3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары


ІІ-тарау. Сот шығындары: ұғымы, құрамы



бет8/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
ІІ-тарау. Сот шығындары: ұғымы, құрамы

Сот шығындары мемлекеттік бажбен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.


2.1.Мемлекеттік баж. Жалпы ережелер

Мемлекеттік баж—уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдықмәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Төлеушілер:

Заңдықмәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Баж алу объектілері

1. Мыналардан:

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялықшағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақсоттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

2) нотариаттықіс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақнотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

3) азаматтықхал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақазаматтарға азаматтықхал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтықхал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;

4) шетелге баруға және қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқықберетін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақосы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;

5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына қазақстан Республикасынан кету және қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;

6) қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;

7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;

8) аңшылыққұқығына рұқсат бергені үшін;.

9) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;

10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және қазақстан Республикасынан әкетуге рүқсат бергені үшін;

11) азаматтыққаруды (аңшылықсуыққаруды, пневматикалыққаруды және аэрозольдықгазды құрылғыларды.қоспағанда) тіркегені және қайта тіркегені үшін;

12) қазақстан Республикасы бекіткен халықаралықшартқа сәйкес қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

13) жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады.

2. Мемлекеттік баждың тіркелген проценттік ставкалары, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, қазақстан Республикасының заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлықесептік керсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет