№3 практикалық сабағы Тақырып: Адамның эмбриологиясы. Прогенез. Эмбриогенездің бастапқы сатылары


Эмбрионның дамуы 280 тәулікке созылады



бет2/8
Дата15.10.2022
өлшемі9,67 Mb.
#43222
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
19.09.22 №3 ПС Эмбр (3)

Эмбрионның дамуы 280 тәулікке созылады.

Адамның эмбриогенезі келесі сатылардан тұрады:

1) Ұрықтану (ЗИГОТАның пайда болуы);

2)Бөлшектену (БЛАСТУЛАНЫҢ дамуы)

3) Гаструляция − ЭМБРИОНДЫҚ ЖАПЫРАҚТАРДЫҢ дифференцировкасы

4) Гистогенез ж/е органогенезТІНДЕР және АҒЗАЛАР бастамаларының пайда болуы

5) Системогенез – ағзалар ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ қалыптасуы

Аталық жыныс жасушалар

Дамуы. Эмбриогенездің 3-ші аптасында сарыуыз қапшықтың қабырғасында мезенхимді жасушалардан біріншілік жыныс жасушалары − гаметобластар пайда болады, ал олар эмбриогенездің 22-ші апталарынан бастап аталық жыныс дін жасушаларына − сперматогонийлерге айналады.


Сурет. Гонадалардың эмбриогенезде дамуы. 1-сарыуыз қапшықтың эпителийі. 2 –мезенхима, 3 –тамырлар, 4 –біріншілік бүйрек (мезонефрос), 5 –гонаданың бастамасы (зачаток), 6 –біріншілік жыныс жас-ры (гонобластар), 7 –беткейлі эпителий.

Жыныс жүйесі пісіп жетілгенде сперматогенез (аталық жыныс жасушалардың дамуы) басталады. Иірімді ұрық өзекшелерде жүріп тұрады. Сперматозоидтердің даму ұзақтылығы 72 күн. Сперматогенез төрт сатыдан тұрады: 1 сатысы− көбею, 2 сатысы− өсу, 3 сатысы − пісіп жетілу 4 сатысы − қалыптасу. 1. Көбею сатысы. Сперматогенездің алғашқы фазасына сперматогонийлердің көбеюі жатады. Сперматогонийлер екі түріне бөлінеді: 1) А типті дін сперматогонийлер (ұзақ өмір сүретін резервті дін жасушалары ж/е жартылай бағанды жасушалар); 2) А типті ж/е В типті дифференциация барысындағы сперматогонийлер.

Профаза 5 кезеңнен құралған. 1-лептотена; 2- зиготена; 3- пахитена; 4- диплотена; 5-диакинез. Сперматогенездің өсу сатысының соңында 1-ші ретті сперматоциттің ядросында 23 тетрада түзіледі.


2. Өсу сатысы. Сперматогонийлер 1-ші ретті сперматоциттерге дифференциацияланады. Алдымен І-ші ретті сперматоциттер мейоз жолының бірінші бөлінуіне өтеді. Ол профазадан басталады. Профазаның алдында (интерфазаның синтез кезеңінде) ДНК екеселенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет