7-тапсырма. Мысалдардың ішінен метафора, метонимия, синекдоха болатын сөздерді бөліп жазыңыз Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болар (м.).
Тасада өскен балапан қарағайлар мен шоғыр бұталар да анық көрінеді (Т.Ахтанов).
Алтын дән аялаған кең алқапта, жер кемесі - комбайн гүрілдейді («Айтыс»).
Алды-артында қара жоқ, Бұл кедей бізден көп пе еді («Қамбар батыр»).
Асылымнан қалған жалғыз тұяқ деп, Асылбек деп атыңды өзім қойып ем (Б.Майлин).
Енді барлық көз Байжанға қадалды (Ғ.Мүсірепов).
Әуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық (мақал»).
Елді аралап жүргенде, Қаюм «Манасты» алпыс күн айтқанын естиді (Ә.Марғұлан).
метафора
метонимия
синекдоха
Манасты
Ақ жаулық
8-тапсырма. Өлең шумақтарынан тұлғалық ерекшеліктері бар, мағыналары бірдей сөз варианттарын табыңыз. 1. Бір жол сия, дәру деп езгіш көрдім,
Қиялменен жер, көкті кезгіш көрдім.
Қарғысын - дозақ, алғысын-жұмақ қылып,
Көзінен көз айырса безгіш көрдім.
(С. Торайғыров)
2. Жау болып бірін-бірі күнде шапқан,
Жасы, қарты бәрі де бәле баққан.
Соқырға жан -тәнімен басын ұрып,
Көздісін көмір қылып отқа жаққан.
(С. Торайғыров)
3. Кейінгі жас балалар оқып көрер,
Кейде жылап, кей кезде сақ-сақ күлер.
Кім адам, кім айуандық жасағанын
Кімнің дос, кімнің қасып анық білер.
(С. Торайғыров)