3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет83/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
Өзгертілген дебаттар. Бұл дебат нысанының белгілі бір элементтерін пайдалану немесе ережелеріне бірз өзгерістер енгізілген дебат түрі. Сөйлеу регламентінің қысқаруы, командадағы ойыншылар санының көбеюі, аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар, тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы, ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы, оынның жүргізушісі мұғалім болады. Эссе- шығарма жанрының бір түрі. Эссе дегеніміз (фр.тіл essai-тәжірибе, лат.т.exgium- құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және т.б.саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез-келген тақырыптың еркін стильде жазылуы, оның ең негізгі көркемдігі болып табылды. Эссе- автордың жеке басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты.
Алайда шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жанрында жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс. Әдеби эссе - эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Эссенің әдеби тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады. Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет. Әдеби эссенің масаты, өзіндік жазылу ерекшеліктері бар. Мақсаты, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады. Мысалы, «М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды авторлың оқырманына жеткізу тәсілдерін талдап жаз». Әдеби эсседе автордың тосын және қатігез эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазады.
Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды. Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда, өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына, сондай-ақ өзінің өмірлік тәжірибесіне (жеке әсерлеріне, өзіндік ойларына, біліміне және т.б) сүйенуімен дәйектеуге болады. Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде білім алушы көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибесіне де (сезімі мен тақрыпқа қатысты ойларына және т.б) сүйену мен дәйектер келтіруі мүмкін. Мәдени өкілдерінің бірінің пікір білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де сондай-ақ басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.
Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша, көлемі 250-300 эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады. Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет. Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып, жазу қажет.
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;
- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дейектер жазылады. Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін. Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады): кіріспе; тезис, дәйектер; тезис, дәйектер, қорытынды. Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытынды да автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулері аса маңызды. Сонымен, қатар эсседе сленгі, шаблонды разаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуымен ерекшеленеді.Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет