Лекция № 3 Тақырыбы Өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу. Жоспар 1.Өлшеудің қателегі. Жүйелі, кездейсоқ қателер. 2.Серияның орталық нүктесі 3. Анализ нәтижелерінің дұрыстығы, қайталанғыштығы. Орташа ауытқу, стандартты ауытқу 4.Қалыпты таралу қисығы. Қалыпты таралу қисығын қолдану. 5. Анализ дұрыстығы:сенімділік шекарасы. Q-тест. 1. Аналитикалық анықтауларда әрқашанда қателік болады. Нәтиженің қатесін бағалау талдаудың маңызды бөлігі, ал қателік – оның маңызды сипаттамасы. Осыған байланысты талдаудың негізгі әдістерін қарастырғанда олардың метрологиялық сипаттамалары да еңгізледі.
Өлшеудің абсолютті қателегі деп өлшеу нәтижесінің шынаы мәннен ауытқуын айтады Өлшеудің қателегі тең:
∆хι = хι - μ,
где ∆хι - өлшеудің абсолютті қатесі; хι- анализ нәтижесі; μ - сынамадағы компоненттің шынайы мөлшері. Абсолютті қате анықталатын мәнмен бірдей өлшемге ие.
Салыстырмалы өлшеу қателігі деп абсолютті қателіктің (хι -) анықталатын шаманың шын мәніне μ қатынасын айтады. Пайыздық қатынасты алу үшін осы өрнекті 100% -ға көбейту қажет: ∆хι100 %/μ = ( хι - μ) 100% /μ
Талдау қателеріжүйелі және кездейсоқ болып жіктеледі.
Жүйелік қате деп қайта өлшегенде тұрақты немесе заңдылықпен өзгеретін өлшеу қатесін айтады. Жүйелік қателіктердің себептері талдау әдісіндегі кемшіліктер, құрылғының дұрыс жұмыс істемеуі немесе аналит иктің қатесі болуы мүмкін. Қатенің бұл түрін болдырмаудың жалғыз жолы - қатенің көзін анықтап, оны жою.
Кездейсоқ қате деп қайта өлшегенде кездейсоқ өзгеретін қатені айтады. Кездейсоқ қателерді түзету мүмкін емес, өйткені әр физикалық өлшуде дәлсіздікке жол беріледі. Мысалы, ең талдаулы аналитиктің өзі 50 мл.-лік бюретканы қолдана отырып, ерітіндінің көлемін кем дегенде 0,01-0,0,2 мл қателікпен өлшейді. Кездейсоқ қателер оң және теріс болуы мүмкін. Сондықтан, есептеулерде бірнеше параллельді анықтаулардың орташа мәнін қолдану ұсынылады.Нәтижелер сериясын алғаннан кейін анализдің дұрыстығын бағалау үшін ең жақсы мәнді таңдап, оны μ- шын мәнімен салыстыру керек.