жетеді. 4 жасқа қарай 2000 сөзбен толығады. 2-3 сөзден тұратын сөз тіркестерін еркін айта алады. Мысалы, субъектің әрекеті туралы «Анам келе жатыр», субьект пен субьект әрекеті туралы «Анашым, маған берші» немесе зат пен оның әрекет орны туралы «Кітап анда» деген 1
сөйлемдерді анық айта алады. 3-4 жаста ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды. Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: «Сен кімнің баласысың?» деген сұраққа «Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін» деп толық жауап бере алады. Осы шақта бала «Негешік» атанады. Сұрақ қоя бергенді жақсы көреді. 3-4 жасында бала басқа балалардың қасында алаңсыз ойнайды. Бірақ ойын үстіндегі қарым-қатынасы қысқа мерзімді, ойын ережелері мүлдем болмайды. Бәрінен де балаларға төсек үстінде бірлесіп секіру түріндегі ойындар ұнайды. Бала саяжайға барғанда басқа ойын түрлеріне қарағанда секіретін батуттарда ойнағанды өте жақсы көреді, себебі баланың бойындағы бар қуаты қимылдар арқылы жүзеге асырылып отырады. Егер бала балабақшаға баратын болса, үйде тәрбиеленіп жатқан балаға қарағанда өз құрбыларымен тығыз қарым-қатынаста болып, бұл жөнінде үлкен тәжірибе алады. Кейде балабақшаға баратын балалар да қарым- қатынас кезінде қиындықтарға жиі ұшырасады. Қасындағы балалар оны қызықтырып тұрған ойыншықты алып қойса, итеріп немесе ұрып жіберіп, агрессиялық мінез танытуы мүмкін. 3-4 жастағы дағдарысқа жақындау кезеңінде балада ұшырасатын қиындықтарға байланысты аффективті реакция байқалады. Ол өздігінен бір нәрсе орындауға тырысады, бірақ ол ешнәрсеге қол жеткізе алмайды немесе керек кезінде жанында бір