Білім беру ұйымы басшысының тұлғалық және кәсіби даму жоспары
Тұлғалық және кәсіби құзыреттерді өзіндік талдауы және өзіндік бағалау Басқару және басшылық жасау ұғымындағы мен екінші ұғымға көбірек тоқталамын. Ұжым ішіндегі индуктивті түрткі болатын көшбашылығы мен тәжірибелігі мол әріптестермен басшылық механизіміндегі жұмыстануды реттеу маңызды, мұнда педагогтердің әлеуетік, психикалық, физологиялық ахауалына зиянсыз коммуникаивтілікті өз ұстанымыма аламын. Сенім, талап, жарияшылдық пен ақиқаттылық ұстанымымен басқару арқылы ғана өзіндік көшбасшылық бейнеңді ұжымға бағыттайсың. Мұғалім, ата-ана, оқушының талап-сұраныстарына дер кезінде мән берушілік пен олардың ойы мен көзқарасына құрметпен қараймын. Басшы тұлға ретінде алты қателікке бой алдырмау маңызды, деп ойлаймын. Олар: біржақты шешім, асығыс шешім, тәжірибесіз идеяны қолдау, қарым-қатынастағы таңдамалы шектеулер, сынды қабылдай алмау, құзіреттілік құндылықтарын жетілдірмеу.
Өзіндік даму мақсаттары:Қарапайымдылық, әркімнің ойы мен тұлғалық құндылығына құрметпен қарау. Мектеп ісіндегі әрбір қызметкердің өзіндік үлесі мен игілігін дұрыс бағалау, ынталандыру, идеяларын қолдау, көмектер қорын ұсына білу. Ұжым тұтастығы мен ынтымақтастығын арттырушы шаралар мен факторларға ыждағаттылықпен мән беріп, оларға үнемі мотивация беру.
Өзіндік дамудан күтілетін нәтижелер:Инновациялық бағытта ұстанымы мен шығармашылығы жетілген команда құрылады. Оқу-тәрбиедегі жасампаздық пен жаңашылдықтарды қабылдау мен тәжірибеде жетілдіруші ынталы топ арттады. Өзгерісті өзіңнен бастау қағидаты жақсарады. Сындарлылық пен сыни талдаулар қалыптасады. Іскерлік механизімі дамиды.