3. Ар-намыс қадыр-қасиетті қорғау жөнінде талап-арыз
Азаматтық Кодекстің 143-бабына сәйкес, азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
Талап арыз қоюға төмендегіше шарттар қажет:
Мәліметтер, ақпарат таратылып кеткен болуы керек,
Олар азаматтың ар-намысы, қадір-қасиетіне, ұйымның, компанияның беделіне нұқсан келтіруі тиіс,
Олар шындыққа жанаспайды.
«Масқаралайтын мәліметтер» деген нені білдіреді?
Масқаралайтын мәліметтер дегеніміз шындыққа сай келмейтін, азаматтың немесе ұйымның ар-намысы мен қадір-қасиетін заңды сақтау, қоғамның моральді принциптері тұрғысынан алғанда қоғамдық пікір немесе басқа азаматтардың алдында төмендететін мәліметтер (мысалы, еңбек ұжымы, отбасы алдында дұрыс емес әрекет, лайық емес тәртібі туралы мәліметтер; өндірістік-шаруашылық қызметін масқаралайтын мәліметтер және т.б.). Өз кезегінде, жұмыс барысындағы, қоғамдық орындағы, ұжымдағы, тұрмыстағы кемшілік туралы мәліметтер шындыққа сай келетін болса, мәліметтерді жоққа шығару жөніндегі талап негізсіз болып саналады.
Журналист шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан мына жағдайларда босатылады:
егер ақпарат ресми хабарларда қамтылса (мысалы, мем- лекеттік органның баспасөз релизі);
бұқаралық ақпарат құралының сұрау салуына берілген жауапта қамтылса;
таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған
немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса. Егер адам, азамат жиында, митингте немесе өзге көпшілік шарада сөз сөйлеген болса, журналист оның айтқанын материалда пайдаланды делік, ал оның ақпараты шындыққа сай келмесе, журналист оның айтқанына жауап бермейді. Алайда, журналист оның сөзін сақтап алу керек және жариялағанда төл сөз ретінде рәсімдеу керек;
егер ақпарат алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде қамтылса. («Эфирге алдын ала жазылып алынбай шығарылатын» деген сөзге назар аударыңыз);
егер шындыққа сай емес ақпаратты өзге ақпарат құралы таратса, сіз оған сілтеме жасасаңыз, алайда алғашқы
таратқан БАҚ уәкілетті органда, демек, ҚР Ақпарат және қо- ғамдық даму министрлігінде есепке қойылған болса. Бұл ретте сіз Қазақстанда БАҚ ретінде есепке қойылмаған шетелдік БАҚ-қа немесе желілік басылым ретінде есепке қо- йылмаған сайттарға сілтеме жасай алмайсыз дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |