Куписевичтің (1924 ж., Польша)
есімдері көпке танымал
Оныншы
кезең
1990 жылдан
бастап қазіргі уақытқа дейінгі
аралықты қамтиды. Бұл кезең оқытудағы
педагогикалық технологиялары, соның ішінде
ақпараттық-коммуникативті технологияны және
тұлға-бағдарлық білімді беруді енгізу
мәселелеріне қатысты қызығушылықтардың
туындауымен сипатталады. Педагогикалық
инновацияның, педагогикалық мониторингтің,
менеджменттің теориялық негіздері зерттелінді.
Бұл сұрақтарды зерттеуде
Ю.А. Конаржевский
(1990 ж.), Т.И. Шамова (1991 ж.), М.М.
Поташник (1992 ж.), Л.С. Подымова (1995 ж.),
М.В. Кларин (1995 ж.), Г.К. Селевко (1998 ж.),
В.П. Беспалько (1998 ж.), Е.В. Бондаревская
(2000 ж.), И.С. Якиманская (2000 ж.)
және тағы
басқа ғалымдар зор үлесін қосты
Қазақстандық педагогиканың даму
жолы ерекше
болып келеді.
Қазақстандық педагогика ғылымының
дамуындағы
алты кезеңді
шартты түрде
атап айтуға болады
Бірінші кезең –
тәрбиелік ойлар жазылған эпос пен жырлардағы,
ертегілердегі халықтың ауызекі өнерімен, қазақтың салт-дәстүрімен
байланысты
Екінші кезең –
Шығыс Ренессанс дәуірі деп аталып кеткен шығыс
мәдениетінің қалыптасу кезеңімен байланысады. Себебі еуропалық Қайта
өрлеуге дейін араб-мұсылман ғалымдары антика дәуірінің рухани
мұрасын түбегейлі зерттеп, өзіндік гуманистік әлемдік көзқарасын
қалыптастырды.
Қазақ халқының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына
Әбу
Насыр әл-Фарабидің (870-950), Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах Синаның
(980-1037), Әбу Рейхан Мухаммед аль-Бирунидің (970-1048), Әбу Хамида
аль-Газалидің (1056-1111), Насэреддин Тусидің (1202-1273)
және т.б.
тәрбие және білім беру жайлы еңбектері зор ықпал етті. Алайда ғалым-
энциклопедистердің тәрбие және білім жайлы құнды педагогикалық
ойлары біртұтас жүйеге келтірілмеген еді
Үшінші кезең –
қазақстандық педагогиканың дамуына
үлкен үлес қосқан танымал философтардың,
ғалымдардың, ақындардың, жазушылардың,
ағартушылардың атымен байланыстырылады, атап
айтсақ,
Достарыңызбен бөлісу: |