Құрылысы. Диаметрі 130-200 мкм. Жұмыртқа жасушаны 2 қабықша қоршап тұрады: жылтыр (гликопротеиндер, гиалурон қышқылы), тосқауыл функциясын атқарады және фолликулярлы, қоректік және қорғаныштық функцияларды атқарады.
Ядросында 23 хромосома болады (1 жыныс (Х) + 22 аутосомалар).
Құрылысының ерекшеліктері. Цитоплазмасында тЭТ, рибосомалар ж/е Гольджи аппараты жақсы дамыған. Цитоплазманың шеткі аймағында кортикалды гранулалар орналасады. Жасуша орталығы болмайды
Эмбриогенездің бастапқы кезеңдері (ұрықтану ж/е бөлшектену сатылары )
Ұрықтану.
Ұрықтану сатысы 3 фазадан тұрады:
1 фаза − дистанттық өзараәрекеттесу;
2 фаза − акросомалдық реакция;
3 фаза − кортикалдық реакция.
Ұрықтану сатысы 1 тәуліктің ішінде жүреді. Ұрықтанудын нәтижесінде біржасушалы эмбрион − ЗИГОТА пайда болады (зиготаның ядросында 46 хромосомалардың диплоидті жиынтығы қалпына келеді).
Бөлшектену - зиготаның митоз жолымен бөлінуі ж/е бластомерлердің пайда болуы.
30 сағаттан кейін зигота 2 бластомерлерге бөлінеді. Бөлшектену барысында бластомерлердің 2 түрі пайда болады:
көлемі ірі күнгірт түсті;
көлемі майда ақшыл түсті.
3-ші тәулікке қарай эмбрион
8-12 бластомерлерге бөлінеді.
Ақшыл бластомерлер күнгірт
бластомерлерді қоршап орналасады.
Бөлшектену барысында эмбрион түзіледі, алғашқы кезде жасушалардың тығыз жинағы ретінде – морула, содан кейін, бөлшектену сатысының соңында морула бластоцистаға айналады.