3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі



бет36/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

5 Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазіргі таңда мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігіне аса мән беріледі. Қазіргі қазақ қоғамының отбасындағы өмір салты бұрынғы дәстүрлі отбасындағы өмір салтынан өзгеше қалыптаса бастады. Әсіресе индустриалы қоғамға еніп, технологиялық дәуірге ауысқаннан кейін, отбасынның құрылымынан, отбасылық құндылықтарға деген көзқарас та өзгеріп бара жатыр.
Отбасында тәрбиеленіп келе жатқан ұрпақты ұлттық мұрат негізінде тәрбиелеу керектігі, бүгінгі маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да, отбасындағы ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін арттыру, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау мәселері өте маңызды.
Жастардың санасында отбасылық құндылықтарды орнықтыру отбасын құруға жауапкершілік қатынас қалыптастыру, отбасынан қолға алынуы қажет. Отбасында қалыптасатын іргелі құндылықтар мейлінше жас ұрпақ санасына сіңірілуі тиіс. Адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі - отбасы бақыты екені жас ұрпақ санасынан орын алуы тиіс. Қазақ қоғамы ұлт болашағы – мықты отбасынан бастау алады.
Тәрбие мәнінін, оның қоғамдық құбылыс екендігін төмендегідей негізгі белгілері сипаттайды:
-тәрбие өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өміріне іс-тәжірібиені игеруі арқылы өндіріс жағдайына бейімделуі, қатынасуы, аға ұрпақтың өндірісте орнын басуы, оларды алмастыру қажеттігінен туды;
-тәрбие мәңгілік, қажетті, жалпы, тарихи, таптық категория. Ол адамзат қоғамы пайда болысымен пайда болды, әрі қоғам өмір сүрген кездің бәрінде өмір сүре береді. Ол қажет, себебі қоғам өмір сүруінің қоғамдық сабақтастығының, әрі ұрпақтар жалғастығының қатынасын қалыптастырудың, адамды дамытудың құралы.
Тәрбие категориясы жалпы: онда қоғамдық құбылыстардың өзге де құбылыстармен заңды байланысы мен бір-біріне тәуелділігі көрінеді. Тәрбие адамды біртұтас оқыту мен білім беру негізінде әлеуметтендіруді қалыптастыруды қалыптастырады.
-тәрбие әрбір қоғамдық тарихи даму кезеңінде өзінің орны, мазмұны мен түрі жағынан нақты тарихи сипатта болады.
-жас ұрпақ тәрбиесі олардың әлеуметтік тәжірібиенің негізгі әрекеттерін игеруі арқылы жүзеге асады.
Мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінде тәрбиелік қатынастар - тәрбиеленуші мен тәрбиеші тұлғаның тұтас педагогикалық үдерістегі және отбасының өзара әрекеттерінің байланысы арқылы іске асады: ата-аналар комитеті, ата-аналар жиналысы, диспут, дөңгелек үстелдер, семинар, конференциялар т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет