3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері


алғашқында қызық және қымбат көрінген заттар кейін құнсыздана



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#121561
1   2   3   4   5   6
алғашқында қызық және қымбат көрінген заттар кейін құнсыздана
бастайды. Мысалы, сүйікті ойыншығын лақтырып немесе тіпті сындырып
тастауы мүмкін. Осы құбылыстардың барлығы баланың басқа адамдарға
және өзіне деген көзқарасының, қатынасының өзгергендігін көрсетеді.
Ол жақын адамдарынан психологиялық тұрғыдан бөліне бастайды. Бұл -
бала үшін тәуелділіктен азат болу кезеңі, оны келешекте, яғни
жеткіншектік кезенде күрделі кезең күтіп тұр. 4 жаста «Мен өзім» деген
жаңа әрекеттер пайда бола бастайды. 3-4 жасар бала ойынға 10-15
минут бөліп, одан кейін басқа нәрсеге көңіл бөлетін кезде оның алғашқы
ойыннан қандай дәрежеде қызықты болғандығына көз жеткізе алады.
Психологиялық кеңес
3-4 жасында бала өзін жеке адам ретінде ашып, басқа адамдардан
бөлек өзінің әртүрлі тілектер мен әрекеттерін сезініп, өзі пайдалана
алатын ерікке ие екенін түсіне бастайды. Осы кезеңде онда ерік
білдіруге деген ұмтылыс пайда болып, өз қалауын ересектердің
қалауына қарсы қоя қойып, талап етуге тырысатын болады. Сонымен
4


бірге ол заттар мен адами қатынастар әлемін өзгерте алатынын және
өзінің іс-әрекеті мен қиялын басқарып, өз күшінің, тәуелсіздігінің артып
келе жатқанын сезініп, үлкендердің шектеулеріне тікелей қарсылық
білдіре бастайды және және барлық жерде өзінің пікірін
қалыптастыруға тырысады. Сондықтан баланың барлық теріс жасаған
әрекеттеріне түсіністікпен қарау өте маңызды. Жоғарыда 3-4 жастағы
баланың дамуына байланысты айтылған ерекшеліктер баланың дұрыс
дамып келе жатқандығын айқындайтын психикалық дәлелдемелер
болып табылады.
5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет