3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: ДƏРМЕНСІЗ ХАННА



бет14/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: ДƏРМЕНСІЗ ХАННА


Неліктен Ханна өзін осылай ұстайды?
Бұл тапсырма Дэйвпен болған жағдай сияқты, оқушының білім алуда жұмсайтын күшін арттыру жөніндегі тапсырма емес, бұл жерде айтарлықтай күрделі тапсырма болып табылатын, ынталандыру ___________мəселесінің шешімін табу қажет. Дэйв қабілетті болып көрінуге тырысудан толық бас тартпаған болса, Ханна өзінің қабілетінің төмендігіне нық сенімді жəне ол сəтсіздікке ұшыраудан қашып құтыла алмайды. Ол өзінің жеңілгенін мойындап отыр.
Ханна сияқты көптеген балалар оқуда сыныптағы өз жолдастарынан айтарлықтай артта қалған жəне көп жағдайларда олар өздерінің қауымынан тыс қалады. Кейбір оқушылар осындай жағдайда болғанымен, əдеттегідей оқуын жалғастыра беруі мүмкін, дегенмен олар одан да жақсы жұмыс істей алар еді; ал өздерінің жеңілгенін толық мойындаған Ханна сияқты оқушылар сыныпта үнемі нашар жұмыс істейді.
Мұғалім Ханнаға көмектесу үшін не істей алады?
Ханнамен жеке жұмыс істеу керек, ал оқушылар саны жиырма бестен отыз беске дейін жететін сыныпта бұл оңай шаруа емес. Оқытудағы шығармашылық тəсілдер осындай оқушыларға көмектесе алады.
Тапсырмалар Ханнаның деңгейі үшін сəйкес келетіндей болып, мұқият əзірленуге тиіс. Ханнаның өзіне деген сенімін қайтаруға тиіс болғандықтан, бастапқыда өте қарапайым материал алуға болады, оны орындағанда Ханнаның өзінің тапсырманы жақсы орындай алатындығына сенімі арта түседі. Тапсырманы біртіндеп қиындату керек, себебі кезекті сəтсіздіктен Ханнаның беті тез қайтып қалуы мүмкін.
Осы сияқты оқушылармен күнделікті 1 немесе 2 жеке сабақ өткізуге болады, бұл жағдайдағы қолдан келетіннің барлығы осы екені шындық. Демек, Ханнаның мұғалімі де сыныптағы сабақ кезінде Ханнаны тарту тəсілдерін ойлап табуға тиіс, ал бұл əрекет мұғалімнен бұдан да көп күш жұмсауды қажет етеді. Оған сондай-ақ оқушының əлеуметтік беделін көтеріп, оның тапсырмаларды орындай алатындығына сенімін арттыру үшін, мұғалім оған қандай да бір жауапты тапсырма жүктей алады. Коэн жəне Лотан əзірлеген стратегияға сəйкес, оқушының əйтеуір бір жағынан жақсы екенін табып, осыны көпшілікке көрсету керек, сондай-ақ бұндай оқушының мəртебесін көтеру үшін оны Ханнаның өз көзінше, сондай-ақ оның сыныптастарының көзінше бір саладағы сарапшының орнына қойып көру қажет, бұл əсіресе пайдалы болуы мүмкін.
Алайда, егер Ханна өз оқуындағы шынайы жақсаруларды көрмейтін болса, мұндай тəсіл тиімсіз болады. Ханна сияқты оқушыға көмектесудің озық тəсілі оның өз деңгейін жақсартуға үйренуін жəне басқа оқушылар сияқты, өз қабілеттерін ынталандыруға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет