Қосымша
«Сандарды бағандап қосу және азайту» тақырыбы бойынша жазылған сабақ үлгісі:
Сабақтың мақсаты : Қосу және азайту амалдарын баған түрінде орындаудың үлгісін көрсетіп беру, амалдар алгоритмдерінің кезеңдері және орындалатын іс-әрекеттерге яғни алгортмге машықтандыру , екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептер ; кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру .
Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларды білімділікке , сауаттылыққа, тапқырлыққа баулу .
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды халықтық педагогика негізінде сүйіспеншілікке , ұқыптылыққа , тиянақтылыққа , адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Оқулық , мақал «Ынтымақсыз іс бітпес» , «Тездет, бірақ қателеспе» ойын, «Кім жылдам» ойыны, «Бәйге» ойыны, жұмбақ есеп , математикалық диктант, үнтаспа , теледидар , жаңа сабақтың түсіндірмесі жазылған плакат , шұжық , қазының суреттері, геометриялық фигуралардың суреттері , жылжымалы тақта, есептің шарты жазылған плакат, шығармашылық есеп жазылған плакат .
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, есептеу.
Пәнаралық байланыс : Ән сабағы , ана тілі , сурет пәндерімен байланыстырыла өтіледі .
Сабақтың түрі : Ойын сабақ.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын еске түсіру .
-Саламатсыздар ма, балалар?
-Қазір кезекті математика сабағы.
-Сабаққа дайынбыз ба?
-Қане, бәріміз түзу отырып, зейінімізді тақтаға аударып , мына мақалды оқиық «Ынтымақсыз іс бітпес» , Қалай түсінесіңдер?
-Яғни «Ынтымақсыз іс бітпес» мақалын басшылыққа ала отырып , оқулықта берілген тапсыраларды және менің сендерге алып келген тапсырмаларымды татуласа , достаса , бірлесе , бір – бірімізге көмектесе
отырып орындаймыз .
-Өткен сабақта не оқып , не үйрендіңдер ? (жауап)
-Қазір біз «Тездет , бірақ қателеспе» ойынын ойнаймыз .
-«Кім жылдам?» ойыны, бұл ойынның шартымен сендердің математикадан білім-біліктеріңді байқау үшін тест жұмысын алып келдім . Соны қателеспей , тез , жылдам 2 минутта орындау керек .
-Сонымен балалар , екі таңбалы сандарды қалай қосамыз , қалай азайтамыз?
Достарыңызбен бөлісу: |