3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: РИЗА БОЛҒАН СЭМ



бет8/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
mugalmn-mnsz-mugalm-turaly-kalyptaskan-ustanymdaryn-zertteu

ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: РИЗА БОЛҒАН СЭМ

11-сыныптың оқушысы өмірге риза Сэмді сыныптың күлдіргіші деп санайды. Ол алғашқылардың бірі болып мектепке келеді жəне сабақ біткен соң үйге қайтпай, ұзақ уақыт бойы мектеп ауласында өзінің сыныптастарымен бірге жүріп, ойына келгенін істейді. Оған мектеп ұнайтын сияқты, ол құрдастарының арасында əйгілі, тек кейде ғана өз қылықтарының салдарынан қиындық көріп жатады.


Сэм – сүйкімді оқушы, бірақ көптеген мұғалімдердің көңілін қалдырады. Ол негізінен «C+/B-» бағаларын алады, бірақ ол еш қиналмастан «A» бағасын да алар еді. Қабілетті анықтауға арналған стандартталған тестілер бойынша оның алған балдары көптеген сыныптастарына қарағанда айтарлықтай жоғары балға қол жеткізуге қабілетті екенін үнемі көрсетеді, бірақ ол өзінің шынайы қабілеттерін сирек көрсетеді. Ол сабаққа шын мəнінде бар зейінін аударатын сирек күндері Сэм күрделі сұраққа жауап бере алатын сыныптағы жалғыз оқушы болып шығады. Оның əлеуетін сондай-ақ өзіне қызықты жобамен шұғылданғанда айқын көруге болады.
Негізінен, Сэм мектеп жұмысына аса қызығушылық танытпайды. Ол аздаған күш жұмсап алатын бағаға қанағаттанатын болғандықтан, нашар баға алудың ешқандай қаупі жоқ. Ол əдетте өз жұмысын аяқтайды, бірақ көбірек жұмыс істеуге ешқашан тырыспайды. Ол сабақта барынша назар аудара отырып-ақ көптеген тестілерден өтуге болатынын білетіндіктен, тестілерге ешқашан дайындалмауды дағдыға айналдырған. Сэм ақылды екенін біледі, бірақ таң қалдыруға ұмтылмайды. Ол өзінің оқудағы артықшылықтарын көрсету арқылы құрдастары арасында құрметке жетуге қызықпайды жəне өз мұғалімдерінің сыйлауына қол жеткізуге мүлде ұмтылмайды. Ол проблемалардан, кем дегенде, белгілі бір уақыт бойы алыс болуға ынталы.
Демек, ол мұғалімдерден өзін алыс ұстау үшін не қажет болса, соны істеуге дайын.
Сэм үйінде ойлануды талап ететін компьютерлік ойындарды сағаттап ойнайды. Сондай-ақ Сэм ғылымға қызығады. Ол ғарыш жөніндегі өзі таба алған барлық кітаптарды оқып шыққан жəне əдетте, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламасының бөлігі болып табылмайтын тақырыптар бойынша дамыған түсінікті білдіретін өз түсініктерімен физика мұғалімін жиі таң қалдырады. Ал сабақта жаратылыстану пəндері бойынша қарастырылатын тақырыптар бойынша орындаған жұмысы барлық қалған пəндер сияқты кəдімгі жұмыс болып табылады – ол қолайсыздыққа ұшырамау үшін не жасау қажет болса, соның нақ өзін жасайды.
Оның тағы бір үлкен сүйікті ісі – ғылыми-фантастикалық романдарды оқу, ол тіпті бірнеше қысқа əңгіме жазған. Өз ойын жазбаша баяндауға бейімі болуына қарамастан, бұл оның мектептегі бақылау жұмыстарынан көрініс таппайды.
Сэмнің мұғалімдері оның мектепте жоғары деңгейге қол жеткізе алатынын біледі.
Негізінде əр мұғалім стратегияның бір ғана түрін сынап көреді. Оның бақылау тапсырмаларын орындағанда жартылай күш салатынын байқай отырып, мұғалімдер оның барынша жоғары баға алуы үшін өзінің мектептегі жұмысына шамалы уақыт бөлуі үшін жағдай жасайды. Бірақ Сэмге бұл стратегия ықпал етпейді, себебі Сэм үшін жақсы бағаның басқа балаларға сияқты құны жоқ, ол төмен бағаны жаза деп санамайды.
Сэм мектеп жұмысында алға басу үшін ешқандай себеп көрмейді. Оған зияткерлік тапсырмалар ұнайды, бірақ барлығы емес, өзі осындай деп санайтын тапсырмалар ғана. Егер оның қызығушылықтары сабақ талаптарымен үйлесіп жатса, ол өзін үздік оқушы ретінде танытады. Негізінен, Сэмнің зияткерлік белсенділігі сыныптан тыс жағдайларда байқалады, ал сыныптағы белсенділігі төмен. Сэм сияқты оқушыларды барлық оқыту сатыларында кездестіруге болады. Олар ата-аналардың да, мұғалімдердің де көңілдерін қалдырады. Өз мұғалімдерін шын мəнінде оқи алмайтынына сендіретін Ханнаға қарама-қарсы Сэмнің мұғалімдері оның артық қабілеттерінің барын біледі. Бірақ ынталандыруға арналған қарапайым стратегиялар Сэм сияқты оқушыларға келгенде тиімсіз болып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет