3-ші Дәріс – Тақырыбы: Топырақтың гранулометрлік және минералогиялық құрамы. Дәрістің мақсаты



бет1/6
Дата26.12.2023
өлшемі78 Kb.
#143438
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-Дәріс


3-ші Дәріс – Тақырыбы: Топырақтың гранулометрлік және минералогиялық құрамы.


Дәрістің мақсаты: Топырақ және топырақ түзуші тау жыныстарының гранулометрлік (механикалық) пен минералогиялық құрамдарына түсінік беріп жіктеуін көрсету.
Түйіді сөздері: топырақтың қатты фазасы, фракциялар, гранулометрлік құрамы, топырақ қаңқасы, ұнтақ, құм, шаң, тозаң, коллоидтар, физикалық құм, физикалық балшық, құмдақ, құмбалшық, балшық.
Негізгі сұрақтары: Топырақтың фазалық құрамы. Топырақтың қатты фазасының құрамы. Фракциялар бойынша элементарлық топырақ бөлшектерін жіктеу. Топырақтың және топырақ түзуші жыныстардың гранулометрлік құрамын Н.А.Качинский бойынша жіктеу. Топырақтың және топырақ түзуші жыныстардың минералдық құрамы. Топырақтың біріншілік және екіншілік минералдары. Қарапайым тұздардың, гидрототықтардың және тотықтардың минералдары. Топырақтың жеке фракцияларының минералдық құрамы. Топырақ түзілуде және топырақтың құнарлылығында екіншілік минералдардың рөлі.
Мазмұны

Топырақтың фазалық құрамы: Топырақ - күрделі дене, ол бірнеше фазалардан тұрады: қатты фаза (минералдық және органикалық), сұйық фазасы (топырақ ерітіндісі), газды фазасы (топырақ ауасы) және тірі фазасы (топырақтағы тірі организмдер). Бұл фазалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.


Сонымен бірге топырақ ашық жылжымалы жүйе, өйткені ол биосфераның басқа жүйелерімен үздіксіз қарым-қатынаста болып тұрады.
Топырақтың табиғи дене ретіндегі ерекшелігі - ол өте күрделі зат құрамдары және негізгі көрсеткіштерінің өзгерулерінің заңдылықтары бар болуы. Сонымен қатар ерекше, тек топыраққа қана тән органикалық заттары (қарашірінді), химиялық элементтерінің әр түрлі құрамдарының болуы.
Топырақтың қатты фазасы топырақтың табиғи көлемінің 50-60%-ын алады. Қатты фаза құрамына топырақтың минералды және органикалық бөліктері жатады, ал минералды бөлік топырақтың қатты фазасының негізін құрайды. Топырақтардың құнарлы қара шіріндісіне (гумусқа) бай беткі қабатының үлесіне бүкіл қатты фазаның 90-95%-ы, төменгі қабатына 99% және одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың минералды құрамы негізінен топырақ түзуші жыныстардың минералдық құрамын сақтайды.
Топырақтың сұйық фазасы – бұл топырақтағы ылғал, топырақ ерітіндісі. Топырақтағы құрамы және көлемі бойынша оның өте жылжымалы бөлігі. Сұйық фазаны – топырақ денесінің «қаны» деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік және көлденең жылжуы нәтижесінде топырақ пішінінде қабаттар бөлінеді.
Топырақтың газды фазасы – топырақтағы судан бос кеуектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы ауадан өзгеше болады.
Топырақтың тірі фазасы – бұл топырақты мекендейтін және топырақ түзу процесіне қатысатын тірі организмдер.
Табиғатта топырақтар осы барлық фазаларының бірлігі арқылы бір физикалық дене сияқты қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет