Сұраныс және ұсыныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.
Мысалы:
1) күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2) әр уақытта да тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы: сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген дағдайда ғана алады.
3) сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.
Сұраныс және ұсыныс - микроэкономикадағы нарықтың бағасын белгілейтін экономикалық үлгі. Ол бойынша,бәсекелестік нарықта тауар өлшемінің бағасы бір нақты тауар үшін немесе өзге де сауда элементтеріне( мысалы жұмыс немесе қаржы активтер сияқты) сұраным мөлшері мен (ағымдағы бағамен) ұсыныс мөлшері(ағымдағы бағамен) тең болғанша өзгереді.Бұл нәтижесінде баға және транзакция санының экономикалық тепе-теңдігіне жеткізеді.
Бәсеке және монополия
Бәсеке — нарықтық шаруашылық субъектiлерi арасындағы қосымша табыс алу үшiн жақсы өндiрiс факторларын иелену және тауарларды өткiзу мүдделерiне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәмiл бәсекеге көпшiлiк фирмалар бiр тектi өнiм өндiрiп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену жене шығу шектелмеген.Әр фирма саланың жалпы өнiм көлемiнiң азғантай бөлiгiн шығарады. Мұндай жағдайда бiрде-бiр фирма өнiм бағасына әсер ететiндей нарытың бөлiгiне ие емес.
Жетiлдiрiлмеген бәсеке белгiлi бiр монополиялық билiгiмен ерекшеленедi. Оның пайда болуына салаға ену кезiнде заңды және табиғи тосқауылдар әсер етеді.