3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


-тақырып. ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ. ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК



бет31/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

9-тақырып. ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ. ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕЛУІ


Жоспары:


  1. Тәрбиенің мақсаты.


  2. Жалпы адамзаттық құндылықтар –тәрбие мақсатының негізі.


  3. Тәрбиенің қағидалары.

Мақсат дегеніміз алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, оны іске асыруңа әрекет ету. Мақсат жас-ұрпақтың болашағын ойластырып, оларды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмысының нәтижесінде, жеке басына тән сапалық қасиеттерінің дамуына тәуелді.



Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып бөлінеді. Тәрбиенің жалпы мақсаты барлық азаматтарың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Тәрбиенің мақсатына обьекивті себептер ықпал етеді, олар: оның физиологиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы. Қоғамның мәдени деңгейі тірбие мақсатының жалпы бағытын анықтап, қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырадыды.
«Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде» тәрбиенін мақсаты: ата-анасын қадірлеп, қастерлейтін туған жерін, Отаны Қазақстанды сүйетін, қазақ тілін, мәдениетін, тарихын меңгерген және ардақтайтын, толерантты, халықтар достығын, ел бірлігін сақтайтын ана тілін және шетел тілдерін еркін меңгерген, сапалы білім алған құзіретті, дарынды, өзінің болашақ кәсіби мамандығын таңдай алатын азамат тәрбиелеу.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам адамның обьетивті даму заңдылықтарына сүйену керек.
Тәрбиенің обьектісі – тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы керек.
Тәрбиенін мақсаты- жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғарғы адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.
Осыған байланысты тәрбиеге қойылатын мақсаттары мындай:
-жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру;
-жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндеттерді шешуді алға қояды; дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалану тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәніне қабылдап, оларды пайдалан білуге даярлау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.
Тәрбие – педагогикалық үдерістің жетекші көмпоненті ретінде тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерін байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыстарын шешуді талап етеді.
Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара байланысы тәрбие үдерісінң мақсаттылығы нақты өмір талаюына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін береді. Оның тәрбиешілер өз қалауымен анықтай алмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның саяси – экономикалық, мәдени даму деңгейімен тығыз байланысты.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тәрбие дегеніміз тұлғаның алдына мақсат қою арқылы іске асатын іс-әрекеті. Іс-әрекет- тұлғаның қызығушылығы, сезім санасына, жауапкершілігі негізінде сыртқы ортамен әсерлесу арқылы даму үдерісі.
Тәрбие – біртұтас үдеріс, Тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру біріңғай жағдайда, бір уақытта іске асырылады. Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленіледі.
Тәрбие- ұзақ әрі күрделі үдеріс. Адам туып, есею барысында тәрбиенің ықпалында болады. Оның кейінгі уақытта өзін-өзі тәрбиелеу үдерісімен жетіледі. Тәрбиеге іштей және сырттац ықпал жасалады.
Тәрбие- көпжақты үдеріс. Мектеп оқушыларын тұлға етіп тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру оларды қоғамдық өмірге даярлау барлық қоғам азамтарының міндеті. Қоғамның тәрбиелік әрекетін біріңғай бағытта ұйымдастыратын мектептегі ұстаздар ұжымы мен отбасы.
Тәрбие көп факторлы, екі жақты және белсенді үдеріс. Тәрбие жеке тұлғаның қалыпасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушылық, орт және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қадыптасуына негізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұқым қуалаушылық пен адамға тәе қасиеттер: іс-әрекеттің кезкелген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуіне өзгеру үдерісі оның міне-құлқына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет