3-ші Дәріс – Тақырыбы: Топырақтың гранулометрлік және минералогиялық құрамы. Дәрістің мақсаты



бет3/6
Дата26.12.2023
өлшемі78 Kb.
#143438
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Екінші минералдардың түзілуі: Сонымен жоғарғы сипатталған алғашқы минералдардың көп жылдар бойы әрі қарай үгілулерінің нәтижесінде майда ұнтақталған, яғни екінші минералдар пайда болады. Алғашқы минералдарды үгуші агенттер: су, оттегі, көмір қышқылы, әр түрлі органикалық қосылыстар. Олардың минералдарға әсерлері негізінен төменгі құбылыстар арқылы жүзеге асады.
Гидротациялану (сулану) - сусыз минералға су молекуласының қосылуы. Бұл құбылыс тотықты алғашқы минералдардың сумен қосылып, үгілудің нәтижесінде екінші минералдарға айналады. Мысалы:
гетит - Fe2O3+H2O=2FeO(OH)
гидрогетит - 2FeO(OH)+H2O=Fe2O(OH)2
лимонит - Fe2(OH)2+nH2O=2Fe(OH)3 nH2O
Тотығу: Үгілу кезінде алғашқы минералдар ішіндегі тотықпаған минералдар тотығады. Ондай минерал жоғарыда сипатталған темір сульфиді.
2FeS2+7O2+2H2O=2FeSO4-H2SO4 одан әрі FeSO4+O2-H2O=Fe(OH)3-H2SO4, одан әрі H2SO4+CaAl22O8+4H2O=H2Al2SіO82H2O+CaSO4-2H2O,
яғни бөлінген күкірт қышқылы алғашқы минералмен реакцияға түсіп, ондағы негіздің орнына сутегі ионы барып, екінші минерал - каолин балшығын түзеді. Күкірт қышқылы басқа силикаттармен реакцияларға араласқанда тағы да басқа екінші минералдар, күкірт қышқылы тұздары түзіледі. Ол жағдайлар одан ары реакцияларға жол ашады.
Ыдырау немесе гидролиз: Силикаттардың ыдырауы ондағы негізгі иондардың сутегі ионымен алмасуы арқылы жүзеге асады. Сутегі ионының көзі есебінде суда еріген көмірқышқылы мен органикалық қышқылдардың иондары атқарады.
Ыдырау құбылыстары және ыдыраған заттардан екінші минералдардың синтезделуі көптеген балшықты минералдардың түзілуіне әкеледі. Балшықты минералдардың ұнтақтығы соншалық, олардың диаметрлері микро мм және одан да ұсақ бөлшектерімен өлшенеді. Олардың ұнтақтығы балшықты минералдарға коллоидтық қасиет береді. Олар көбінесе теріс зарядты болады да, катиондарды жұтып алу қасиетіне ие болады. Коллоидтар сияқты ерітіндіге немесе тұнбаға айналады. Олардың кейбіреулері ылғалданғанда ісінеді. Ол минералдар қабатты силикаттар тобына (екі, үш, төрт қабатты) SіO2:Al2O3 қатынасы 2-5 арасында. Олардың барлығы суланған.
SіO2:Al2O3 екіге тең болғанда екі қабатты минерал түзіледі, олардың қатарларына каолинит Al44O10(OH)8 және галлуазит Al44O10(OH)8 4H2O жатады. Каолинит слюдалар дала шпаттары үгіліп K, Na, Ca, Mg, аздап SіO2 шайылған кезде пайда болады. Ол берік минерал, сондықтан негіздері аз қабаттарда мол кездеседі.
Үшқабатты минералдарда калий, магний, кальций және гидроксиния (Н3О) иондары кездеседі. Қаңқалы құрылымдарда кремнийдің бір бөлігі алюминиймен, ал алюминийдің бір бөлігі - темірмен, магниймен алмастырылған. Сондықтан
SіO2:Al2O3 арақатынастары өзгеріп тұрады. Бұл топырақтағы минералдарға гидрослюда, иллит, вермикулит, монтморилонит, бейделлиттер жатады. Алғашқы үш минерал қышқылы аз ортада, ал соңғы екеуі кальций мен магний мол сілтілі ортада түзіледі. Гидрослюда мен иллит - негізінен калийлі алюмосиликат, ал монтмориллонит - кальцийлі-магнийлі. Вермикулит пен хлорит (төрт қабатты силикат) мол магнийлі, біршама темірі бар. Олар әдетте мускавит пен биотиттің үгілуінен түзіледі.
Алғашқы силикаттардың суланып, екінші минералдарға көшкен кезінде біршама кремний босайды. Олардың біразы еріп, ағып кетеді де біразы күшті суланып, аморфты күйінде SіO2пH2O шөгеді. Кеуіп, біршама суын жоғалтқанда опалға, ал кристалданғанда халцедонға айналады. Кремний жетпеген жағдайда алюминий су тотығы таза күйінде кристалданып, Al2O3nНО боксит, Al(OH)3 гибсит немесе AlO(OH)3 бемитит түзеді. Бұлар - ылғалды субтропикті, тропикті аудандардың үгілген минералдары. Ал темір құрамды силикаттар үгілген кезде авгит, роговая обманка, оливин темірдің су тотығы босап, ол судан босап. кристалданған кезде бірте-бірте лимонитке, гидрогетитке, гетит пен екінші гематитке айналады. Бұл минералдар қызғылт сарыға боялған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет