Байланысты: 3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org
Білім беру мазмұнындағы дүниетанымдық идеялар жүйесі. Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын негізінде танып білу оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Әр адамның дүниетанымдық көзқарасы ұзақ та күрделі зияттық қызмет нәтижесінде қалыптасады. Олар адамның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұят, намысын анықтайды. Сенім - көзқарастың ең жоғарғы күйі. Сенім білім сияқты обьективті шындықтың субьективті көрінісі, адамдардың ұжымдық тәжірібиесін меңгеруінің нәтижесі. Сенім жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Сенімге айналған білім мен биік мұрат дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналдырады.
Сенім жеке тұлғаның рухани құндылықтары мен бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілектері мен қажеттілігін, сезімі мен қылықтарын анықтап, біртұтастықты реттейді, яғни жүйелеушілік қызмет атқарады.
Сенім жеке тұлғаның іс-әрекетін, болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім - жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет - әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу – таным қуанышы мен ақиқат шындығы, сұлулыққа сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты зият сезімдермен байланысты.
Қажымас ерік-жігер - дүниетанымның маңызды құрамы. Сенім адамды әрекетке итермелейді. Ғылым дүниетаным теориялық санамен ғана шектеліп қоймай, тәжірібиеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді.
Дүниетанымның құрамды бөлігі ретінде теориялық ойлау – адамның білімді, болмыс құбылыстарын шығармашылықпен ұғынуы, дүниетанымды мейлінше жетілдіріп, ерік-жігерді, сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.
Биік мұрат өмірлік мақсат ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі саналады. Биік мұрат сананың құрамында сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Дүниетанымның тағы бір құрамдас бөлшегі - дүниетанымдық сенім, принциптері мен арман-мұратқа сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоциональды - жігерлі әзірлік.
Жеке тұлғаның құндылық бағдары тұлғаның адамгершілік саласында, мінез-құлық пен іс-әрекеттерінде, арман-мұраттары, жақсылық,әділеттілік,бақыт,өнегелік ұстанымдарында көрініс береді.
Құндылық бағыттар адам мәнез-құлқының ең маңызды қозғаушы күші болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттігін қанағаттандыруға, яғни қажетті обьектіні тануға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. Құндылық бағыттары субьектінің іс-әрекеттерінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адамның қажеттіліктері мен қоршаған ортаны байланыстырушы буын болып табылады. Құндылық – теориялық таным ретінде субьектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат – мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан тұратын қатынас. Сананың құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық өлшемдері негізіндегі көзқарас, дәлелді білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. Санадағы құндылық-обьективті шынайы заттық білім, шынайы, дұрыс ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.
Жеке тұлғаның құндылық бағыттары адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі. Ол жекелеген іс-қылықтар мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында, жеке тұлғаның бастапқы өнегелік ұстанымын іске асырады. Құндылық бағыттар тәрбиелік ықпалдардан тұратындықтан жеке тұлғаның интегралды көрсеткіші болады.