3 дәріс Тақырыбы: Диффамация. Дәрістің жоспары



бет6/8
Дата15.03.2022
өлшемі24,35 Kb.
#28030
1   2   3   4   5   6   7   8
Моральды залал өтемақысы

Жеке мүліктік емес құқықтары бұзылған жеке тұлғаның моральдық шығын өндіруге құқығы бар.

Моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің немесе олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет.

Талап арызда талапкер оның жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтары бұзылған жайтты растайтын жағдайды көрсетіп және дәлелдемелерді ұсыну керек. Оларды қорғау қажеттілігі, сонымен бірге, оның пікірінше келтірілген моральдық шығынды өтейтін өтемақы сомасын көрсету керек.

Моральдық шығын ақша түрінде өтеледі. Бұл ретте өтемақы сомасын сот саналылық пен әділдік критерилері бойынша анықтайды.

4.Жала жабу

«Жала жабу» түсінігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде (73-3-бап) қарастырылған және басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көпе-көрiнеу жалған мәлiметтер тарату дегенді білдіреді.



  • Жеке тұлғаға 160 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға 550 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын не- месе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –

  • жеке тұлғаға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер –

  • жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Жала жабудың ерекше құрамдары да бар – ҚР ҚК 411-бабы: «Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу».

Iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу үшін екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, сот сарап- тамасының жүргiзілуіне не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге

де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет үшін екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан жала жабу үшін төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет