3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
курсовая основная каз

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………........66 б.


Кіріспе
Дипломдық жұмыс азаматтық іс жүргізудегі “Сот шығындары: ұғымы, құрамы” атты актуальды тақырыптардың біріне арналған.

Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтыққатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтыққатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

ҚР азаматтықіс жүргізу заңдары соттардың Азаматтықіс жүргізу Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдыққатынастарды реттейді.

Азаматтық істер қаралып, содан соң сот шешімін орындалуы кезінде сот шығындары пайда болады.

Сот шығындары мемлекеттік бажбен іс жүргізуге байланысты шығындардан турады.

Дипломдық жұмыстың 1 тарауында ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары, азаматтықсот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері, ведомстволықбағыныстылықжәне соттылықтуралы айтылған.

ІІ тарауда сот шығындары: мемлекеттік баж туралы жалпы ережелер, ставкалары, төлеуден босату, төлеу мен қайтару тәртібі, іс жүргізуге байланысты шығындар түрлері қаралған.

Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері ҚР Салық Кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік баж—уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем /1/.

Төлеушілер:

Заңдықмәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру женінде мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Баж алу объектілері

1. Мыналардан:

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялықшағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақсоттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

2) нотариаттықіс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақнотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

3) азаматтықхал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақазаматтарға азаматтықхал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтықхал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;

4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқықберетін құжаттарды рәсімдегені үшін, сондай-ақосы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;

5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;

7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;

8) аңшылыққұқығына рұқсат бергені үшін;.

9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;


      1. қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;

      2. азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды және аэрозольдық газды құрылғыларды қоспағанда) тіркегені және қайта тіркегені үшін;

12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралықшартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

13) жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады /2/.

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға теленуге тиісті сомалар;

2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;

4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;

8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;

9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

10) сот қажет деп таныған өзгө де шығындар жатады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – азаматтық іс жүргізудегі сот шығындар туралы толықмағлумат беріп, атқаратын рөлін, маңызын көрсетуге бағытталған.

“Сот шығындары” атты тақырып азаматтықіс жүргізуде және жалпы заңтану саласында теориялықжәне практикалық жағынан маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет