3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


Тапсырма: Сіздің сыныбыңыздағы мінсіз оқушыға қандай қасиеттер тəн екендігі туралы жазыңыз. ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: МАЗАСЫЗ АЛЬМА



бет6/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
mugalmn-mnsz-mugalm-turaly-kalyptaskan-ustanymdaryn-zertteu

Тапсырма: Сіздің сыныбыңыздағы мінсіз оқушыға қандай қасиеттер тəн екендігі
туралы жазыңыз.


ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: МАЗАСЫЗ АЛЬМА

Альма көптеген пəндерден оқу үлгерімі орташа 12 жастағы оқушы, бірақ жаратылыстану ғылымынан үлгерімі нашар. Ол орындаған тест тапсырмаларының көбі жауапсыз қалады. Кейде дұрыс жауаптары жазылады, бірақ ол кейін оларды өшіріп тастайды. Альма кейде жаратылыстану пəні бойынша сабаққа қатысудың орнына бас ауруын, іш ауруын немесе қандай да болмасын басқа ауруларды сылтауратып, мектептегі дəрігерде отырады. Ал сабақ аяқталғаннан кейін ол табан астынан жазылып кетеді.


Бірінші тоқсанның бастапқы бірнеше аптасы ішінде жаратылыстану ғылымының мұғалімі сыныпта талқылау үдерісіне қатыстырғысы келіп жəне сабақта өткен тақырыпты түсінгенін бағалау үшін оған жиі-жиі сұрақ қойып тұрады. Бірақ, əдетте ол қатысудан бас тартатын, мұғалім сұрақ барлығының көзінше қойылғанда Альманың ыңғайсызданатынын сезіп, оны сыныптағы пікірталасқа қатыстыруға тырысқан жоқ.
Сонымен қатар, оның сыныптағы оқу үлгеріміне қарағанда, Альманың үйге алатын тапсырмалары əдетте аяғына дейін жəне де негізінен дұрыс орындалатын. Бұл ретте мұғалім Альманың ата-анасымен əңгімелесіп, ол үй жұмысын өзі орындайтынын білді. Альманың үй тапсырмаларына қарап, оның тырысса жауап бере алатындығын көріп, мұғалім оның сыныптағы мінез-құлқы туралы ойланып қалды.
Ол өзіне сенімсіздігінің салдарынан сұраққа қате жауап беруден гөрі, жауап беруден мүлде бас тартқан тыныш деп ойлайды. Оған сабақта ойын жинақтау қиын, себебі қате жауап беріп қаламын ба деп алаңдайды. Өзінің тестіге жақсы дайындалғанына қарамастан, тест берілгенде Альма үрейленеді; ол кеше ғана жап-жақсы біліп тұрған қарапайым əдістерді есіне түсіре алмай қиналады. Мұғалім оған сынып алдында сұрақ қойғанда, ол басқа оқушылар оған сынап қарайды деп ойлады, сондықтан бұл оның ойын жинақтауға кедергі келтіреді.

ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ӨТЕ САҚ САЛЛИ

Мұғалімдер Салли үнемі өте жоғары бағаға оқи алады деп сенеді, ол дарынды əрі талантты оқушылардың ресми тізіміне енген. Əдетте Салли – тəртіпті, сенімді жəне жоғары ынталы мінсіз оқушы. Бір алып қарағанда оқуға ынтасы жағынан онда еш проблема жоқ сияқты.


Алайда оқудағы жоғары қабілетіне қарамастан, ол тек жақсы баға мен мұғалімнің оған құрметпен қарауын ғана күтетін сияқты. Ол "B+" деген бағаны өте ұят деп санайды. Мұқият көңіл қоятын болсақ, Саллидің мінсіз жетістіктеріне қарап, бүкіл оқу курсы оған еш қиындық тудырмағанын көруге болады.
Салли əрбір бақылау тапсырмасын мұқият орындайды. Ол мұғаліміне қатты көңіл бөледі, тест тапсырмасында қандай материал негізгі болатынын дəл табатын керемет қабілетке ие. Салли əрбір тест бойынша өте көп дайындалады, мəтінді бірнеше рет қарайды жəне сұрап қалуы мүмкін-ау деген əрбір фактіні еске сақтайды. Ол мектепте талап етілмейтін тапсырманы сирек оқиды.
Салли мазасыз, бірақ оның мазасыздығы өзінің ақыл-ой сұранысының шегінен шықпайды. Мұғалімдер оған жетістікке жетуге үнемі қолдау көрсетіп отырады, сондықтан _________оқуға қатысты өзіне сенімді сияқты болып көрінеді. Сыныптастары арасында беделді, əлеуметтік тұрғыдан белсенді. Өкінішке орай, Салли алдына қойған міндеттерді орындай алмайтын оқиға туындауы мүмкін. Ол өзінің оқу үдерісінде үнемі қауіпсіз жол таңдайды. Сабақта өзіне қажеттіні ғана оқиды, жəне де бұл кейін қалай бағаланатынын ескере отырып оқиды. Оқудың жақсы баға алу мен көпшілікке танымал болуға арналған құрал болумен қатар, кейбір ішкі мəні бар екені туралы ой мүлдем басына кірмейді. Өзіне берілген басшылық нұсқаулар мен құрылым шегінде əдістемелік тұрғыдан жұмыс істей отырып, ол шығармашылық таныту үшін еш күш салмайды.
Салли кəсіптік бағдарлау жөніндегі кеңесшінің қосымша оқу жұмысына қатысу туралы ақылын тыңдамайды. Оған оқу дағдысында өзіне деген сенімділік жетіспейді жəне жеңіліске ұшырамауы үшін тəуекел етпеуді дұрыс көреді. Сыныбында көрсететін сенімділігі шын мəнінде елес қана. Көп оқуды қажет етпейтін мұқият таңдалған курста үлгеруі үшін «жеткілікті деңгейде ақылды» екенін біледі, бірақ күрделі тапсырмаларды орындайтынына аса сенімді емес. Ол ешқашан тексермегендіктен өз біліктілігінің нақты шекарасын білмейді. Салли білімі мен қиялын дамытпайды. Салли үшін оқу дегеніміз тек мектепте орындалатын нəрсе ғана. Ол үшін оқу ішкі мəнге ие емес, тек құрал ғана сияқты. “A” деген баға береді, бірақ ешқандай қуаныш не толқу əкелмейді. Оқу дегеніміз – өз қабілетіңді дамытпайтын, біреудің идеясын есте сақтау ғана. Саллидің шығармашылық ойлау əлеуеті ешқашан анықталмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет