3-ші Дәріс – Тақырыбы: Топырақтың гранулометрлік және минералогиялық құрамы. Дәрістің мақсаты



бет2/6
Дата26.12.2023
өлшемі78 Kb.
#143438
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Топырақтың минералдық құрамы: Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктері өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: алғашқы және екінші. Алғашқы - магматикалық және метаморфикалық аса қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі - жердің үгілу немесе топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көпжылдық үзіліссіз үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген минералдар. Көбінесе екі минералдар топтарының арақатынастары әр топырақтардың әр түрлі аймақтарда орналасуына және минералдардың үгілгіштігіне немесе үгілуге берілмейтін қасиеттеріне қарай әр түрлі болуымен байланысты. Әдетте, алғашқы минералдардың үлесі басым. Топырақ құрамдары неғұрлым ірірек, жеңілірек болса, соғұрлым оның құрамында тасы, құмы мол болады да, ал топырақ құрамы сазды, балшықты болған сайын алғашқы минералдар азайып, екінші минералдар көбейеді. Тіпті балшықты топырақтар түгелдей екінші минералдардан тұрады деуге болады. Ол жағдайға тағы әсер ететін жай - жыныстар мен топырақтарда созылған үгілудің ұзақтығы және үгу агенттерінің белсенділігі. Жылы, әрі ылғалды аймақтарда үгілу құбылыстары белсенді өтетіндіктен, ол өңірлерде негізінен екінші минералдар мол болады.
Алғашқы минералдар: Химиялық құрамы жағынан тау жыныстарындағы алғашқы минералдар - негізінен элементтердің оттегі қосылыстары, тотықтар мен силикаттар. Тотықтарға кварц SіO2, гепатит Fe2O3, магнетит Fe3O4, рутил TіO2 т.б., ал силикаттарға дала шпаттары, слюдалар, пироксендер, амфиболдар және оливиндер жатады. Кварц - ең кең тараған минерал. Жер астынан атқылаған, шөгінді, үйінді және топырақ құрамындағы тау жыныстарында ол 25-40% мөлшерде, ал кварцты құмдар мен құмтастарда 90%-дан астам мөлшерде болады. Кремний оттегі қосылысы бекем қаңқалы құрылым түзгендіктен, үгілу құбылыстарына да берік болады. Сондықтан олар топырақтардың элювиалды қабаттарында қалдықты минерал ретінде көп кездеседі. Топырақта гематит пен рутил не бары 0,5% -дай ғана.
Силикаттар - көп таралған минералдар тобы. Мұнда да кремний оттегі қосылыстары SіO4, берік төртбұрышты қаңқалы құрылым құрап, басқа иондар арқылы жалғасады.
Қаңқалы силикаттар тобына көп тараған дала шпаттар минералдары жатады. Олардың қаңқаларының ортасында кремний және алюминий иондары орналасқан. Ал төртбұрышты қаңқалар кальций, натрий және калий иондарымен жалғасқан. Дала шпаттары SіO2:Al2O3 қатынастары 5-6-ға тең болған жағдайда қышқылды, ал ол қатынас 2-3-ке азайған кезде негізді болып саналады. Қышқылды дала шпаттары құрамында калий мен натрий бар. Олардың қатарына кең тараған калийлі дала шпаты - ортаклаз немесе микроклин - K(AlSі3O8) және натрийлі дала шпаты - альбит - Na(AlSі3O8). Ал негізгі дала шпаты қатарына - анортит Ca(Al22O8) жатады.
Қышқылды дала шпаттары мен негізгі дала шпаттарының қосылыстарынан плагиоклаздар тобы құралады. Қышқылды дала шпаттары ашық, ал негізгі дала шпаттары күңгірт түсті келеді. Сонымен қатар қышқылды дала шпаттары үгілу құбылыстарына беріктігі күшті. Ең берігі калийлі дала шпаты - микроклин. Бос шөгінді жыныстар мен топырақтар құрамында әр түрлі үгілуге ұшырайтыны дала шпаттарының жартысына жуығы.
Силикаттар тобына слюдалар да жатады. Олар табиғатта күрделі кристалл-химиялық құрылымды болып кездеседі. Алюмосиликаттардың ерекшелігі - олардың құрамында калиймен қоса магний, темір иондары мен ОН ионының болуы. Калийлі слюда - мускавит K(AlSі3O10)-(OH)2 ақшыл, ал магнийлі-темірлі слюда - биотит K(MgFe)3.(AlSіO10).(OH)2 күңгірт түсті. Слюдалардың тау жыныстары мен топырақтағы үлесі - 4-5%.
Силикаттардың келесі тобын пироксендер мен амфиболдар түзейді. Олар негізінен күңгірт, жасыл түсті минералдар.
Пироксендерден көп тарағаны - авгит, ал амфиболдардан көп тараған минералдар - роговая обманка. Пироксендердің кристалл-химиялық формуласы: R2(Sі2O6), ал амфиболдардікі: R7(Sі4O11)(OH)2. Олардың топырақтағы жалпы мөлшері - 5-15%.
Силикаттарға жататын тағы бір кең тараған минерал оливин: (Mg, Fe)(SіO4). Олардың көлемі бос жыныстар мен топырақта 0,5-1%-дан аспайды.
Алғашқы жыныстар түзуші минералдар - фосфаттар. Олардан көп тарағаны - апатит - Ca5(ClF)(PO4)3. Бос жыныстар мен топырақтарда 0,3-0,5%- кездеседі. Апатит - фосфордың көзі, оған қоса мұнда хлор мен фтор да кездеседі.
Оттегінсіз, алғашқы минералдар қатарына сульфидтер жатады. Олардан көбірек тарағаны - темір сульфиді: FeS2 - пирит. Олар шашыраңқы түрде кездеседі, мөлшері 0,3-0,5% аспайды. Бұлардан басқа топырақта бос жыныстар мен кейбір алғашқы минералдар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет