№3 /55/, 21 сәуір, дүйсенбі, 2014 жыл газет 2000 жылдың СӘуір айынан шығады



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі2,47 Mb.
#5460
1   2   3   4   5

Галлия КУБИЕВА, 

студентка ІІІ курса факультета 

Экономики и права

Биылғы  оқу  жылында  «Пси-

хология»  мамандығының  ІІ-ІІІ 

курс  студенттері:  Назерке  Саме-

шова,  Айтөре  Ғилым,  Әйгерім 

Тілектесова  және  Әсем  Рама-

зан  психология  кафедрасының 

аға  оқытушысы  Г.Мусинаның  

жетекшілігімен 

Алматы 


қаласындағы Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінде пси-

хология  пәнінен  өткізілген  жоғары 

оқу  орындары  студенттерінің 

Республикалық  олимпиадасына 

қатысып,  өзіміздің  осы  уақытқа 

дейін  алған  теориялық  және 

тәжірибелік  білімімізді  сынға 

салдық. 

  Олимпиада    теориялық  және 

тәжірибелік  турлардан    тұрды, 

теориялық  бөлімде  тест  тапсыр-

малары  берілсе,  онда  өзіміздің 

теориялық  білімдерімізді  сынға 

салып,  психология пәнінен алған 

жоғары  деңгейдегі  білімімізді 

көрсетсек,  тәжірибелік  бөлімде 

әр  команда  өздерін  танысты-

рып,  үй  тапсырмасын  сахнала-

ды.  Бұл  сында  да  біз  өзіміздің 

мамандығымызға  сай  ертегі  те-

рапиясын  сахналап,  адам  ба-

ласына  өз  Отанынан,  өз  елінен 

асқан  ыстық  ел  жоқ  екендігін 

психологиялық  көрініс  арқылы 

түсіндіре алдық.

Сайысқа  қатысқан  өжет  те  ба-

тыл  жантанушы  қыздарымыздың 

алғашқы таныстыру турындағы:

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.

Барлық топқа тілейміз біз сәттілік,

Біздің  мақсат  –  алып  кету  бас 

бәйгені 


Атыраудай  алысқа!  -  деген  өз 

білімдері  мен  біліктеріне  деген 

сенімдері    алдамапты,    осындай 

тартысты  бәсекеде  әр  облыстан 

келген 11 команданың ішінен біздің 

«Эмпатия» командасы жүлделі ІІІ 

орынды  қанжығалап,  алғыс  хат-

тар  мен  білім  сертификаттарына 

ие болдық. 

Бұл  жеңіске  біз  осы  уақытқа 

дейін психологиялық пәндер бой-

ынша  жоғары дәрежелі білім мен 

тәлім   тәрбие берген ұстаздардың 

арқасында  қол  жеткіздік,  осын-

дай  жеңістеріміз  үшін  психология 

кафедрасының  ұстаздарына  мың 

алғыс  айтып,  шығармашылық  та-

быстар тілейміз!



Назерке САМЕШОВА, 

 «Эмпатия» командасының 

топ басшысы

Бастауышта  оқыту  педагогика-

сы мен әдістемесі мамандығында 

оқитын  бір  топ  студент  Түркістан 

қаласындағы  Қожа  Ахмет  Ясауи 

атындағы  Халықаралық  қазақ-

түрік  университетінде  өткізілген 

VI  Республикалық  «Білікті  ма-

ман    -  заман  талабы»  атты 

білімгерлердің  пәндік  олимпиада-

сына қатысып, Бас жүлде  Гран – 

Приді иеленіп қайттық.

Олимпиадаға үш мамандық бой-

ынша  35  команда,  соның  ішінде 

«Бастауышта оқыту педагогикасы 

мен  әдістемесі»  мамандығы  бой-

ынша  Республикадан  14  команда 

келіп, білім сайысына түсті.

Олимпиада  бағдарламасы    4 

турдан тұрды, яғни «Панорамалық 

сабақ», 

«Менің 


креативті 

университетім» (таныстыру), «Ба-

стауыш  білім  берудің  болашағы» 

(ғылыми  жоба)  және  кәсіби 

пәндерден  тест  тапсыру  тапсыр-

малары. 


Біздің  «Жарқын  болашақ» 

командасының 

білімгерлері 

оқу 


озаттары 

Құралай 


Құдабекқызының  қазақ  тілінен 

«Сын есімді оқыту» тақырыбында 

өткізген  панорамалық  сабағы 

болашақта 

дидактикалық 

даярлығы  терең,  шебер  әдіскер 

мұғалім  болатынын  дәлелдеді. 

Сол  сияқты  Маңғыстауова  Арай-

лым  мен  Құмарова  Бақтылының 

дайындаған 

ғылыми 

жоба-


сы  ешкімге  ұқсамайтын  ерек-

ше,  ғылыми  танымдылығымен, 

әдістемелік  шеберлігімен  өте 

әсерлі де, тартымды болды.

Сонымен  қатар  27-28  на-

урыз  аралығында  С.Аманжолов 

атындағы  Шығыс  Қазақстан 

мемлекеттік 

университетінде 

өткен, 


Қазақстан 

Республи-

касы  жоғары  оқу  орындары 

студенттерінің  V  Республикалық 

пәндік  олимпиадасына  қатысқан 

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту 

және  тәрбиелеу  мамандығының 

«Жаңашыл 

жастар» 

коман-


дасын    да  (команда  мүшелері 

А.Жолдасова, 

Б.Черниязова, 

Ж.Хасанова,  С.Мусагалиева,  ко-

манда  жетекшісі:  Г.С.Әуелбаева) 

III 


дәрежелі 

дипломмен 

марапатталғандығын  қуана  айта 

кетеміз.       

Сол  сияқты  «Бастауыш  білім 

берудің  болашағы»  ғылыми  жо-

баны  нәтижелі  қорғауымызға 

және 


үлкен 

дайындықпен 

баруымызға  көмегін  берген  педа-

гогика  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Әлия  Меңдешқызы 

Мұханбетжановаға 

алғысымыз 

шексіз.  Кафедра  ұстаздарына 

және  командаларға    жетекшілік 

еткен 


Жанна 

Құлбатырова 

және 

Гүлсара 


Әуелбаева 

апайларымызға алғыс айтамыз.

                            

Маржан ҮСЕН, 

Айкенже ЖОЛДАСОВА,

психология, педагогика және 

өнер факультетінің студенттері

Біз 


тарих-филоло-

гия 


факультеті, 

тарих 


мамандығының 

3-курс 


студенттері 

Шынар 


Үржімбаева, 

Амангелді 

Жұмабаев, Әсемгүл Орынба-

ева 25-31 наурыз аралығында 

Шахман  Нағымов  ағайдың 

жетекшілігімен  Қызылорда 

қаласындағы  Қорқыт  Ата 

атындағы 

мемлекеттік 

университетінде 

өткізілген 

5В011400 

«Тарих» 

мамандығы  бойынша  VI 

Республикалық 

студенттік 

пәндік олимпиадаға қатысып қайттық. 

Осы  VI  Республикалық  олимпиадаға  еліміздің  әр 

облысының  білімді  студенттерінен  құралған  21  топ 

қатынасқан  болатын.  Нақтырақ  айтқанда,  70  студент 

өздерінің  білімдерін  ортаға  салды.  Бұл  сайыста  топ 

болып қатысқанмен, әр турда топтың үш студенті же-

ке-жеке сынға түсіп, өз топтарына ұпай жинады. 27-на-

урыз күні таңертең олимпиаданың ашылуы болып, со-

дан соң 1-ші тур бойынша эссе жазып, тақырыбымызды 

аша  білдік.  2-ші  турда  «Халық  тарих  толқынында» 

еркін  тақырыпта  өзіміздің  ғылыми  жобамызды  жақсы 

деңгейде қорғап шықтық. Сөйтіп, олимпиаданың 3-ші 

туры  тест  жұмысымен  аяқталды.  Олимпиада  жоғары 

деңгейде және әділ өтті деп ойлаймын. Студенттердің 

білімге деген құштарлығы, жетістікке жетеміз деген тал-

пыныстары бір қарағанда-ақ байқалып тұрды. Біз жан-

жақтан  жиналған  тарихшы  студенттермен  тез  арада 

танысып, тіл табысып, достасып кеттік. Өзара әр алуан 

тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, тәжірибе алма-

сып, тарих тұңғиығындағы көптеген мәселелер бойын-

ша ой бөлістік.

  Мен  осы  олимпиадаға  қатысқаныма  өте 

қуаныштымын.  Біріншіден,  өз  университетімнің  намы-

сын  қорғап  жүлделі  III  орынға  ие  болдық.  Екіншіден, 

еліміздің  барлық  аймақтарынан  жиналған  студент 

достарыммен  танысып,  пікір  алмастық.  Үшіншіден, 

Қызылорда  қаласын  тамашалап,  тұрғындарының 

қарапайымдылығына,  сыпайылығына,  жомарттығына 

тамсанып қайттық.

 

Шынар ҮРЖІМБАЕВА, 



тарих мамандығының ІІІ курс студенті

ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ, ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН

СЫР ЕЛІНЕ, ЖЫР ЕЛІНЕ САПАР

ҰСТАЗДАР СЕНІМІ АҚТАЛДЫ

СТУДЕНТ И НАУКА

Талдықорған  қаласында  өткен 

Қазақстан  Республикасы    жоғары 

оқу  орындары  студенттерінің  VI  

Республикалық пәндік олимпиадасы-

на  «Музыка пәнін оқыту әдістемесі» 

пәні  бойынша    қатыстық.  Олим-

пиада  наурыз  айының  12  мен  14-і 

аралығында  өтті.  Осы  пән  бойынша 

олимпиадаға Республиканың жоғары 

оқу  орындарынан  көптеген  студент-

тер қатысты. 

Біз де өзіміздің ғылыми жетекшіміз,  

«Музыка  және  өнер  кафедрасының» 

доценті 

Суингарина 

Тамара 

Мұқанқызымен  бардық.  Бірінші  күн 



олимпиаданың  ашылуымен  бастал-

ды. 


Ашылу 

салтанатында 

Талдықорған  қаласының  Жетісу 

мемлекеттік  университитетінің  рек-

торы  Ә.Е.Бектұрғанов  сөз  сөйлеп, 

олимпиадаға қатысушыларға  сәттілік 

тіледі.  Сол  күннің  екінші  жартысы-

нан  олимпиада  басталып,  наурыз 

айының  13-і  күні    өз  мәресіне  жетті. 

Олимпиадаға  қатысушылар  «Музы-

ка»  бағдарламасы  бойынша  бастау-

ыш және орта сынып  оқушыларына 

сабақ  берді.  Олимпиада  талабы 

бойынша сабақ беру үрдісінде  соңғы 

технология әдістерін қолдануға үлкен 

мән берілді. Сабақ беру уақыты  30-

35 минуттан кем немесе асып кетпеуі 

қатаң қадағаланды. 

Олимпиаданың 

қорытындысы, 

яғни,  жабылуы  наурыз  айының  14-і 

күні  болды.  Нәтижесінде  мен,  Айда-

на  Ижапкулова  ІІІ  орынмен,    Самал 

Алқабай    олимпиаданың  Алғыс  ха-

тымен  марапатталдық.  Сонымен 

қатар  университетіміздің  басшысы 

Мамраев  Бейбіт  Баймағамбетұлына 

және жетекшіміз Суингарина Тамара 

Мұқанқызына  Алғыс  хаттар  табы-

сталды. 


Олимпиадаға  дайындық  кезінде 

зор  көмегін  берген  университеттің 

Оқу-теле  орталығының  директоры, 

профессор  Айсұлу  Тәжіғалиқызы  

Садықоваға,    «Музыка  және  өнер» 

кафедрасының    меңгерушісі  Елиза-

вета  Дмитриевна  Ковалеваға,    бізді 

күндіз-түні    дайындап,  терін  төккен 

жетекшіміз  Тамара  Мұқанқызына 

алғысымызды білдіреміз.



Айдана ИЖАПКУЛОВА, 

Самал АЛҚАБАЙ,

музыкалық білім 

мамандығының студенттері

БІЗДІҢ  ЖЕТІСТІГІМІЗ

7

УНИВЕРСИТЕТ - ӨМІРЛІК МЕКТЕБІМ 

Жаратқанның  жазуы  шығар,  күн 

санап,  апта  аралатып  алуан-алуан 

ортада  сан-түрлі  сұхбаттастармен, 

талқыластармен,  оқушы-студент  жа-

стармен  жүздесіп  қалып  жүреміз. 

Өз  басыма  жиі  қойылатын  сұрақтың 

ыңғайы:  «Шетелде  оқып  келдіңіз 

бе?  «Болашақпен»  бе?».  Өз  басым 

жаңылмайтын  жауап:  «Әзірге  шетел 

асып,  білім  қуу  мүмкіндігі  туған  жоқ. 

Менің жарқын шағым да, «Болашағым» 

да  –  Халел  Досмұхамедов  атындағы 

Атырау  мемлекеттік  университеті». 

Осы  тектес  талай  сәтте  төл 

университетіміздің атына айтылған игі 

пікірлерден  естіген  құлақ  марқаятын. 

Пенде-көңілдерге  де  қиналмай  ұя 

саларлық сезім.

Әлбетте, қызмет абсолюттік айшық, 

өлшем  емес.  Десек  те,  әлгіндегідей 

сұрақтар  қойылып  қалып  жататы-

ны  кешелі-бүгін  жеткен  жасымыз  бен 

қазіргі  қызметтік  жайымыздың  ара-

қатынасынан  туындайтын  болса  ке-

рек. Ұмытпасақ, үшінші курстан бастап 

оқумен қатарластырып республикалық 

белгілі  басылымның  жауапты  хат-

шысы  міндетін  атқардым.  Өлшем 

түпкілікті  өзгеріп  кеткені  болмаса,  бұл 

өзі  –  студент  үшін  айтарлықтай  жүк 

еді.  Бес  жылдықты  тәмамдай  сала, 

көзді  тас  жұмып,  алды-артымызға 

қарамай  Астана  астық...  Атауына 

қанық астаналық басылымға жұмысқа 

қабылдандық.  Корректор...  Әрине, 

екі  жылдан  аса  жауапты  хатшылық 

атқарған  басымызға  үтір,  нүкте 

түгендеу  –  қоңылтақ  қызмет.  Алайда 

басқа  таңдау  жоқ  –  ендеше  амал  да 

жоқ. Күн артынан күн туып, ай артынан 

ай озып, «қары қалың қыстың көгі мол 

жазға  ұласуын»  тосып  жүрдік.  Мұның 

бәрі  –  қайран  өмірлік  университетіміз 

ұсынған сабақтың бергені. 

Қаламның  жолы  ашылса,  біз  үшін 

бұл  өзі  –  таңға  таң  ілестірер  тірнекті 

тақырып. Әзірге әлқиссасы – осы ғана. 

Ащыдан  да,  тәттіден  де  тәлім  тере 

білетін  шәкірттің  көбейе  беруін  тілек 

етеміз, университетім менің! 

Ерболат ҚАМЕН,

«Астана ақшамы» газетінің 

директоры, бас редакторы

Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университеті  осы 

сұранысты, білікті заңгерлер даярлай отырып, қамтамасыз етеді. Біздің 

түлектер  бүгінгі  таңда  сотта,  прокуратурада,  адвокатурада,  тергеуде, 

нотариатта, заң кеңесін беру аясында қызмет етуде. 

Заңгер,  әділетсіздіктің  құрбаны  болған  тұлғаға,  қылмыстан  зар-

дап  шеккен  жәбірленушіге  өз  құқықтарын  қалпына  келтіруге,  оларды 

қорғауға,  заңсыз  жұмыстан  шығарылған  адамның  қайта  жұмысына 

тұруына,  даулы  мүліктік  және  тұрғын  үй  сұрақтарын  шешуге  көмек 

береді. 


 Тергеуші, судья болып жұмыс істейтін заңгер қылмыскерге әділ жа-

заны қамтамасыз етсе, прокурор болып қызмет атқаратын заңгер заң 

бұзған шенеуінікті жауаптылыққа тартады. Заңгер жұмысы – құқық үшін 

күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззәт сыйлайды. 

Сапалы  білім  берудің  кепілі-университет  оқытушыларының 

біліктілігінде.  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 

университеттің  «Құқықтану»  мамандығы  бойынша  заң  және  тарих 

ғылымдарының  кандидаттары,  доценттер,  магистрлер  және  білікті 

заңгерлер,  құқық  қорғау  органдары  саласында  жұмыс  атқарған 

тәжірибелі мамандар сабақ беріп қызмет етеді.

«Мемлекет  және  құқық  теориясы  мен  тарихы»  кафедрасының 

оқытушылары  жоғары  кәсіби  қабілеттілігімен  ғана  ерекшеленбейді, 

сонымен  қатар  біздің  оқытушылар  студенттерге  адамгершілік,  ізгілік, 

мейірім тұрғысынан қарым-қатынас жасайды.    

Университет - менің өмірлік мектебім, өйткені болашағымның бастау 

осы жерден басталады.                    

     

Марта ҚУАНДЫҚОВА,

құқықтану мамандығының студенті 

Алдымызда болашақ мамандық таңдау. Мен өз 

таңдағалы  жүрген  мамандығым  туралы  көп  ой-

ланып,  толғандым.  Сол  мамандық  иелерін,  сол 

саланың  отымен  кіріп,  суымен  шығып  жүрген 

барша  азаматтарға  қызыға  да,  қызғана  қарап, 

еңбектерін өзімше бағамдап, бағалап жүретінмін. 

Солардың бірі Атырау қаласындағы білдей уни-

верситет  атын  иемденіп  тұрған  азамат  Халел 

Досмұхамедов.  Ол  кісінің  мамандығы  әскери 

дәрігер болғандығы белгілі. 

Сондай-ақ  оның  қаламы  жүйрік  журналист 

болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ 

жол»,  «Еңбекші  қазақ»,  «Сәуле»  сияқты  газет  жур-

нал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын 

көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім 

комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі 

соның редакторы болған болса керек... Міне, бұдан 

журналистика  мамандық  емес,  ол  өнер  екен  деген 

ой туады. Мен де нар тәуекелге бел буып, осы өнер 

саласына  құлаш  ұрдым.  Халел  Досмұхамедовтың 

атына берілген Атырау мемлекеттік университетінің 

гуманитарлық 

факультетінің 

журналистика 

мамандығы І курс студенті атандым.

Студенттік  өмір  де  басталып  кетті.  Мектеп 

қабырғасында  оқытылған  пәндердің  бәрі  қазір  ар-

тымызда  қала  берді.  Бүгінгі  таңда  мамандығымызға 

байланысты жаңа пәндер бойынша дәріс сабақтары 

күнделікті  өтіліп  отырады.  Сондай  дәрістердің  бірін 

жалпы және халық педагогика кафедрасының доценті 

Айдар Сабыров ағайымыз «Халелтану» пәні бойынша 

дәріс оқиды. Бұл пәннің осы ерекшелігі университетте 

оқитын студенттерге өзі оқып жатырған оқу орнының 

неге  Халел  Досмұхамедов  атына  берілгендігін, 

ол  кісінің  сан  соқпақты  өмір  жолы,  білім  арнасы, 

халыққа деген қызметі жөнінде кеңірек сыр шертетін 

бірден-бір  пән  екені  анық.  Кейін  өз  білім  алған  қара 

шаңырағыңның тарихын, оның неге нақты осы азамат 

есіміне берілгендігін қай жерде, қай түкпірде жүрсең 

де, ұялмай айтып жүрудің өзі біздің тарапымыздан жа-

салатын «ерлік» деп бағамдаған жөн!

Әйгерім ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА, 

2012 жылдың түлегі

Құқықтану бакалавры адамның адаммен, қоғаммен, 

қоршаған  ортамен  қарым-қатынасын  реттейтін 

этикалық және заң нормаларын білуі; қоғаммен, еңбек 

ұжымымен әлеуметтік өзара әрекеттестікке дайын болу 

қасиеті,  даудың  алдын  алу  және  жоюы,  толерантты, 

жауапкершілік пен борыштық қасиетінің болуы; жалпы 

адамның құндылық пен жалпы қабылданған этикалық 

нормаларды білу және сақтау; іскерлік хат алмасу, іс 

жүргізу  дағдысының  болу;  пікір  таласта  ашық  болу 

және пайымды ымыраға жету, өзін-өзі сынай білу ке-

рек. Сонымен мамандық таңдау алдында бар мәселені 

ой-таразысына салып алған жөн. Себебі, мамандығың 

–  мақтанышың,  бүкіл  ғұмырындағы  айнымас  серігің. 

Мамандық  таңдағанда  беделі  мен  бағасына  емес, 

сұранысы  мен  сапасына  көңіл  бөлген  дұрыс.  Ең  ба-

стысы,  сіздің  қызығушылығыңызда,  кәсібіңіздің 

табиғатыңызға  жақындығында.  Университеттің  түлегі 

ретінде мен өзім оқып, білім алған, үлкен өмір жолына 

жолдама берген батыс өңірдің қасиетті қарашаңырағы-

университетімді мақтан етемін. Алған білімімді халық 

игілігіне жаратамын деп нық сеніммен айта аламын. 



Саягүл АЙЫПҚЫЗЫ,

Атырау облыстық Адвокаттар алқасының 

мүшесі, 

адвокат                                    

Біздің университетімізде көптеген 

ұлт өкілдері оқиды. Ол өзін қазақ 

қызы санайтын тарих-филоло-

гия факультетінің журналистика 

мамандығының І курс студенті, до-

сым, Анжелламен  сұхбаттасудың сәті 

түскен еді. 

-  Анжелла,  биыл  осы  оқу  орнының 

студенті  атандың.  Университет  туралы 

пікіріңді білсек деп едім.

-  Иә,  өзім  қалаған  мамандығым,  туған 

жерім Атырауда болған соң алысқа барма-

дым.  Өйткені  бұл  университет  талай  тар-

ландар ұшып шыққан құт мекен. Бәріміздің 

мақтанышымыз.  Студент  атанғаныма,  әрі 

Халел баба атындағы оқу орнына түскенімді 

мақтан етемін.



- Қазақстан халқы Ассамблеясы тура-

лы айтып өтсең?

Қазақтардың 



мәдени-этникалық 

дәстүрлерінен  мұра  болған  рухани 

саладағы  төзімділік  қазіргі  уақыт  пен  ке-

лешекте  азаматтық  әлемді  сақтаудың 

берік  негізі  болып  табылады.  Бүгінгі  күні 

Қазақстан  Республикасында  40-тан  астам 

конфессия өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен 

этникалық  топ  өкілдері  бейбіт  және  өзара 

түсіністікте  өмір  сүруде.  Қазақстандағы 

әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 

22  республикалық  және  аумақтық  ұлттық 

мәдени орталықтары құрылған. 



-  Қазақстанның  тіл  саясаты  жөніндегі 

пікірің қайдай?

-  Қазақ  тілі  -  өте  бай  ел.  Қазақ  елінің 

мемлекеттік  тілі  болғандықтан  оны  білу 

әрбір  азаматтың  міндеті  болып  табылады. 

Көп  ұлтты  мемлекетке  этностардың  жара-

сты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік пен 

келісімінің  сақталуына  тіл  саясаты  ықпал 

етуге тиіс.



- Анжелла, өзіңіз туралы, жанұяңыз ту-

ралы айтып өтсең?

-  Мен  Атырау  қаласындағы  №  4  Юрий 

Гагарин атындағы орта мектепті ойдағыдай 

аяқтадым.  Қазір  Халел  Досмұхамедов 

атындағы 

Атырау 


мемлекеттік 

университетіндегі 

тарих-филология 

факультеті  журналистика  мамандығының 

І  курс  студентімін.  Жанұяда  мен  жалғыз 

қызбын. Менің туыстарым осы мамандықтың 

иесі  болуымнан  көп  үміт  күтеді.  Оларды 

ренжітпеу  үшін,  өз  мақсатыма  жету  үшін 

талпынамын,  яғни  өз  бетіммен  көп  жұмыс 

жасаймын.



- Сіз қазақ тілін жақсы білесіз, жақсы 

үйренуіңізге не себеп болды?

-  Мен  қазақ  тілін  мектепте  үйрендім, 

маған  бұл  тілді  сынып  жетекшім  Шолпан 

Амангелдіқызы үйретті. Көптеген дайындық 

курстарына бардым, мен қазақ тілін жақсы 

меңгердім, бірақ әлі де мен қазақ тілін әрі 

қарай терең үйрене беремін. 

-  Анжелла  өзіңіздің  достарыңыз  қай 

ұлт өкілдері?

- Менің достарым өте көп, олардың ара-

сында  орыстар,  кәрістер,  бірақ  ең  көбі 

-  қазақтар.  Біздің  достығымыз  мықты. 

Біз  әрқашан  бір-бірімізге  көмектесеміз, 

қиындықта қасында бірге болып,  жанынан 

табыламыз.

-  Қазақтың  салт-дәстүрін  ұстанасыз 

ба?

-  Ия,  біз  қазақтың  салт-дәстүрін 

ұстанамыз,  ең  бастысы  оны  үлкен  мереке 

етіп тойлаймыз. Барлық мерекеге дайындық 

жүргіземіз  әр-түрлі  тағам  дайындаймыз, 

қонақ күтеміз және қонаққа барамыз.



Сұхбаттасқан: Абай АҚМҰРЗИЕВ,

«Университет» газетінің тілшісі.

Университет  әрбір  жас  жеткіншекті  болашаққа 

бағдарлайтын  өмірлік  мектеп.  Осы  орайда 

газетіміздің  тілшілері  аталмыш  тақырыпта  сұхбат 

жүргізген еді. 

Гүлфайруз Құрмет, қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының ІІ курс студенті.

-  Әрине,  университет  өмірлік  мектеп.  Олай  деген 

себебім, осы алтын ұядан алған білімімізбен үлкен өмірге 

аттанып,  өз  жолымызды  табамыз.  Өз  мамандығым 

мен  байланыстырып  айтсам,  болашақ  мамандығымыз 

мұғалім  болғандықтан  университет  қабырғасында 

білімді  толық,  жан-жақты  жетілдіруіміз  керек.  Өйткені, 

болашақта  шәкірттер  алдына  барамыз.  Оларға  білім 

беру үшін өз біліміз терең болуы шарт. 

Дулат Галимов, тарих мамандығының 

ІІ курс студенті.

- Иә, университет өмірлік мектеп дегенге ешкім талас 

қылмасы хақ. Біз мектептен 11 жыл білім алып болашақ 

мамандығымызды  таңдап  жоғарғы  оқу  орнына  оқуға 

түстік. Төрт жыл бойы оқимыз. Осы 4 жыл ішінде өмірлік 

азығымыздың  белгілі  мөлшерде  үлесін  аламыз.  Бір 

сөзбен айтқанда, Университет - өмірлік мектеп  

Айтолқын Төлеген, аударма ісі мамандығының 

І курс студенті

- Әрине... Халық ақыны Н.Байғанин «Білімнен қымбат 

нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді 

адам ғана өмірден өз орнын тауып, болашаққа батыл 

қадам басады. Ол үшін оқу керек. Тақырыпқа оралар 

болсам, қандай да болмасын болашақ жоғарғы білімді 

маман  университет  қабырғасынан  түлейді.  Ондағы 

білім ізденіс тәжірибе оған өмірлік азық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет