3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері


қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#121561
1   2   3   4   5   6
қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты
ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды. Нысандарды қарастыра
отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады. Мектепке
дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым
түсiнiктерi қалыптаса бастайды. 3-4 жасар балалар ауа райы
құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды
түсiне бастайды.
3 жастағы дағдарыс - бала өміріндегі қиын сәттердің бірі, яғни баланың
өзіндік «Менінің» бөліну дағдарысы. Бала үлкендерден бөлініп, олармен
терең, жаңа қатынастар орнатуға тырысады. Бала позициясының өзгеруі,
оның дербестігінің және белсенділігінің артуы жақын адамдарынан дер
кезінде өзгерістерді талап етеді. Баладағы дағдарыстық құбылыстар
үлкендермен жаңа қатынастар үйлесімсіздікке ұшыраса, оның ынтасына
қолдау көрсетілмесе, дербестілігіне әрдайым шектеу қойылып отырса,
туындап, көрініс бере бастайды. 4 жаста да бұл дағдарыс жалғасады. 3-
4 жастағы дағдарыстың бірнеше сипаттамасы бар. Олардың біріншісі –
қыңырлық (негативизм). Бұл бала мінез-құлқының өзгеруінен
туындайды. Балаға үйіндегі үлкен адам тапсырма берсе орындамай
қояды. Себебі, жақын адамының өзіне ұрыспайтынын біледі. Ал
басқалардың тілін алғыш болады. Бала ересектер істе деген тапсырманы
орындаудан бас тартып, бәрін керісінше жасағысы келіп тұрады. Егер
баланы қызықтыратын басқа нәрсе ұсынса ол бірден келіседі.
Негативизм кезінде жағдайлар басқаша дамиды. Бала сурет салғысы
келді, ата-анасынан тыйымды күткен бала мақұлдау алды. Бір жағынан
сурет салғысы келіп тұр, ал екінші жағынан керісінше орындағысы келіп
тұр. Бала мұндай кезде жылап, оған сурет салуына тыйым салуды талап
етті. Ол тілегі орындалғаннан кейін, ол куанып сурет салуға кірісті. Яғни,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет