3-МОДУЛЬ. ЭМОЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ДӘРІС: ТҰЛҒА ДАМУЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Эмоциялық интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция – энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек.
Эмоция (фр.
emotion, лат.
enoveo —толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (
ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (
ұнамсыз эмоция) байланысты.
Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үштігін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллектпен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Сол кезеңнен бері адам эмоциясы мәселесі – аса өзекті тақырып.
Бірқатар ғалым эмоция әлемін зерттеуге бел буған. 1870 жылы Чарльз Дарвин сыртқы көрініс арқылы адам эмоциясын зерттеуге талпыныс жасады.
1920 жылы америкалық психолог Эдвард Торндайк алғаш рет әлеуметтік ақыл-ой ұғымын ғылымға енгізді. Ол мұны «Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынаста ақылға қонымды әрекет ету қабілеті» деп түсіндірді.1983 жылы Говард Гарднер интеллектіні ішкі және тұлғааралық деп бөліп, интеллект теориясын ұсынды. Дегенмен Гоулман еңбегі бәрінен асып түсті. Ұғымды көпшілікке кеңінен танытып, өзінше әрекет етуге үйретті.
Осындайда ақыл-ой интеллектісінің IQ не үшін керек деген сұрақ тууы мүмкін. IQ – ақыл-ой қабілетінің объективті көрсеткіші. Интеллект коэффициенті адамның мектептегі, жұмыстағы деңгейін анықтайды. Ал эмоциялық интеллект ұжымда жұмыс істеу қабілетіне және әріптестерінің көңіл күйіне әсер етеді. IQ-ге қарағанда EQ-ді реттеу мен көтеру оңай.
Мысалы, жұмыс берушілер жоғары ақыл-ой қабілетін бағалайды. Бірақ 1- орынға қоймайды. IQ көрсеткіші жоғары адамға көппен тіл табысу қиын болуы мүмкін.
Сондықтан көптеген ірі компаниялар эмоциялық интеллектісі бар жұмысшыны қалайды. Өзін-өзі ұстай білу және өзара әрекеттесудің сауатты үлгісін құру адамдармен тікелей қатынасуға байланысты қызмет салаларында аса маңызды болып жатады.