УНИВЕРСИТЕТ
Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ
№3 /55/, 21 сәуір, дүйсенбі, 2014 жыл
ГАЗЕТ 2000 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНАН ШЫҒАДЫ
«Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі»
/Халел Досмұхамедов/
УНИВЕРСИТЕТ МӘРТЕБЕСІ - ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЕСІМІНІҢ БЕРІЛГЕНІНЕ 20 ЖЫЛ
Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер
жоғары педагогикалық білім берудің
қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта
қол жеткен табыстарымызды сын көзбен
саралай отырып бағалауды, мұғалім
кадрларын даярлау жүйесіне ғылым мен
техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді
және халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан сарқылмас бай халықтық
мұрасы мен дүниежүзілік өркениетті
елдердің тәжірибесін кеңінен пайдалану-
ды қажет етті.
Біздің қоғамымыздағы жаңғырулар тәуелсіз
Қазақстан Республикасы жоғары мектебі
тыныс-тіршілігіне ерекше ықпал етіп, оның
жұмыс мазмұнына да жаңаша бағыт-бағдар
мен сипат беруде. Елдің ертеңгі тізгінін ұстар
жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымына
жүктелер міндет жүгі ауыр болды.
Нарықтық экономиканың қатал заңына төтеп
бере алатын, жан-жақты білімді, сапалы жа-
старды тәрбиелеп өсіру оңай емес. Жас ұрпақ
еліміздің тәуелсіздікке үлкен қиындықпен, аза-
бы мол ауыр күрес арқылы жеткендігін, оның
шынайы бағасын жан-жүрегімен, терең сезініп
өсуі керек.
Биылғы жыл Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау университетінің студенттері мен
ғылыми-педагогикалық
ұжымы,
барлық
ұстаздар қауымы үшін ерекше жыл болып та-
былады.
Атырау университеті өз тарихын сонау 50
жылдардың бас кезінен екі жылдық мұғалімдер
институтынан бастау алады. Мұғалімдер ин-
ституты ұйымдасқаннан 35 жыл өткеннен кейін
педагогикалық жоғары оқу орны университет-
ке айналды.
1994 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Респу-
бликасы Министрлер Кабинетінің шешімімен
Атырау педагогикалық институтына ғұлама
ғалым, ағартушы ұстаз, профессор Халел
Досмұхамедовтың есімі берілді. Бұл Атырау
облысы жұртшылығының өмірінде елеулі оқиға
болып табылды. Халел бабамыздың есімінің
ортамызға қайта оралуы оның жан-жақты
сарқылмас ғылыми мұрасын зерделеуге және
Халел тағылымын терең зерттеуге мүмкіншілік
жасады.
Осы мерзім ішінде Атырау университеті – Ба-
тыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі де іргелі жоғары
оқу орындарының біріне, облысымызға,
республикаға жоғары білімді әр саладан білікті
мамандар мен ұстаздар даярлайтын ғылыми-
педагогикалық орталыққа айналды.
Жоғары білім беруді одан әрі жетілдіру,
мамандар мен ғылыми-педагог кадрлар
даярлаудың аймақтық университет жүйесін
дамыту мақсатында Қазақстан Республи-
касы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2
маусымдағы қаулысымен Халел Досмұхамедов
атындағы Атырау педагогикалық институ-
ты Халел Досмұхамедов атындағы Аты-
рау мемлекеттік университеті болып қайта
құрылды.
Университетінің ашылуына сәйкес оның
өткені мен бүгіні және болашағы туралы
айтсақ, ең алдымен, оның республикамыздың
батыс өңіріндегі іргелі білім ордасына
айналудың басты себептеріне университеттің
ғылыми-педагогикалық кадрлармен толығуы,
материалдық-техникалық базасын жақсартуы,
қазіргі уақыт талабына сай жергілікті аймақтың
ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы маман
кадрлар даярлауы жатады.
1950 жылы мұғалімдер институты өз
жұмысын бастағанда құрамында бірде-бір
ғылыми атағы мен дәрежесі бар оқытушы бол-
маса, бүгінде университетте жұмыс істейтін
500-ден астам ғылыми-педагог кадрлардың
200-і ғылым докторлары мен профессорлар,
ғылым кандидаттары мен доценттер.
Атырау
университеті
осы
өңірдегі
ағартушылық ақыл-ойдың нәр алатын қайнар
бұлағы, ғылыми-әдістемелік орталық ретінде
46 мамандық бойынша әр түрлі салада ма-
ман кадрлар даярлап келеді. Университетте
14 мамандық бойынша магистратура ашыл-
ды. Ғылыми кітапхана, компьютерлік баспа
орталығы, ғылыми-зерттеу лабораториялары
мен орталықтары, «Жайық» мәдени-спорт
кешені, университет мұражайы жұмыс істейді.
Университет
түлектері
Қазақстан
Республикасының және одан шет жерлерде
халық шаруашылығының, білімнің, ғылымның,
мәдениеттің әртүрлі саласында жемісті еңбек
етуде. 90-жылдар оқу орнының университет-
ке айналуы, ғылым жолында жаңа асулар-
ды алу және ғылым саласында жаңа серпіліс
кезеңі болды. Университет әлемдік стандартқа
сай мұғалімдік мамандықтармен қатар,
классикалық мамандықтардан нарықтық эко-
номика жағдайында сапалы кадрлар даярла-
уда ХХІ ғасыр табалдырығын нық қадаммен
аттады.
Осылайша Батыс өңіріндегі білімнің қара
шаңырағы Атырау мемлекеттік университеті
жаңа тарихтың бетін ашты.
Хисмет ТАБЫЛДИЕВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің ректор
кеңесшісі, тарих ғылымдарының
докторы, академик
Сіздерді университет мәртебесі мен энциклопедист-
ғалым Х.Досмұхамедов есімінің берілгеніне 20 жыл то-
луымен құттықтаймын!
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде,
Бір болашақ» атты Елбасының биылғы Қазақстан
халқына Жолдауында «Таяудағы 10-15 жылда ғылыми
қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз
біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмай-
мыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады»,
- деп атап көрсетті. Осыған орай білім беру жүйесі
мен ғылыми зерттеулерді әлемдік деңгейге шығару,
ғылымды инновациялық үдеріске тікелей қосу басты
міндет болып табылады.
Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасының негізінде ғылыми жаңалықтарды
өндіріске енгізуге барынша назар аударылады.
Президентіміз осы орайда ғылымды қаржыландыруға
бөлінетін қаржыны ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан
кем емес деңгейге дейін арттыруды ұсынды. Бұл
отандық білім мен ғылымның дамуына, жаңа идеялар-
ды ұсынатын ғалымдардың жаңашыл істеріне серпін
береді деген сенімімізді нығайтып отыр.
Біздің университет ұжымы да ғылыми қамтымды
экономика қалыптастыруға және ғылымдағы
инновациялық үдерісті дамытуға өзіндік үлесін қосады
деп сенім білдіремін.
Сіздердің ғылыми-шығармашылық қызметтеріңізге
табыс тілеймін.
Құрметті әріптестер және студенттер!
Ғалымдық
Адамзат қиырға көп алаңдаған,
Ашпаған құпиясын сараң далам.
Сондықтан «инеменен құдық қазу», -
Үйреткен деген сөзін бабам - данам.
Қалдырып ұрпағына сыйын мығым,
Нұсқаған ілгеріге түйінді ұғым.
Байқаған әлмисақтан нар қазағым,
Ой айту әр нәрседен қиындығын.
Шынында, оңай ма екен ғылым
деген,
Ұға алмай келеміз-ау сырын терең.
Әр таңда сәуле шаша қарсы алатын,
Күн емес шығысыңнан күлімдеген.
Ғалым болу – түтіндеп шала жанып,
Көшіріп жазу емес қалам алып.
Ғалым болу - асынып бес қаруын,
Қасқия қамал алу дараланып.
Ойламай амандық пен жан
қамын да,
Таңдау ол қиындықты талғамындай.
Желкендей алып мұхит толқынынан,
Портына жеткен талып аударылмай.
Қорқыныш дегеніңмен санаспаған,
Күдікті пікірімен бал ашпаған.
Қараңғы катакомба жолынан да,
Ешқашан нағыз ғалым адаспаған.
Мықшыңдап батпақ көлден
ырғап жүріп,
Артына бейнет шиыр жыл қалдырып,
Өтпейтін ит мұрыны ну орманнан,
Ғалымдық – салу жолды
тыңнан тіліп.
Заңдарын тіршіліктің тану - міндет,
Ұмтылу құпияға – жалынды дерт.
Тас мүжіп, азабыңның мұзын
кешпей,
Кеудеге нан піспесін ғалыммын деп.
Қадыр ЖҮСІП,
филология ғылымдарының
докторы, профессор
УНИВЕРСИТЕТ АШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Ізгі тілекпен,
ректор, профессор Б.МАМРАЕВ
2
ЖОЛДАУ
Тәуелсіз ел атанып,
төбемізге ту тігіп,
тіліміздің мәртебесі ар-
тып, әлемге атымызды
танытып жатқан кезеңде
ұлттың, елдің болашағы
- жас ұрпақ тәрбиесіне
де жоғарғы көңіл бөлінуі
қажет. Осы егеменді,
тәуелсіз Қазақстанда
өркениетке бастар жолдың
бастауы - білім десек,
білімнің басты тұлғасы,
жүрегі – ғылым.
Экономика
және
құқық
факультетінде
«Әлеуметтік
кепілдіктер және жауапкершілік
-
әлеуметтік
саясаттың
жаңа
принциптері
ретінде»
тақырыбында жас ғалымдар, ма-
гистранттар және студенттердің
ғылыми – теориялық конференци-
ясы ұйымдастырылды.
Конференцияға
шақырылған
ғалым-оқытушылар
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Қазақстан
халқына жолдауындағы білім
және ғылым бағыттары, Ғылым
туралы заңның қажеттілігі туралы
баяндады. Қазіргі заманда білім
мен ғылымсыз алға жылжудың
мүмкін еместігі туралы айтты.
Сонымен қатар конферен-
цияда сөз алған Экономи-
ка мамандығының І курс ма-
гистранттары да Ғылым мен
білімнің ұштасуын, өздерінің ал-
дарына қойған мақсаттары мен
міндеттеріне тоқтала отырып, сту-
дент жастарды білімге ден қойып,
ғылыммен шұғылдануға шақырды.
Алдағы уақытта факультетте
жас ғалымдар, магистранттар мен
студенттердің ғылыми жұмыстары
жандана бермек.
Альфия САЛИХОВА,
Жас ғалымдар кеңесінің
төрайымы, аға оқытушы
Очередное Послание Президента РК Нурсултана Назар-
баева народу Казахстана, как говорил до этого Елбасы,
было посвящено, в основном, выполнению Стратегии
«Казахстан-2050». Миллионы наших соотечественников с
нетерпением ждали выступления Лидера нации на насту-
пивший 2014 год.
В ежегодном Послании Пре-
зидента как всегда немало вни-
мания было уделено развитию
национального
образования
- от дошкольного до профессио-
нального. Сегодня развитие об-
разования Казахстана выходит
на новый уровень. Благодаря
Стратегии-2050
казахстанское
общество станет еще более об-
разованней, более активней и
целеустремленней. Для этого
каждому из нас необходимо тру-
диться на благо общества, а не
для собственной выгоды. Каждый
год из стен Атырауского государ-
ственного университета имени
Х.Досмухамедова выпускаются
специалисты различных сфер
жизни и это - тоже значительный
вклад в развитие национального
образования, в осуществление
«Стратегии-2050», в развитие Ре-
спублики в целом.
Нас много и мы все - одна Стра-
на, один Народ. Быть полезным
своей стране, быть ответственным
за судьбу своей Родины - это долг
и честь для каждого казахстанца.
Ведь в символике Стратегии «Ка-
захстан-2050» заложены основы
государства, основная суть знака
в сплетении и единстве, а значит -
силе. Поэтому, я единогласно под-
держиваю стратегию, выбранную
Главой государства, для развития
страны «где царят мир и спокой-
ствие. Где граждане свободны и
равны, а власть справедлива».
Гулбарам САХУАЛИНА,
старший преподаватель
кафедры русской филологии
Елбасының биылғы
Жолдауы барша
қазақстандықтар сияқты
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік
университетінің
профессор-оқытушылар
құрамы мен студенттер
тарапынан қызу қолдау
табуда.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің «Қазақстан жолы
– 2050: Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Жолдауының
аясында Экономика және құқық
факультетінің ұйымдастыруымен
«Кемел елдің келешекке жо-
спары» атты дөңгелек үстел
ұйымдастырылды.
Дөңгелек
үстелге
арнайы
шақыртумен келген «ОБӨж-
МШҒЗИ» Атырау филиалының
ғылыми қызметкері Е.Д.Абдошев
«Болашақ – аграрлық сектор-
да» атты баяндамасында Пре-
зидент жермен тиімді жұмыс
жасайтындарға сенім артаты-
нын, «Қазақстан ет және сүт
өнімдерін экспорттайтын өңірлік
елге айналуға тиіс» деп атап
көрсеткенін айтып өтті.
Университет
профес-
соры,
полиция
полковнигі
А.Құлбатыров «Президент Жол-
дауы: Заң алдындағы теңдік
құқық тәртібі» баяндамасында
болашақта атқарылуға тиісті
құқық саласындағы мәселелерге
тоқталып өтті.
Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер кафедрасының меңгеру-
шісі, философия ғылымдарының
докторы Ө.Қ.Бекежан Прези-
дент өз Жолдауында «Мәңгілік
ел» ұғымын ұлтымыздың ұлт
бағдары – «Қазақстан-2050»
Стратегиясының түпқазығы деп
таңдауы үлкен ой салғанын,
әлемнің
даму
үрдісіндегі
жағдайды бүкпесіз айтқанына
мән берді.
Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер
кафедрасының
аға
оқытушысы
А.А.
Лұқпанов
«Средний класс-как социальная
основа Мәңгілік ел» баяндама-
сында орта тап деп – табысы
жоғары және тұрақты, өздерінің
материалдық
сұраныстарын
қамтамасыз ететін, өте байлар-
мен және өте кедейлердің орта-
сында орналасқан әлеуметтік
топты айтатынын айтып өтті.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
Р.Б.Ертелеева «Послание Прези-
дента: Гендерная политика в Ре-
спублике Казахстан» атты баян-
дамасында елімізде әйелдердің
ролінің арта түсуі үшін жағдайлар
жасалатынын,
әйелдердің
басқаруымен бизнесті ашу және
жүргізу үшін жағымды жағдай жа-
салатынын атап берді.
Туризм мамандығының 1-курс
студенті, мемлекеттік грант иегері
А.А.Тұрғалиева «Мәңгілік елдің-
мәңгілік ұрпақтары» атты ба-
яндамасында бақытты елдің
бақытты ұрпақтары ретінде Қазақ
елінің Мәңгілік ел боларына нық
сенетінін, Қазақстанның келешек
жастары ретінде Елбасының
дамыған 30 елдің қатарына енуіне
белсенді атсалысатындығын, ең
үлкен мақсатымыз деді.
Барлық баяндамалар жан-
жақты талқыланып, пікір алмасу-
лар болып, оқытушылар мен сту-
денттерге үлкен ой салды.
Айымгуль ЕРАЛИЕВА,
экономика ғылымдарының
магистрі
Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы
барша жұртқа соның ішінде ұстаздар қауымына да ерек-
ше жігер, серпін берді. Жолдауда ғылым мен білімге өте
үлкен мән берілді.
Бүгінде материалдық-техника-
лық
базасы
қалыптасқан,
профессор-оқытушылар құрамы
соңғы жылдар жүзеге асырылып
жатқан оқытудың жаңа техноло-
гиясын меңгерген ұстаздары бар
оқу орнының алдыңғы қатарлы
факультеттерінің бірі – жаратылы-
стану факультеті.
Қазіргі заманғы инновациялық
технологияға негізделген жаңа
типтегі озық сабақ үлгілерін
ұстанып жүрген, ұстаздарымыз да
аз емес. Өзіміз еңбек ететін «Био-
логия» кафедрасында ғылыми-
зерттеу жұмыстары үш бағытта
жүргізіледі: биотехнологиялық,
өндірістік, эко-селекциялық.
Кафедра
оқытушыларының
ғылыми еңбектері республикалық,
шетелдік ғылыми басылымдарда
жарық көрді. Кафедра жанынан
«Жас биолог» үйірмесі ашылып,
көптеген жұмыстар жүргізіліп отыр.
Студенттер «Жас натуралистер
станциясы», «Атырау облыстық
санитарлы-эпидемиологиялық
қызмет департаментімен» бірігіп
тәжірибелік-сынықтар
өткізеді.
Сондай-ақ кафедра оқытушылары
Атырау облысының орта мектеп-
терімен, лицей, гимназиялары-
мен ғылыми жұмыс жүргізуге
және педагогикалық практикадан
өту үшін келісім-шарт жасалып
бірлесе жұмыс атқарылуда.
Біздің
еңбек
жолындағы
ең
бірінші
мақтанышымыз-
студенттер. Осы студенттердің
әлеуметтік жағдайын жақсартуға
және олардың алаңдамай сапалы
білім алуына жолдауда көрсетілген
2016 жылы 1 қаңтардан ба-
стап шәкіртақының мөлшерінің
25 пайызға дейін өсірілуінің өзі
қуантарлықтай жағдай.
Жолдауда Елбасы жастарға:
«Бұл стратегия сіздерге арналған.
Оны жүзеге асыратын да, жемісін
көрсететін де Сіздер. Елдің
болашағын барша халықпен
бірге жасаңыздар», - деп қазіргі
заманғы жастарға сенім артты.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры
ұрпақтың Мәңгілік Болашағын ба-
янды етуге арналады.
Алтынай СҰЛТАНҒАЛИЕВА,
биология кафедрасының
доценті
НОВОСТИ УНИВЕРСИТЕТА
Акция в поддержку национальной идеи «Мәңгілік Ел» прошла в
спортивно-культурном комплексе «Жайық» где более двухтысячи моло-
дежи города поддержали инициативу Главы Государства. В числе по-
четных гостей форума был аким области Бактыкожа Измухамбетов,
заместитель председателя Союза писателей РК Маралтай Райымбек. В
доске «Пожелания стране» аким региона Б.Измухамбетов оставил свое
пожелание: «Мәңгілік Ел - мечта наших предков и будущее нашей стра-
ны».
В учебно-телерадио центре университета был организован мастер-
класс с ветеранами журналистики - Почетным журналистом РК Т.Жау-
ровым, членом Союза журналистов Казахстана Т.Жанабай и У.Алимге-
реевым. Гости поделились со своими опытами, рассказали о различиях
информационного, аналитического и художественного жанра, о пробле-
мах современной журналистики.
«Капли краски» - с таким названием была организована выставка
молодого дизайнера университета, лаурета областного и республикан-
ского фестиваля Гауһар Мирхановой. Были выставлены работы жанра
батик, ювилерные украшения, модные одежды, рисунки художника.
Студенты ІІ курса специальности 5В060100-математика Фариза
Кенжебаева и Бауыржан Суйеугалиев (научный руководитель: преподо-
ватель-магистр Айгул Ташиева) приняли участие во ІІ туре предметной
олимпиады среди студентов высших заведений, которой проводился в
Казахском национальном университете им.Аль-Фараби. По итогам
олимпиады Ф.Кенжебаева заняла почетное второе место Б.Суйеугали-
ев получил сертификат.
Продолжением праздничных мероприятии, проведенных накануне
Наурыз мейрамы в университете организована выставка националь-
ных блюд и рукодельных работ. На выставке всеми факультетами и
отделами университета были представлены разные национальные из-
делия.
ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ
ЕЛБАСЫ СЕНІМІН АҚТАЙМЫЗ
МЫ – ЕДИНАЯ СЕМЬЯ
БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ
КЕМЕЛ БАҒДАРЫ
3
ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАР
Қазіргі күні университеттің «Био-
технология»
ғылыми-зерттеу
орталығы Ресей жаратылыста-
ну академиясымен тығыз байла-
ныста жұмыс жасап отыр. Осы
академияның жоғары импакт-фак-
торлы журналдарында ғылыми
мақалаларымыз шығуда. РЖА-да
әртүрлі ұлт ғалымдары өз ғылыми
жұмыстарын ортаға салады, елдің
түкпір-түкпірінде халықаралық кон-
ференциялар өткізіп, оқулықтар
мен оқу құралдарына конкурстар
жарияланады. Сол конкурсқа “Био-
технология негіздері” оқу құралы
мен “Микробиология силосования
кормов” атты монография жіберді,
сертификатқа және дипломға ие
болдық.
Ұлттық шұбат және «Соф-
майя» сусынын дайындау техно-
логиясын жасақтау және енгізуге,
сапалы балық шұжығын жаңа
технологиямен
дайындаудың
микробиологиялық негізі, оны
жасақтауға байланысты атты екі
жобаға жетекшілік еттім, үшінші
жеңіп алынған жоба мал сүрлемін
дайындауда микроорганизмдердің
жаңа штамдарын қолдану техно-
логиясын жасақтауға байланы-
сты болды. Бұл жобаға магистр
А.Дүйсекенова жетекшілік жасады.
Соңғы екі жылда ҚР Білім және
ғылым министрлігінің жариялаған
конкурсына қатысып, ғылыми
жоба ұсындық. Осы жоба бойынша
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің атына
инновациялық патент берілді.
Көптеген мектеп оқушылары
біздің «Биотехнология» ғылыми-
зерттеу орталығында бірлесіп
ғылыми зерттеу жұмысын орын-
дап, түрлі конкурстарға қатысып,
жүлделі орындарға ие болды.
Мәселен: «Дарын» мектебінің
7-сынып оқушысы А.Кабитова
республикалық «Шапағат» конкур-
сына «Түйе сүтінен «Нежность»
сусынын дайындау технологиясы»
бойынша қатысып жүлделі орынға
ие болса, орталықпен бірлесіп
жасаған ғылыми жобасы бойын-
ша Жайнар Қитанова 11-сыныпта
ғылыми конкурстан жүлделі орын
алып Астанадағы медициналық
университеттің студенті атанды.
Қазіргі уақытта қабілеті бар
жастардың оқуына, білім алула-
рына, ғылыммен айналысула-
рына университетімізде барлық
мүмкіндіктер бар. “Биотехнология”
ғылыми зерттеу орталығы мек-
теп оқушыларымен бірге, Атырау
мұнай және газ институтының Азық-
түлік өнімдерінің технологиясы
мамандығының 3 курс студенттері
(Ұлболсын Мұратбай және Мөлдір
Русланова) де өздерінің тағам тех-
нологиясынан ғылыми жұмыстары
бойынша кеңес алып, Алматы
технологиялық университетінде
өткізілетін конкурсқа ғылыми
жұмыстарымен қатысты.
Өскелең ұрпақтың келешегі және
ғылым мен білімнің болашағына
жете көңіл бөлу қажет екендігі
сөзсіз.