2. Жауап беру құқығы
Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін өзіне қатысты мәліметтер жарияланған азаматтың немесе заңды тұлғаның сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар.
Бұқаралық ақпарат құралы жауапты жариялаудан, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылған жағдайда, бас тартуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |