3-5 Жел энергетикасы


Шаңды дауыл – шөл, шөлейт және тақыр далада желдің топырақты немесе құмды ұшырып соғуы. Мұндай дауылды қазақ тілінде «қара дауыл»



бет4/10
Дата10.11.2022
өлшемі74,75 Kb.
#49040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Шаңды дауыл – шөл, шөлейт және тақыр далада желдің топырақты немесе құмды ұшырып соғуы. Мұндай дауылды қазақ тілінде «қара дауыл» деп те атайды.
Көк дауыл – аязды қарлы боран.
Боран –жылдамдығы 20 м/с-тан жоғары, өте қатты соғатын жел.
Арқаның ақбораны – Сарыарқада соғатын, ат құлағын көрсетпейтін ақ түтек боран.
Алақаншық – бір бәсеңдеп, бір ұйтқып соғатын боран.
Ақтүтек жауған қармен қабаттасып, ұйтқып соғатын боран.
Ноқай – көзді аштырмай, құйын тәрізді үйіріліп, үдеп соғатын боран. Бұрқасын – қармен қабаттасып, бет қаратпай долданып соққан боран.
Жаяу бұрқасын – бәсең соққан боран.
Ақборан қарды ұшырып, жер әлемді ақ қармен тұмшалайтын боран.
Ақжорға – жердің бетімен қарды ұшырып ұйтқып соққан жел.
Құйын – үйіріле, ұйтқи соғатын, кейде шаң-тозаңды көкке үйіріп соғатын екпінді жел.
Алақұйын – астаң-кестең ұйтқыған боран.
Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел.
Қызыл жел – аңызақ, ыстық жел.
Майда жел – жұмсақ самал.
Салқын жел – тым суық та, тым жылы да емес жел.
Суық жел – ызғарлы күзгі жел.
Қара жел – бұлтты күні соғатын ызғарлы, жауын-шашынсыз жел.
Қарыма жел – бет, құлақ ұшын қаритын өткір жел.
Үскірік жел – күзде, қыста соғатын құрғақ, суық жел.
Ызғырық жел – өңменіңнен өтер суық жел.
Аңызақ жел – жылы, ызғары жоқ, құрғақ жел.
Керімсал жел – шілдеде оңтүстіктен соғатын аңызақ жел.
Теріскей жел – терістен ескен салқын жел.
Үрме жел – екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғатын жел.
Ыстық жел – аптап жел.
Көктем самалы – жазғытұрым соғатын тым жылы әрі құрғақ жел.
Өкпек жел – жанға жайлы самал жел.
Ескек жел – есе соққан жел.
Жібек жел – салқын самал.
Желемік – әлсіз жел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет