Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;
Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;
Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ, бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;
Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макро пропорциялар белгіленеді; Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін — өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциялданады.
Нарықтың инфрақұрылымы дегеніміз – нарықтағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қаматамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы. Нарықтың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі – жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі – көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік есептеу негізі банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.
Нарық инфрақұрылымының негізгі элементтері – жәрмеңке, биржа, аукцион.
Жәрмеңке – белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған нарық. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен симпозиум, конгресс семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Аукцион – нарықта сирек кездесетін өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату басты мақсат болып табылады.
Мәжбүрлі аукцион – қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион – тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.
Биржа – сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған нарық. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.