Жәбірленушінің теріс бағасы шындыққа сай келе ме немесе жоқ па, маңызды емес.
Істерді қарау кезінде соттар лингвистикалық сараптама тағайындайды және әдепсіз түрде кемсіту бойынша сарапшы қорытындысына сүйенеді, немесе бұл мәселені сот өз бетімен шешеді.
Шарттар:
Қорлау көпшілік алдында, жәбірленушінің өзіне немесе ол жоқ кезде үшінші адамдар арқылы айтылуы мүмкін.
Қорлау нақты бір адамға немесе нақты адамдарға қатысты жасалуы керек (мысалы, ешкімді қорламай, қоғамдық орында балағат сөз айту бұзақылық болып сараланады).
Жала жабуға қарағанда қорлау кезінде жәбірленушіге берілген теріс баға шынайы болады, яғни, жеке адамды бағалау дұрыс, алайда өрескел кемсіту түрінде болуы мүмкін.
Қорлау тек ауызша немесе жазбаша түрде емес, адам-
ның намысын таптайтын іс-әрекет түрінде де болуы мүмкін (беттен ұру, түкіру, мұрын немесе құлақтан түрту және т.б.). Алайда, іс-әрекет арқылы қорлау даулы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда кінәлінің ниетін детальдап анықтау керек, ниет жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендетуге бағытталу керек.
Қорлау үшін жауапкершілік: 100 АЕК көлемінде айыппұл немесе түзету жұмыстары, немесе жүз жиырма сағат мерзімге дейін қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру.
Көпшілік алдында немесе БАҚ немесе телекоммуникация желі- лерін пайдалану арқылы қорлауға 200 АЕК көлемінде айыппұл немесе сөл мөлшерде түзету жұмыстары, немесе жүз жиырма сағат мерзімге дейін қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру жазасы қарастырылған.