

жыл  бұрын  қазіргі  Қазақстан  аумағында 

пай да  болған.  Бұл  –  ген  –  қазақ  халқының 

40-пайыздан  астамын  құрайтыны  белгілі. 

Хал қымыздың  басым  бөлігінде  әмісе  ұлы 

тай паларымыздың  барлығында  бар,  –  деп 

тү йіндейді.

ІІ.  Соңғы  «Қазақия»  (22.04.2015) 

газетінде Қ. Жүсіптің – Будда қазақ па ?! – 

ат ты  зерттеу  мақаласында  белгілі  археолог 

Арман Умарходжиев – Непалға экспедиция 

ұйымдастырып – Будданың арғы тегі – сақ 

– екендігін ғылыми дәлелдеп, оның бү гін гі 

ұрпақтары  шакьилерге  генетикалық  тес ті-

леу жүргізген. Шакьилердің (сакьи) тілі мен 

әдет-ғұрпы  және  ою-өрнектері  ежелгі  сақ-

тар мен ұқсастығы айтылады.

ІІІ. Қазіргі қазақ тілінің АЛЛА-ның үні-

не жақындығы, оның алғаш жаратқан тір ші-

лік  иесін  –  Адам  –  деп  атауында  болса,  ал 

Адам-ата  мен  Хау-ананы  жұмақтан  шы ғар-

ған жемісті – Алма – деуінен де, Қазақ хал-

қы ның  жер  бетіндегі  аса  көне  жұрт  екені 

бай қалады.  Себебі,  мынау  -  «Адам»  және 

«Ал ма»  –  деген  екі  атау  да,  қазақтан  басқа 

тіл дерде айтылмайды.

ІV. Европадағы – англосаксон – пурссак – 

нор бег – ирлант – елдерінде айтыла бастаған, 

ар ғы тектерін сақтарға тіреуінде де ерекше 

мә ні мен мағанасы болса керек.

Осынау  күрделі  деректерді  келтіріп 

отыр ған  басты  себебіміз,  біраз  жылдар-

дан  бері  тылсыммен  тілдесуші  –  Сайлы-

бай  Бекболатовтың  –  «мәңгі  қазақ  ка лен-



дарын»тыңдау  үшін...  былтыр  2014  жы лы 

Англияға  арнайы  шақырып,  20-елдің  ға-

лым дары  бірауыздан  мойындағандарының 

бел гісі ретінде «сертификат» табыстаса, ал 

өзі міздің республикада № 24785 «патентін» 

бе ріп  мойындады.  Ең  ғажабы  кеше  ғана 

28.04.2015 жылы, Кембриж университетінің 

«Ха лықаралық  өмірбаян  орталығы»  жі бер-

ген - «мәңгі календарь» деп жазылған хру-

сталь белгіні ұстап қуанышқа кенелдік.

Ғалым Сайлыбай Бекболатовтың «Мәңгі 

қа зақ  календары»  аталатын  еңбегі  көп 

адам дарға  түсінуге  қиын  болғанымен,  ак-

мологиялық, яғни жаратылыстану ғы лым да-

ры ның  тоғысуынан  пайда  болғанын  аңғару 

қиын  емес.  Жалпы,  әр  мемлекеттің  кален-

дары  әр  түрлі  болғандықтан,  дүниежүзіне 

ор тақ календарь табу аса бір келелі мәселе 

еке ні  рас.  Осы  мәселені  шешу  үшін,  тіпті 

1923 жылы Женевада календар реформасы-

на орай «халықаралық комитет» құрылғаны 

да белгілі. Тіпті, БҰҰ-ның қоржынына 400-

ден астам әртүрлі жобалар да түскені тари-

хи шындық. Бірақ күні бүгінге дейін ешбір 

жо ба  қабылданған  жоқ.  Ал  «мәңгі  қазақ 

күн тізбесінің»  басты  мақсаты  –  тыныштық 

пен демалудың арақашықтығын анықтаумен 

қоса, тіршіліктің соңғы күнін белгілеуге де 

жәр демдесу  болып  табылады.  Сайлы бай 

Бекбо латов  бұл  жаңалығын  2009  жы лы  ең 

әуелі,  Қазақстан  Республикасы  Бі лім  және 

Ғылым  минстірлігіне  ұсынады.  Минс тр лік-

тен келген жауап:

«Сіздің  ұсынған  «Мәңгі  қазақ  ка лен-

дары»  жобасы...  жаратылыстану  ілім де-

рінен басқа, діни мәтіндері «Библия», «Құ-

ран»,  «мифологиялық  сюжеттермен  қо са, 

сондай-ақ  Қазақстан  тарихы  мен  Ха лық 

фальклорының  деректеріне  сүйеніп  жа сал-

ған. Әрине бұл жұмыс қызығушылық та ны-

тады, алайда, қоғамдағы тұрақталған жү йе-

ні  бұзатындықтан,  «күнтізбені»  практика да 

қолдану  мүмкін  емес.  Сондықтан  бұл  жұ-

мыс ты  ғылыми-танымдық  кітап  ретінде, 

әуес қой  аудитория  үшін  ұсынуыңызға  бо-

ла ды,  –  деген  төрағаның  орынбасары  Д. 

Мырзақожаның жауабы келеді. Міне, біздегі 

ғылыми танымның көрінісі осындай...

Әйтседе,  тіршілік  пен  уақыт  тоқтамақ 

емес. Бұл «мәңгі қазақ календарын» айтқанда 



15

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

сан-сала  ғылымдардың  сөз  болатыны  ұзақ 

әңгіме?! Суреттерімен басылған үлкен кітап 

екенін айта отырып, республикада түсіністік 

болмағанымен,  міне  бүгін  Кембрижден 

келген  «хурустальді  кубоктің»  бетіне 

жазылған  -  «Professor  Sailybay  Bekvolatov 

For services to Unified, Constant Calendar» 

мойындаудың  белгісін,  ел-жұртымызға  жа-

рия етуді жөн көрдік. Мұны Қазақ халқының 

адамзат  мәдениетіне  қосқан,  аса  зор 

жаңалығы  ретінде  қабылдау  азаматтық  па-

рызымыз. Біткен іске ақ жол болсын!



Алматы – 29. 04. 2015 жыл.

ӘОЖ 37.012



Ш.И. Джанзакова

Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Б.С. Нурмуханова

Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Психология және пе-

дагогика» мамандығының 2-курс магистранты

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ДАРЫНДЫЛЫҚ 

МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАЛДАНУЫ

Мақалада балалардың дарындылығы мәселелері қарастырылған. Отандық және шетел 

ғалымдарының  зерттеулеріндегі  дарындылықтың  ғылыми-теориялық  аспектілері  тал дан-

ған. Дарындылықтың негізгі категориялары мен балалардың қабілеттілігінің сипаттамала-

ры келтірілген. Баланың дарындылығы мен қабілеттілігі ұғымдары анықталған. 

Түйінді  сөздер:  жеке  тұлға,  дарындылық,  қабілеттілік,  талант,  шығармашылық, 

ақыл-ой қабілеті.

В статье рассмотрены проблемы одаренности детей. Анализированы научно-теоретичес-

кие аспекты одаренности в исследованиях отечетвенных и зарубежных ученых. Приведены 

ос новные категории одаренности и характеристики способностей детей. Определены поня-

тия одаренность и способность детей.

Ключевые слова: личность, одаренность, способность, талант, творчество, умствен-

ная способность.

The article deals with the problems childrens endowments. Analyze scientific and theoretical 

aspects  of  research  endowments  domestic  and  foreign  scientists.  The  main  categories  of 

endowments and characteristics of children’s abilities are given. The concepts talent and ability of 

children are defined.

Keywords: personality, endowments, ability, talent, creativity, intelligence.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін ор-

та мектептердегі негізгі мәселенің бірі - оқу-

шының қабілеттілігі болып табылады. Оқу-

шы ның  қабілеттілігіне  қарай  білім  беріп, 

да мытуға  бағытталған  білім  мекемелерінің 

түр лерінің  жеткіліктілігіне  қарамастан  (ар-

на йы  мектептер,  жан-жақты  білім  беретін 

мектеп  гимназиялары  мен  лицейлер  және 

т.б.) аталған мәселе кезек күттірмей шешуді 

та лап етеді. Бұл аталған мектептерде қазіргі 

ғы лыми әдістемелердің жекелей немесе то-

лық  болмауы  баланың  қабілеттілігінің  то-

лық  ашылуына  кедергі  келтіреді.  Біздің 

елі мізде  бұл  мәселені  шешудің  бірден  бір 


16

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

жолы  ретінде  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  ұсынысы-

мен  ашылған  Интеллектуалдық  мектеп тер-

ді  атауға  болады.  Бұл  Қазақстан  Рес пу бли-

ка сындағы  білім  беру  жүйесін  да мыту дың 

негізгі бағыттарының бірі болып та былады. 

Аталған идеяны жүзеге асыру тө мен дегідей 

міндеттерді шешуді көздейді:

-баланың  дарындылығы  жөніндегі  мұ ға-

лім нің  психологиялық-педагогикалық  бі лі-

мін жетілдіру;

-дарынды балалар банкін құру;

-баланың  дербес  жас  ерекшеліктеріне 

сәй кес дамуын қамтамассыз ету;

-дарынды балаларды сүйемелдейтін оқы-

ту мен тәрбиелеу технологиясын жасап, оны 

бі лім беру жүйесіне енгізу;

-дарынды  балалармен  жұмыс  істеуге  ар-

нал ған мұғалімдер даярлау. 

Шетел  және  отандық  әдебиеттердегі  да-

рын  дылық  мәселесіне  ғылыми  теориялық 

шо лу.  Қоғамның  шығармашыл  дарын ды 

адам дарға  мұқтаж  болғанына  қа ра мас тан, 

пси хологияда таланттылар мен қа білет ті лер-

ді  зерттеу  ХХ  ғасырдың  ортасынан  бастау 

ала ды. Бұл мәселе психологияда таланттың 

та биғаты мен оның дамуын қамтамасыз ете-

тін жағдайлар туралы мәілметтердің жи нақ-

та луын қамтамассыз етті. 

Әдебиеттерді  талдау  дарындылық  мә се-

ле сін зерттеуге арналған айтарлықтай таны-

мал идеяларды ерекшелеуге мүмкіндік берді:

-адамды сатылап дамыту техникасына үй-

ре ту (Энгельмеер П.К. және т.б. [1]);

-адамзаттың  мәдени  мұраларын  меңгеру 

жо лымен адам қабілеттерін дамыту (Выгот-

ский Л.С. және т.б.) [2] ;

-оларды  нақты  іс-әрекетке  жұмылдыру 

жо лымен қабілеттерін дамыту (Теплов Б.М. 

жә не т.б.) [3];

-индивидуумның дамуына сараланған тә-

сіл ді қолдану.

Бұл  мәселені  зерттеуде  Б.М.  Тепловтың 

«Қа білеттілік және дарындылық» деп атала-

тын  еңбегінің  ролі  ерекше  болды.  Автор 

атал ған  еңбегінде  адамның  дарындылығы 

мен шығармашылық қабілетін практикалық 

іс-әрекет те дамытуға болады деген ой тү йін-

дей ді. 


Кейіннен  психология  ғылымында  бала-

ның  дарындылығы  туралы  жаңа  ұтымды 

идея лар дүниеге келе бастады:

-субъектінің қандай да бір іс-әрекетке бе-

йім ділігін  алдын-ала  болжау  идеясы  (Лук 

А.Н. [4]);

-«проблемалық  оқыту»  идеясы  (Матюш-

кин А.М. [5]);

-адамға  шығармашылық  іс-әрекет  жағ-

дай ларын құру арқылы оны дамыту (Талызи-

на Н.Ф. және т.б.);

-баланың  ақыл-ойын  дамытуды  сатылап 

қалыптастыру идеясы (П.Я Гальперин);

-баланы өзін қызықтыратын іс-әрекеті ар-

қы лы  дамыту  (Скаткин  М.Н.,  Лернер  И.Я. 

және т.б.).

Баланың дарындылығын зерттеу мәселесі 

шетелдерде, оның ішінде, АҚШ және бір қа-

тар Европа елдерінде қарқынды түрде жүр-

гі зілді. 

1972  жылы  АҚШ-тың  білім  жөніндегі 

комитеті дарындылық туралы төмендегідей 

анық таманы жариялады: тәжірибелі ма ман-

дардың  бағалауы  бойынша,  дарынды  және 

та лантты  балалар  деп  өзінің  айтарлықтай 

қа  білеттілігімен  төмендегі  іс-әрекет  са ла-

ларының бірінен жоғары жетістіктерін көр-

се те алатын балаларды атауға болады:

-қарым-қатынас және жетекшілік;

-көркем өнер;

-спорт;

-интеллектуалды;



-академиялық;

-шығармашылық немесе өнімді ойлау.

Дарындылықтың  негізгі  категорияларын 

1972 жылы Марлэнд ұсынды, олардың іші-

нен:

-жалпы интеллектуалдық дарындылық;



-ерекше дарындылық;

-қандай  да  бір  нақты  іс-әрекет  түрімен 

бала ның айналысуын құптау;

-шығармашылық немесе өнімді ойлау;

-жетекшілікке қабілеттілік;

-көрнекілік және атқарушылық іс-әре кет-

ке қабілеттілік;

-психомоторлық  қабілеттіліктерді  ерек-

ше ле ді.

С.  Марлэнд  балаларды:  бір  сабақ  түріне 

қа білетті  және  жалпы  дарынды  балалар 

деп бөлді; талантты қабілеттілік, жеке тұл-

ға лылық  дамудың  тенденциялары  ретінде 

қарастырды. 



17

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

Ресейлік  ғалымдар  дарындылық  мәсе ле-

сін қабілеттілік психологиясы ретінде қа рас-

тыр ды. 


С.Л. Рубинштейн мен Б.М. Тепловтың ең-

бек терінде  дарындылық,  қабілеттілік  және 

та лант ұғымдарын іс-әрекеттің бірыңғай не-

гізі бойынша жіктеді:

-адамның  анатомиялық-физиологиялық 

ерек шеліктері негізінде берілгендері бойын-

ша іс-әрекетте қалыптасатын қабілеттілік;

-адамның  басқаларынан  ерекшеленетін, 

іс-әрекеттің  табыстылығын  анықтайтын 

дер бес психологиялық ерекшеліктер;

-ерекше дарындылық іс-әрекетте табысқа 

же туге  мүмкіндік  беретін  сапалы  өзіндік 

ерекше қабілеттердің үйлесімі;

-жалпы  дарындылық  –  кең  ауқымды  іс-

әре кетке қабілеттілік. 

Бұл  тәсіл  В.Д.Щадриковқа  [6]  да рын-

дылықты  қабілеттіліктің  тұтастай  іс-

әрекеттегі көрінісі, әрі іс-әрекеттегі қа бі лет-

ті ліктің жинақталған жалпы қасиеті ретінде 

си паттауға мүмкіндік берді. 

Қазіргі психологияда «дарындылық» тер-

минін  когнитивті  қабілетке  жатқызады,  ал 

талант дамудың басқа жалпы тұстарын қам-

ти ды. 


Матюшкин [5] зерттеп жасаған шығар ма-

шылық дарындылық тұжырымдамасы адам-

ның шығармашылығы мен шығармашылық 

да муын  сипаттайтын  дарындылықтың  құ-

рылымдық  элементтерін  қарастыруға  мүм -

кіндік  берді.  Автор  жеке  тұлғаның  шы-

ғар машылық  әлеуеті  –  дарындылықты  да-

мытудың негізі деп көрсетеді. Ол шы ғар ма-

шы лық  әлеует  баламен  дүниеге  келеді  де, 

есе юіне қарай дамып отырады; оның шамасы 

әр  балада  олардың  дербес  ерекшеліктеріне 

бай ланысты әртүрлі деңгейде байқалады. 

Шығармашылық дарындылық тұжы рым    -

дамасы  дарындылықты  кез  келген  ма ман-

дықтағы:  ғылым  мен  өнердегі  шы ғар ма-

шылықтың  жалпы  алғы  шарты  және  же ке 

тұлғаның  шығармашылығының  қа лып та-

сып,  дамуының  алғы  шарты  ретінде  қа рас-

тыр  уға мүмкіндік берді. 

Л.С.  Выготский,  А.Р.  Лурия  [2]  «да рын-

дылықтың  табысты  дамуы  үшін  эмоцио-

нал ды  бай  мәдени  орта  құру  қажет»  деген 

тұжырымды ұстанады, бұл ортада ба ла ның 

дарындылығы  жақсы  нәтижеге  қол  жет-

кі зетіндей  іс-әрекетте  оның  мотивациясы 

ар қылы  көрінуі  тиіс.  Баланы  мәдениетке, 

мә дени ортаға жұмылдыру арқылы оны те-

рең  түсініп,  өзінің  қызығушылықтарын  да-

мытуға  мүмкіндік  алады.  Мұндай  тә сіл дің 

негізгі идеясы – баланың мәдени да рын ды-

лығын қалыптастыру болып табылады. Мә-

дени  дарындылық  дегеніміз  –  орта  немесе 

жоғары деңгейдегі табиғи дарыны бола тұ-

рып, оны ұтымды пайдалана отырып, мә де-

ни тұрғыдан дамымаған адам тек туа біткен 

қасиетінің  арқасында  жетістіктерге  жетуі 

мүм кін.

Дарынды  балаларды  зерттеп,  дамытуға 

ба ғытталған  тәсіл  Н.С.  Лейтестің  [19]  ең-

бек терінде  қарастырылған.  Ол  дарынды 

балалардың  ақыл-ойының  дамуын  әдет-

те  гі  оқушылардың  жас  ерекшелігімен  са-

лыс  тырады.  Автордың  пікірінше,  жалпы 

да рындылық  жалпы  қасиеттердің  жиын-

тығы  болып  табылады.  Жалпы  деп  адам-

ның  ақыл-ой  қабілеттерін  (арнайы  қа бі лет-

тер ден  айырмашылығы,  мысалы,  му зы ка-

ға,  спортқа)  айтады,  өйткені  олар  әртүрлі 

іс-әре кет  түрінде  кеңінен  байқалады  және 

осы мағынада сабақтың барлық түріне ор тақ 

бо лып  табылады.  Сондықтан  ақыл-ой  да-

рын  дылығы (немесе жай дарындылық) жас 

ерек шелік нормаларынан айтарлықтай асып 

тү сетін  интеллектуалдық  даму  деңгейімен 

си патталады.

Н.С. Лейтес [7] «дарынды бала» тер мині-

нің өзін қанағаттанарлық деп қабылдамау ке-

рек деп көрсетеді, өйткені мұнда туа біткен 

қан дай  да  бір  табиғи  дарындылықтың  бар 

еке нін көрсетеді де, дарындылықты дамыту-

да биологиялық детерминацияның басты ро-

лін жоққа шығару мүмкін болмағандықтан, 

анатомиялық-физиологиялық ерек шелік тер-

дің  берілуі  өздігінен  баланың  болашағын 

анық тамайды:  қабілеттіліктің  қалыптасып 

да муы әлеуметтік салада өтеді. 

Н.С. Лейтес [7] дарынды балалардың үш 

кате гориясын ерекшелейді:



18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

1.  Физикалық  жасынан  бірнеше  жылға 

ар  тық дамыған, қарқынды ақыл-ой дамуына 

ие балалар. Оларға жоғары деңгейдегі ақыл-

ой белсенділігі, танымдық қажеттіліктің қа-

нық  сыздығы тән. 

2.  Ерте  жастан  ақыл-ой  ерекшелігімен 

да раланған балалар – олардың әдеттегі жал-

пы интеллект деңгейінен ғылым мен тех ни-

каның қандай да бір жеке саласы бойынша 

ерекше  орналасу  байқалады.  Олар  осы  жа-

ғынан  өзінің  қатарластарынан  оқудағы  та-

быс тылығы жағынан әлдеқайда асып түседі, 

бі рақ бағдарламаның басқа бөлімдері оларға 

қиын дықтар тауғызуы мүмкін. 

3. Жеке реттелмеген қабілеттері бар бала-

лар.

Шетелдік және отандық әдебиеттерге жа-



сал  ған  зерттеулер  нәтижесіне  сүйене  оты-

рып,  дарындылық  ұғымына  төмендегідей 

анық тама  беруге  болады:  іс-әрекетті  орын-

дау   да  табыстылықты  қамтамассыз  ететін 

ерек ше  сапалы  үйлесімі  болып  табылады. 

Бұл анықтама «дарындылық» пен «қа білет ті-

лік» ұғымдары арасындағы өзара байланыс-

ты тағайындауға мүмкіндік береді. 

Қабілеттілік  жеке  тұлғаның  дербес  пси-

хо логиялық  ерекшелігі,  ол  қандай  да  бір 

өнім ді іс-әрекеттің табысты орындалуының 

шар ты болып табылады. Қабілеттілік іс-әре-

кетті меңгеру процесінде байқалады, ол ин-

ди видтің сол іс-әрекетті ұйымдастыруы мен 

жү зеге асыру тәсілдерін жылдам, түбегейлі, 

оңай, әрі мықты меңгеруі болып табылады. 

Қабілеттілік  жеке  тұлғаның  жалпы 

бағытымен тығыз байланысты және орнық-

ты лығымен  сипатталады.  Қандай  да  бір  іс-

әрекетті  орындау  барысындағы  бірдей  же-

тіс тіктердің  нәтижесінің  негізінде  әртүрлі 

қа білеттіліктер  жатуы  мүмкін.  Бір  нәрсеге 

қа білеттілік әртүрлі іс-әрекет нәтижелерінің 

табыстылығының шарты болуы мүмкін. Бұл 

қабілеттіліктердің  мүмкіндігін  кеңейтуді 

қамтамасыз  етеді.  Қабілеттілікті  қа лып тас-

ты ру  атадан  берілген  қасиеттер  негізінде 

жү зеге асуы мүмкін деп болжанады. 

А.Я. Пономарев [8] қабілеттіліктің сипат-

та  масынан: 

-адамның  дербес  қасиеттерін  ашуға  ба-

ғыт талған сапалы талдау, ол адамның нақты 

іс-әрекет  түрін  тиімді  жүзеге  асыру  үшін 

қажет;


-  қабілеттіліктің  көріну  шамасын  сипат-

тай тын  сандық  талдауды  ерекшелеп  көр се-

те ді.

Қабілеттіліктің  даму  деңгейі  мен  дә ре-



же сі  таланттылық  пен  данышпандықты 

көр сетеді.  Бірқатар  зерттеулерде  аталып 

көр сетілгеніндей [9,10,11,12,13], мектеп жа-

сын да  дарынды  балалар  жалпы  оқушылар 

са нының 2-5% құрайды деп есептейді. 

Дарындылықтың төмендегідей негізгі құ-

ры лымдық компоненттерін ерекшелеуге бо-

лады: 


-анатомиялық-физиологиялық  бе ріл ген-

дер;


-жоғары  сезімталдылықты  сипаттайтын, 

сен сорлық-перцептивтік бөліктер;

-жаңа  жағдайларды  бағалауға,  жаңа  мә-

селелерді шешуге мүмкіндік беретін ин тел-

лек туалдық және ойлау қабілеттеріҒ

-ұзақ  доминанттық  бағдарлауды  анық-

тайтын эмоционалдық – еріктік құрылымдар;

-жаңа образдарды өндірудің жоғары дең-

гейі;

-танымдық мотивацияның танымдық ро-



лі;

-зерттеу шығармашылық белсенділік (жа-

ңа ны ойлап табу, мәселені қоя білу және оны 

ше шу);


-төл,  стандартты  емес  шешімдерге  қол 

жет кізу; 

-болжам жасай білу мүмкіндігі; 

-жоғары эстетикалық, адамгершілік және 

ин теллектуалдық  бағалауды  қамтамасыз 

ете  тін идеал эталондар құруға қабілеттілік. 

Шығармашылық ойлаудың дивергенттілі-

гі (оған төрт негізгі сипаттама сәйкес келеді: 

жыл дамдылық,  икемділік,  қайталанбайтын 

қа сиет және дәлділік) тәрізді дарынды ба ла-

ның интеллектілік сапасын қоршаған ересек 

адам дар жиі ауытқу ретінде бағалап жатады. 

Дарындылықтың  сыртқы  көрінісі  әртүрлі 

тұл ғалық  қабілеттерде  әртүрлі  болуы  мүм-

кін. Олар балалық шағында байқалуы мүм-

кін,  әсіресе,  сөйлеу  мен  ойлаудың  жылдам 

дамуы,  ойлау  әрекеттерін  жылдам,  әрі  дәл 

орындау  тәрізді,  өнерге  ертеден  қызы ғу-

шылық  (спорт,  музыка,  көркем  сурет  жә-


19

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ

не  т.б.),  шығармашылыққа  ұмтылыс,  ба ла-

ның  танымдылығы,  жаңалықты  сезінудің 

ең  төменгі  деңгейінде  пайда  болатын  өте 

жоғары  танымдылық  белсенділік,  әдет те гі-

ден жаңаны табу болып табылады. Да рын ды 

баланы  ерекшелейтін  қасиеттері  -  бел сен ді 

сөздік  қорының  байлығы,  сөздерді  бай ла-

ныс тырудағы  жылдамдылық  пен  оның  төл 

нұсқалылығы.  Дарынды  балалар  тек  өзінің 

қатарластарын басып, озып қана қоймай (ша-

мамен  екі  жасқа),  сонымен  бірге,  көптеген 

ересек адамдарды да басып озып жатады. 

Дарынды  баланың  басты  ерекшеліктері              нің 

бірі өзгелерге ұқсамайтын, стандартты емес 

шешім  қабылдай  білетін  ойлау  қабілетінде 

болып  табылады.  Өзгеше  ойлау  қабілеті 

жөнінен олар алдымен шығармашылық қа бі-

ле ті арқылы бағаланады. Өзгеше ойлай білу 

ақиқатты  мойындау,  дұрыс  пікірді  шынайы 

түсінген жағдайда дүниеге келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет