3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде оқытудың инновациялық формалары



бет79/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   102
9.4. Педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде оқытудың инновациялық формалары. Оқу құралы оқу үдерісінде екі әдіспен енгізіледі. Бірінші жағдайда, мұғалім оларды сабақта «дайын қалыпта» мәдениет пен оқулықта суреттелген түрінде жан-жақты түсіндіреді. Екінші жағдайда, сабақта теориялық тапсырмаларды шешу барысында мұғалім оқушылармен бірлесіп тапсырма құрастырады, нақтылау мен қолдану алгоритімін өңдейді. Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде тәсілдерді нақты қолдануға баса назар аудару керек. Зерттеушілік тәсіл – оқу процесінің барлық кезеңдеріне ғылыми зерттеулердің жалпы және жеке әдістерін енгізуді (қабылдаудан практикада қолдануға дейін); - шығармашылық – ізденіс қызметтерін оқу және оқудан тыс уақытта ұйымдастыруды жобалайды.
Зерттеушілік тәсіл «мұғалім – білім алушы» өзара қарым-қатынасы сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай-ақ танымдық қызығушылығына тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң уәждеме құруға, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеушілік тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекет қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Саралап оқыту тәсілі. Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану- сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет