3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары


Мемлекеттік баждың ставкалары



бет9/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
курсовая основная каз

2.1.1. Мемлекеттік баждың ставкалары:

Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары

1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялықшағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялықшағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақсоттың құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін мынадай мелшерде мемлекеттік баж алынады /10/

1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшін — талап қою сомасының 1 проценті; заңцы тұлғалар үшін — талап қою сомасының 3 проценті;

2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан — 30 процент;

3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың қүқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан — 500 процент;

4) салықтексеруі актілері бойынша хабарламаларға дауласу туралы талап арыздардан:

жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтары үшін — есептелген салықпен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың О,1 проценті;

заңды тұлғалар үшін — есептелген салықпен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (өсімпұлдарды қоса) сомасының және хабарламада көрсетілген айыппұлдардың 1 проценті;

5) некені бұзу туралы талап арыздардан — 30 процент.

Неке бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайларда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай белгіленеді;

6) белгіленген тәртіппен хабар ошарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталган адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерткені немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан — 50 процент;

8) ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) — 50 процент;

9) сот шешіміне жасалған апелляциялықшағымдардан — мүліктік емес сипаттағы талап арызды берген кездегі алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен — 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша — арыз беруші дауға салып отырған сома негізге алына отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;

9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1 -тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;

10) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сондай-ақшетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін — 500 процент;

11)сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттың өзгеде қаулыларынан көшірмелерді (дубликаттарды), сондай-ақіске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың етініші бойынша соттар берген істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайталап бергені үшін - әрбір құжат үшін 10 процент және, одан басқа, әрбір дайындалған бет үшін З процент;

12) заңцы тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.

2. Мүліктік сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар қоса көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет