3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары


Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын



бет10/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж ставкалары.

Нотариаттықіс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-аққұжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін бергені үшін мемлекетгік баж мынадай мөлшерлерде алынады /11/:

1) қалалықжерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

егер тараптардың бірі заңцы тұлға болса — 1000 процент;

құны З айлықесептік көрсеткішке дейін:

балаларына, жұбайына, ата-анасына туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне —100 процент,

басқа адамдарға —300 процент,

құны 30 айлықесептік көрсеткіштен жоғары:

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне — 500 процент;

басқа адамдарға — 700 процент; егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалықтұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;

2) ауылдықжерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болса — 100 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне — 50 процент; басқа адамдарға — 70 процент;

3) автомотокөлік құралдарын иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:

егер тараптардың бірі заңды тұлға болса — 700 процент;

балаларына, жұбайына, ата-анасына; туған аға-інілері, апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне — 200 процент; басқа адамдарға — 500 процент;

4) жалға беру, қарыз (ипотекалықтұрғын үй заемын қоспағанда), кепіл ақы, лизинг, мердігерлік, неке келісім-шарттары, ортақменшіктегі мүлік бөлісі, мұрагерлік мүлікті бөлу, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін — 500 лроцент;

4-1) ипотекалықтүрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшін — 200 процент;

5) өсиет хаттарды куәландырғаны үшін — 100 процент;

6) мұрагерлікке құқықтуралы куәлікті беру үшін — берілген әр куәлікке 100 процент;

7) ерлі-зайыптылардың ортақмүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақменшік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың меншік құқығы туралы куәлікгі беру үшін — 100 процент;

8) мүлікті пайдалану мен иелену құқығы туралы сенімхаттарды куәландырғаны үшін — бО процент;

9) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін —100 процент;

10) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін:—200 процент;

11) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшін: жеке тұлғаларға —10 процент;

заңды тұлғаларға — 50 процент;

12) мұраға қалдырылған мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін — 100 процент;

13) теңіздік наразылықбілдіргені үшін — 50 процент;

14) құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің растығын куәландырғаны үшін (әр бетіне):

жеке тұлғаларға — 5 процент; заңцы тұлғаларға — 10 процент;

15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай—аққұжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әр құжат үшін);

жеке тұлғаларға — 3 процент; заңцы тұлғаларға —10 процент;

16) жеке және заңцы тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға етініштерін бергені үшін — 20 процент;

17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін — 20 процент;

18) дубликаттарды бергені үшін — 100 процент;

19) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшін (әр қужат үшін):

жеке түлғаларға — 10 процент; ,.

заңды түлғаларға — 50 процент;

20) жылжымайтын мүліктің кепіл шарттарын, ипотекалықтұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалықкуәліктерді куәландырғаны үшін — 200 процент; өзге де кепіл шарттарын куәландырғаны үшін — 700 процент;

21) вексель наразылығын жасағаны үшін және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін — 50 процент;

22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшін — әр айға 10 процент;

23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін — 50 процент;

24) қазақстан Республикасының өзгеде заң актілерінде көзделген басқа нотариаттықәрекеттерді жасағаны үшін — 20 процент.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет