3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру


Допқа ие болудың техникасы



бет6/14
Дата07.01.2022
өлшемі37,57 Kb.
#17942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
гандбол

Допқа ие болудың техникасы Допқа ие болудың техникасы тосудан, беруден, допты жүргізуден және лақтырудан тұрады. Допты тосу екі немесе бір қолмен орындалады. Ойында тосуды әр түрлі жағдайда, әр түрлі жылдамдықта және биіктікте орындауға тура келеді. Допты арасы ашық саусақтардың ұшымен тосады. Допты алақанымен қысып және қолдарын бүгіп, ойыншы оған ие болады. Бір қолмен тосу ӛте сирек қолданылады. Ойында бұл тәсіл сенімсіз және кӛбінше жаттықтыруда қолданылады. Допты беру екі қолмен және бір қолмен орындалады. Бұл берудің ұзындығына және қарсыласына байланысты. Допты беру жиі бір қолмен орындалады. Оның түрлері қолдың басымен, бүгілген және тік қолмен доп беру болып табылады. Жақын қашықтыққа допты беру қолдың сермеуінсіз қысқа қолдың қимылымен орындалады. Ойыншы допты екі қолымен белдің тұсында ұстап тұр. Ол оны жанына немесе қолдың астынан беруі мүмкін. Қолдың басымен доп берудің маңыздылығы кездейсоқ және жылдамдылық болып табылады. Допты берер алдында ешқандай дайындалу қимылы орындалмайды. Ара қашықтық ұзарғанда бүгілген қолмен доп беруді орындайды. Қолды тӛмен және артқа айналдырған қимылмен әкетіп, допты орта қашықтыққа береді. Айналдыру шынтақ буынымен орындалады. Ұзақ қашықтыққа тік қолмен доп беруді орындайды. Қимылды денені бұрумен және тік қолды артқа-тӛмен әкетумен бастайды. Допты беру иықпен қолдың қимылымен жалғасып, қолдың басының қимылымен аяқталады. Допты жүргізу аз қолданылады, негізінде қарсыластың қақпасына дейінгі қашықтықты жылдам ӛту үшін жылдам алға ұмтылу кезінде қолданылады. Бұл жағдайда жоғары секірген допты жылдам жүргізу қолданылады. Допты ойнатқан (розыгрыш) кезде допты жерге бір ұрып үш қадаммен байданыстыру қолданылады. Допты жүргізу допты алаңға бір қолмен итеріп жүрумен орындалады, доп қолмен тӛмен қоса қимылдайды және секіргеннен кейін тӛменгі нүктеде қарсы алады. Қимылға қол аяқты бүгумен байланыста қатысады. Лақтыру бүгулі немесе тік қолмен әр түрлі бастапқы қалыптан орындалады: жоғарыдан, жанынан, тӛменнен, бастың артынан. Лақтыру түрлері: тірелген қалыптан, секіріп, құлап және еңкейіп.

Тірелген қалыптан лақтыру. Орнында тұрып немесе қимылда допты алып ойыншы қолын доппен тӛмен және артқа әкетеді, бір мезгілде сол аяқпен қадам жасап сілтеуді орындайды. Лақтыру денені бұрудан және бүгуден басталады, қолдың қимылымен аяқталады. Қолдың аяқтаушы қимылы допқа лақтыру бағытын береді. Лақтыратын қолдың иығы дененің бұрылғанына қарай алға бұрылады. Секіріп лақтыру. Ойыншы қимылда лақтыратын қолдың иығын және допты артқа әкетеді. Жоғары итеріліп ойыншы лақтыруды орындайды. Барлық дайындалу қимылы жүгіру кезінде орындалады, секіргенде тек лақтыру қимылы орындалады. Жерге түсу итерілетін аяққа келеді. Еңкейіп және құлап лақтыру. Қорғаушыдан босау үшін, шабуылшы еңкейіп және құлап лақтыруды орындайды. Қорғушыдан кетіп және одан осы қимылдар арқылы оза отырып еңкейіп және құлап лақтыруды орындайды. Қорғаушыдан кету алға және жанына қарай орындалады. Шабуылшы алға қимылдау арқылы қорғаушыдан озып, құлап лақтыруды орындайды. Лақтырудың алдында доп екі қолда болады, сілтеп лақтыру тірелмеген қалыпта орындалады. Лақтырудан кейін екі қолымен жерге түседі немесе лақтырған қолдың иығымен аунап түседі. Бұл лақтыру әдетте 6 метрлік сызықта қақпашы алаңына түсумен орындалады. Жанына еңкею аяқпен оңға қадам жасау арқылы (оңға кету үшін) немесе оң аяқтың алдына сол аяқты айқастырып (солға еңкею үшін) орындалады. Дене еденге параллель еңкейеді, қолды құлаған жанына қарай әкету керек. Қимыл санды және денені айналдырумен басталады. Лақтыру құлаумен немесе иықпен айналып түсумен аяқталады. Қақпашы алаңының үстінен лақтыру. Қақпадан секірген допты немесе қақпа алаңына доп берілгеннен кейін лақтыру тірелмеген қалыпта екі немесе бір қолмен орындалады. Екі қолмен лақтыру ойыншы допты секіргенде тосып алғаннан кейін орындалды. Допты бір қолға тосып алғаннан кейін алуға болады және лақтыруды қолдың қысқа қимылымен орындайды. Егер допты тосуға мүмкіндік болмаса, онда допты екі қолмен итеріп қақпаға бағыттауға болады. Егер допты ӛңдеуге уақыт аз болса немесе лақтыру қорғаушының қарсылығымен орындалса, онда лақтыру бір қолдың итеруімен орындалады. Лақтырудан кейін ойыншы қақпашының алаңына түседі. Барлық лақтырулар және олардың түрлерін допты алаңға ұрып орындауға болады, бұл қақапашыға доптың ұшу бағытын анықтау кезінде қиындық тудырады. Жеті метрлік айып добын лақтыруды орындағанда тірелген аяқты доп қолдан шыққанша еденнен алмау керек. Лақтырудың техникасы денені айналдырумен және қолды белсенді сілтеумен ерекшеленеді, олар доптың ұшуына қажетті жылдамдық береді. Аяқтаушы қимыл лақтыруға керекті бағыт береді. Лақтыруды допты алаңға ұрып орындауға болады.

Әрекеттердің байланысы (үйлесімі) және финттер (алдау). Шабуылшы ойында тәсілдерді әр түрлі байланыста орындайды, оларды алаңдату әрекеттерімен кезектестіре отырып орындайды. Қорғаушыны алаңдату

әрекеттерімен тепе-теңдіктен шығарып, шабуылшы қорғаушыдан босап, негізгі тәсілдерді қарсылықсыз орындайды. Әр финт (алдау) сенетіндей етіп орындалуы керек. Орнынан үш қадам, допты жүргізу және одан кейінгі үш қадамның үйлесімі жеке кӛптеген ойын міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Егер әрекеттер финттермен (алдау) бірге орындалатын болса, әрекеттердің үйлесімі неғұрлым табысты болады. Финттер допты беруге, кетуге және лақтыруға арнап орындалады. Олар әр түрлі үйлесімде орындалуы мүмкін және осы әрекеттердің біреуімен аяқталады. Мысалы, допты беруге финт орындап, ойыншы жанына қарай допты алып кетуі мүмкін, басқа жанына қарай доп беруі немесе үш қадамнан кейін доп беруі мүмкін. Осы финттер мен әрекеттер лақтырумен аяқталуы мүмкін. Қолдағы доптың бастапқы қалпы және ойыншының тұрысы осы әрекеттерді жасауға ыңғайлы болуы керек. Доп беруге арналған финт (алдау) орнынан немесе қимылда орындалады. Оң қолмен доп беру финтін орындап, ойыншы допты сол қолына ауыстырады. Ол басқа жанына доп беруіне болады немесе қорғаушыдан допты денесімен жауып кетіп қалуына болады. Лақтыруға арналған финт қимылда орындалады. Ойыншы лақтыруға қолын сілтеп, одан кейін кенет қимылдың бағытын ӛзгертеді, допты алып жүріп қорғаушыдан кетуге болады. Әрекет лақтырумен немесе допты берумен аяқталады. Лақтыруға қолды сілтегеннен кейін ойыншы допты басқа қолына ауыстыра алады және допты денесімен жауып қимылдың бағытын ӛзгерте алады. Ӛтуге арналған финт орнынан немесе қимылда орындалады, бұл финт ӛтумен, допты берумен немесе лақтырумен аяқталуы мүмкін. Ӛтер алдында доп екі қолда белдің тұсында болады. Оң жақтан ӛту кезінде қимыл сол аяқтан басталады, доп оң қолдан жерге түседі. Сол жақтан ӛткенде қимыл оң аяқтан басталады. Финттерді денемен, баспен орындауға болады. Финттерді орындау кезінде негізгі болып, оның сенімділігі (сендірерлігі) саналады, ол негізгі қимылдың ырғағының сақталуына және аяқталуына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет