3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


-11. ДӘРІС. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі



бет33/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

10-11. ДӘРІС. Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі


Жоспары:


  1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.


  2. Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негізі.

Дүниетанымның қалыптасуы күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы теориялық және тәжірібиелік тұрғыдан маңызы орасан зор. Дүниетанымның қалыптасуы көп қырлы, күрделі үрдіс, сондықтан педагогикалық ұғымда бұл мәселеге түрлі көзқарастар бар.



Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамдардың алатын орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі,сонымен қатар, олардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным-адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының біріңғай жүйесі. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға - дүниетанымның субьектісі болып саналады.
Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным - адам санасында дүниенің, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсінуі, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық құндылықтарды меңгеру. Дүниетаным болмысты тану әдісі және адам әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмірлік ұстанымдары.
Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, адам ойының дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, болжам-ой, асиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық үдерістер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез келген адамның жетекші мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүнетаным негізіне тұлғаның дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білім жиынтығы жатады. Мысалы дүниетаным түрлі білімді меңгерумен бірге, күнделікті көзқарастарды да меңгеру барысында қалыптасады. Көзқарас үнемі білім ғылым жетістіктерімен, өмірлік мәселелерімен толығып жетіліп отырады.
Дүниетаным көп қырлы, өте күрделі психикалық құрылым. Оның ұйытқысы теориялық ойлау, жоғары зияттық, яғни интеллектік сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің қабілеттігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім, ерік, жігер, білім, өмірлік ұстанымдар жүйесінің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.
Дүниетанымдық қызметінің бірі - әлеуметтік аксиология: құрылымдық–құндылықтық, интерпрететаторлық және сындарлық болып бөлінеді.
Құрылымдық-құндылық қызметінің мазмұны: Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқты түсініктерді талдау. Сондай-ақ, оған әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады. Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат адамгершілікке негізделеді.
Жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір қызметі жалпы білімді, оның құбылыстарын тану мен бағалау және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктерін білдіреді. Жеке тұлғаның дүниетанымы: заттық-мазмұндық, психологиялық және эмоциональды-жігерлік категория.
Әлеуметтік орта-қоғамдық-экономикалық формация түріне, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі топтың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмысы мен кәсібіне тәуелді. Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демогрофиялық, географиялық және ұлттық қалпында өмір салтының белгілі бір түрін, ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратын әлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация-әлеуметтік орта-өмір салты-жеке тұлға-дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.
2. Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негізі.
Философияның түрлі бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымның бағалаудағы маңызы. Философия тәрізді дүниетанымның басқа формалары да бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның, басқа дүниетаным формаларынан айырмашылығы - оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Философияның категориялық ақпараты бар, өз дамуында барлық ғылымдар мен адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірібиесіне сүйенеді.
Философия мәні «дүние – адам» мәселесі туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді: бүтін дүние дәне адамның осы дүниеге қатысы; таным принциптерінің кешені, таным әрекетінің жалпы әдісі. Осыған орай, философияның дүниетанымдық және әдіснамалық басты екі қызметі анықталады.
Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік (адамгершілік) қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттіліке қатысты мінез-құлықтың жоғарғы деңгейдегі кқрінісі. Адамгершілік - адамдармен қарым–қатынаста пайда болатын ізгілік тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет